Samsung Rsg 5fumh Russian Version Manual
Have a look at the manual Samsung Rsg 5fumh Russian Version Manual online for free. It’s possible to download the document as PDF or print. UserManuals.tech offer 1705 Samsung manuals and user’s guides for free. Share the user manual or guide on Facebook, Twitter or Google+.
ҚАЗАҚША То ң а з ы т қ ы ш Пайдаланушы нұсқаулығы Мүмкіндіктеріңізді ұлғайтыңыз Samsung компаниясының өнімін сатып алғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Толық көлемді қызмет көрсетуге ие болу үшін бұйымыңызды http://www.samsung.com/register веб-желісіне тіркеңіз. Дара орнатылатын тұрмыстық құрал. Бұл нұсқаулық кітапша 100% қайта өңдеуден өткізуге болатын қағазға басылған. %) JOEC%) JOEC..
02_ Қауіпсіздік тexникacы бoйынша нұсқaулық Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне сәйкес қолданылады және осы өнімнің қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын және жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын азық-түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады. Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық код және/немесе әріп белгілері түріндегі қаптама материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ Тоңазытқышты пайдаланбас бұрын • алдымен берілген нұсқаулықты мұқият оқыңыз жəне оны келешекте пайдалану үшін сақтап қойыңыз. Төменде келтірілген нұсқаулықтар • бірнеше үлгілерге қатысты болғандықтан, сіздің тоңазытқышыңыздың сипаттамасы берілген нұсқаулықта жазылғаннан ерекшеленуі мүмкін. САҚТАНДЫРУ/ЕСКЕРТУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН БЕЛГІЛЕР НАЗАР АУДАРЫҢЫЗӨмірге қауіп төнгендігін немесе қатты жарақат алу қаупі бар екендігін білдіреді. САҚТАНДЫРУЖарақат алу қаупі немесе тоңазытқыштың бұзылу қаупі бар екендігін көрсетеді. ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАСҚА БЕЛГІЛЕР Жасауға БОЛМАЙТЫН əрекеттерді көрсетеді. Бір нəрсені бөлшектеуге ТЫЙЫМ САЛЫНҒАНДЫҒЫН көрсетеді. Бір нəрсеге тиюге ТЫЙЫМ САЛЫНҒАНДЫҒЫН көрсетеді. Мұқият сақтауға тиісті ережелерді көрсетеді. Желі шнурының айырын розеткадан суыру қажет екендігін көрсетеді. Тоқ соқпас үшін жермен байлныстыру қажет. Көрсетілген əрекетті Samsung компаниясының қызмет көрсету орталығының өкілі атқаруы тиіс. Бұл белгілер тоңазытқыш тұтынушылары мен басқа да тұлғаларды жарақат алудан алдын-ала сақтандыруға арналған. Қауіпсіздік техникасы бойынша осы Нұсқаулыққа сүйеніңіздер. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты оқығаннан кейін, оны келешекте пайдалану үшін қауіпсіз жерде сақтаңыз. ЕО талаптарына сəйкестігі туралы хабарламаӨнім Еуропа Одағының Ережелерімен (EC) No 643/2009 қадағаланатын Волті Кем Құрылғылар Нұсқауына (2006/95/EC), Үйлесімді Элетромагниттік Құрылғылар нұсқауына (2004/108/EC) және Эко- дизайн Нұсқауына (2009/125/EC) сәйкес жасақталған. Тоңазытқышты пайдаланбас бұрын ол дұрыс қойылуы • жəне берілген Нұсқаулыққа сəйкес орнатылуы тиіс. Берілген өнімді пайдалану бойынша Нұсқаулықта • сипатталған мақсаттарға сəйкес қолданыңыз. Барлық техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды • Samsung компаниясының өкілдері атқаруы тиіс. Бұл тоңазытқыштарда R600a жəне R143a хладагенті • қолданылуы мүмкін. Егер сіз тоңазытқышыңызда нақты қай хладагент қолданылатындығын білгіңіз келсе тоңазытқыштың артындағы компрессордың төлқұжаттық кестесіне немесе суыту камерасының ішіне жапсырылған тоңазытқыштың төлқұжаттық кестесіне қараңыз. R600a хладагенті қоршаған ортаға зиянын • тигізбейтін, бірақ тұтанғыш келетін табиғи газ болып табылады. Тоңазытқышты тасымалдау жəне орнату кезінде хладагент циркуляциясы контурының ешқандай бөліктеріне зиян келтірмес үшін абай болу қажет. Түтіктерден шапшыған хладагент тұтануы немесе • сіздің көзіңізге зақым келтіруі мүмкін. Егер хладагенттің контуры зақымдалса, ашық оттың кез келген түрін немесе тұтанғыш заттарды аулақ ұстаңыз жəне дереу тоңазытқыш тұрған бөлмені желдетіңіз. Хладагент сыртқа ағып, газ бен ауаның • араласуынан отқа қауіпті қоспаның түзілуін болдырмау үшін тоңазытқыш орнататын бөлменің көлемі онда қолданылатын хладагенттің мөлшеріне сəйкес келуі қажет. Зақымдану белгілері бар тоңазытқышты ешқашан қоспаңыз. • Егер өнімның жұмыс істейтіндігіне күмəндансаңыз, тоңазытқышты сатып алған дүкенге хабарласыңыз. Бөлменің көлемі тоңазытқыштағы R600a • хладагентінің əрбір 8 грамына 1 м³ тең болуы қажет. Нақты тоңазытқышыңыздағы хладагентінің • мөлшері тоңазытқыш ішіндегі құжаттық мəліметтері бар кестеде көрсетілген. Өнімді қаптауға арналған материалын қоршаған • ортаға қауіпсіз əдіспен кəдеге асырыңыз. Физикалық, сенсорлық қабілеттері шектелген жəне • де ақыл-есі кем (балаларды қоса алғанда) немесе тəжірибесі жоқ жəне сауатсыз тұлғалар немесе олардың əрекеттерін қауіпсіздікке жауап беретін адам бақыламаса немесе құрылғыны пайдалануға Қауіпсіздік тexникacы бoйынша нұсқaулық НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ %) JOEC%) JOEC..
Қауіпсіздік тexникacы бoйынша нұсқaулық _03 қатысты нұсқаулықтан хабарсыз болған жағдайда бұл құрылғыны олардың пайдалануына жол жоқ. Балалар тоңазытқышпен ойнамас үшін оларды • қараусыз қалдырмаңыз. ҚАТЕРЛІ ҚАУІПТІ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ Тоңазытқышты ылғалды немесе су тиетін • орынға орнатпаңыз. Тоңазытқыштың электрлі бөліктерінің - оқшаулағыштарының нашарлауы электр тоғының соғуына немесе өртке əкеліп соғады. Тоңазытқышты күн сəулесі тікелей түсетін • немесе ас үй пешінен, жылыту құралдарынан жəне басқа да құрал-жабдықтардан жылу тарайтын жерлерге орнатпаңыз. Бір розеткаға бірнеше электр құралдарын қоспаңыз. • Тоңазытқышты əрқашанда оның құжаттық кестесінде көрсетілген кернеуге сəйкес келетін номиналды кернеуіне есептелген ауыстырмалы тоқ желісінің жеке розеткасына қосу қажет. Бұл тоңазытқыштың ары қарай жақсы жұмыс - істеуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар үйдегі электр сымдарына күш түсіп, қатты қызуынан өртке əкеліп соғатын жағдайлардың алдын алады. Тоңазытқыштың артқы қабырғасымен оқшаулық • айырдың қысылып қалмағандығына жəне зақымданбағандығына көз жеткізіңіз. Желі шнурын қатты бүкпеңіз жəне оның үстіне • ауыр заттар қоймаңыз. Ол тұтанып кетуі мүмкін . -Егер желі шнурының ажыратқышы тозып кетсе немесе • басқа да зақымданулар алса, онда шнурды жөндеу немесе ауыстыру үшін дереу Samsung Electronics компаниясының қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Механикалық зақымданулары бар желі • шнурын пайдаланбаңыз (жарықшақтар немесе оқшаулығының бұзылуы). Егер желі шнуры зақымданған болса, оны ауыстыру • үшін дереу Samsung Electronics компаниясының қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Тоңазытқыштың орнын ауыстыруда желі шнурын • тоңазытқыштың дөңгелегімен басып кетпеңіз. Желі шнурының айырын розеткаға су • қолдарыңызбен сұқпаңыз. Тоңазытқышты тазаламас бұрын немесе жөндеудің • алдында желі шнурының ажыратқыш айырын розеткадан суырыңыз. Ажыратқыш айырды тазалауда ешқашан дымқыл • шүберек қолданбаңыз. Ажыратқыш айырдың метал бөліктерінің үстін • шаң немесе басқа да заттардан тазалап отырыңыз. Ластанған айырды қолдану өртке əкеліп соғуы мүмкін. -Егер тоңазытқыш розеткадан ажыратылған болса, • айырды қайтадан розеткаға тығу үшін кем дегенде он минуттай күту қажет. Егер электр розеткасының тесіктері «кеңіп кетсе», • оған желі шнурының айырын сұқпаңыз. Ол электр тоғының соғуына немесе өртке əкелуі - мүмкін. Тоңазытқыш орнатылғаннан кейін желі шнурының • айыры қолжетерлік жерде тұруы қажет. Тоңазытқыштың шнурын міндетті түрде • жерге қосыңыз. Электр қуатының жойылуының немесе - осындай жойылулар нəтижесінде туындайтын тоқ соғуының алдын алу үшін тоңазытқышты жермен дұрыс байланыстыру қажет. Жерге байланыстыру үшін найзағай түсетін • газ құбырларын, телефон желілерін немесе басқа да инженерлік коммуникацияларды ешқашан пайдаланбаңыз. Жерге дұрыс байланыстырмау электр тоғының • соғуына алып келуі мүмкін. Тоңазытқышты өздігіңізден бөлшектемеңіз жəне жөндемеңіз. • Бұл өртке, тоңазытқыштың бұзылуына жəне/ - немесе жарақат алуға əкелуі мүмкін. Егер тоңазытқыш жұмыс істеп тұрғанда біртүрлі иісті • немесе түтінді сезсеңіз, онда желі шнурының айырын дереу ажыратыңыз жəне Samsung компаниясының қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Тоңазытқыштың корпусындағы немесе құрастырылу • бөлшектеріндегі желдеткіш тесіктерін жаппаңыз. Мұздату үрдісін жеделдету үшін тоңазытқышты • дайындаушы ұсынған құралдардан басқа механикалық құрылғыларды немесе басқа да құралдарды қолданбаңыз. Хладагенттің айналу контурын зақымданудан қорғаңыз. • Тоңазыту/мұздату камерасының ішінде • дайындаушы ұсынғаннан басқа ешқандай электр құралдарын пайдаланбаңыз. Жарықтандыру шамын ауыстырмас бұрын желі • шнурының айырын розеткадан ажыратыңыз. Егер шамды ауыстыру барысында қиындықтар • туындаса Samsung компаниясының қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Балалар немесе жасы ұлғайған адамдар біреудің • қарауынсыз тоңазытқышты пайдаланбауы керек. Балалардың тоңазытқышпен ойнамауын бақылаңыз. • Балаларыңызға тоңазытқыштың есігіне асылуға • рұқсат бермеңіз. Олар қатерлі жарақат алуы мүмкін. Мұздату камерасының ішкі қабырғаларын • немесе осы камерада жатқан азық-түліктерді су қолыңызбен ұстамаңыз. Қолыңыздың терісі оларға жабысып қалуы мүмкін. -Егер сіз тоңазытқышты ұзақ уақыт бойы • пайдаланбайтын болсаңыз, желі шнурының айырын розеткадан ажыратыңыз. Электр оқшаулығының нашарлауы өртке əкеліп - соғуы мүмкін. Тоңазытқыштың үстіне бөгде заттарды қоймаңыз. • Есіктерді ашып-жабу кезінде бұл заттар құлап • НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! %) JOEC%) JOEC..
04_ Қауіпсіздік тexникacы бoйынша нұсқaулық қалуы мүмкін, ол өз кезегінде жарақаттандыруға немесе ол заттардың өздері зақымдануы мүмкін. САҚТАНДЫРУ БЕЛГІЛЕРІ Берілген өнім тек азық-түліктерді үй • жағдайында сақтауға арналған. Азық-түліктерді өндіруші ұсынған мерзімі бойынша • сақтау қажет. Сəйкес нұсқаулыққа жүгініңіз. Тоңазытқыштың есігін ашқанда құлап қалмауы үшін • бөтелкелерді тығыз орналастырып сақтау қажет. Мұздату камерасына газдалған немесе көпіршікті • сусындарды салмаңыз. Тоңазытқышты азық-түліктермен шамадан тыс толтырмаңыз. • Есігін ашқанда тоңазытқыштағы азық-түліктер - құлайтын болса, онда сіз жарақат алуыңыз мүмкін. Мұздату камерасына бөтелкелерді немесе басқа да • шыны ыдыстарды қоймаңыз. Мұздату кезінде оның ішіндегілер шыныны сындырып, - нəтижесінде сіз жарақаттанып қалуыңыз мүмкін. Тоңазытқыштың жанына газды бүрікпеңіз. • Ол жарылысқа немесе өртке əкеліп соғуы мүмкін. - Тоңазытқыштың ішкі немесе сыртқы қабатына су • шашпаңыз. Бұл жағдай өртке немесе электр тоғының соғуына - əкелуі мүмкін. Тоңазытқышта ұшатын жəне тез тұтанатын • заттарды сақтамаңыз. Тоңазытқышта бензол, еріткіш, спирт, эфир, - сұйытылған газ жəне т.с.с. заттарды сақтау жарылысқа əкеліп соғуы мүмкін. Егер сіз ұзақ уақытқа демалысқа кететін болсаңыз, • тоңазытқышты азық-түліктерден босатып, оны сөндіру қажет. Тоңазытқышта фармацевтикалық дəрі-дəрмектерді, • ғылыми зерттеулер материалдарын жəне температураға сезімтал материалдарды сақтамаңыз. Белгілі бір нақты температурада сақтау қажет - заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз. Тоңазытқыштың үстіне су толтырылған • ыдыстарды қоймаңыз. Егер су төгілсе, ол тұтануға немесе электр тоғы - соғуына алып келуі мүмкін. ТАЗАЛАУ ЖАЙЛЫ ЕСКЕРТУЛЕР Саусағыңызды немесе басқа заттарды су • жіберетін тесікке немесе мұзға арналған науаға салмаңыз. Ол жарақаттандыруы немесе тоңазытқыштың - бұзылуына əкеліп соғуы мүмкін Желі шнурының айырын тазалауда ешқашан • су немесе дымқыл шүберекті пайдаланбаңыз, ажыратқыш айырдың метал бөліктерін шаңнан немесе басқа да заттардан тазартып отырыңыз. Олай етпеген жағдайда тұтанып кетуі мүмкін. - ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ КƏДЕГЕ ТАСТАУ ЖАЙЛЫ ЕСКЕРТУЛЕР Кез-келген тоңазытқыштарды кəдеге тастамас • бұрын кішкентай балалар немесе жануарлар тоңазытқыштың ішінде қамалып қалмас үшін оның есіктерін/есіктің тығыздағыш төсемелерін жəне есіктің ілгектерін шешіп алып тастаңыздар. Балалар ішіне кіргісі келген жағдайда, оларға • кедергі болуы үшін сөрелерді орнында қалдырыңыз. Бұл тоңазытқыштарда R600a немесе R143а хладагенті • қолданылады. Сіздің тоңазытқышыңызда нақты қай хладагент қолданылатынын білгіңіз келсе, тоңазытқыштың артқы жағындағы компрессордың құжаттық кестесін немесе тоңазытқыштың ішіне жапсырылған құжаттық кестесіне қараңыз. Егер бұл өнімде тұтанғыш газ (R600a) болатын болса, онда жергілікті билік органдарының өнімді кəдеге тастау қауіпсіздігі жайлы кеңесіне жүгініңіз. Жылу оқшаулауын көпіршіген газ ретінде дайындау • барысында циклопентан қолданылады. Жылу оқшаулағыш материалының құрамындағы газ кəдеге тастаудың арнайы тəртібін қажет етеді. Берілген өнімді қоршаған ортаға зиянын тигізбей кəдеге тастау үшін жергілікті билік органдарына хабарласыңыз. Тоңазытқышты пайдаланбас бұрын оның артқы жағындағы түтіктерінің зақымданбануын қадағалаңыз. Түтіктерді ашық ауада сындыру қажет. Тоқ өшіп қалған жағдайда, жергілікті • электр қуатымен жабдықтау компаниясына телефон соғып, тоқ қанша уақыттан кейін қосылатынын сұраңыз. Тоқ бір немесе екі сағат ішінде қалпына келсе, - тоңазытқыш температурасына əсер етпейді. Дегенмен, тоқ сөніп тұрған кезде тоңазытқыштың есігін барынша аз ашу керек. Тоқ 2 сағаттан көп сөнетін жағдайда, Мұз - сауытындағы мұздың барлығын алыңыз.Тоқ 24 сағаттан көп сөнетін жағдайда, мұздатылған - тағамдардың барлығын алыңыз. Егер тоңазытқыштың есіктері мен қақпақтары кілтпен жабылатын болса, балалар ішінде қамалып қалмас үшін кілтті балалардың қолы жетпейтін, тоңазытқыштан оқшау жерге сақтау керек. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ҚОСЫМША ҰСЫНЫСТАР Тоңазытқышты орнатқаннан кейін оны екі • сағат қоспаңыз. Тоңазытқыш жақсы жұмыс істеу үшін келесі • талаптарды орындау қажет: Азық-түліктерді тоңазытқыштың артқы - жағындағы ауа шығаратын тесіктерге аса қатты жақын қоймаңыз, себебі ол мұздату камерасының ауасының еркін алмасуына кедргі келтіреді. САҚТАНДЫРУ САҚТАНДЫРУ САҚТАНДЫРУ %) JOEC%) JOEC..
Қауіпсіздік тexникacы бoйынша нұсқaулық _05 Азық-түліктерді тоңазыту немесе мұздату камерасына - қоймас бұрын оларды мұқият ораңыз немесе герметикалық контейнерлерге орналастырыңыз. Жаңа азық-түліктерді мұздату үшін бұрын - мұздатылған азық-түліктердің жанына қоймаңыз. Егер сіз үш аптадан кем уақыт бойы (бірнеше • аптаға дейін жəне одан да көп) үйде болмайтын болсаңыз, тоңазытқышты ауыспалы тоқ желісінен ажыратпасаңыз да болады. Ал егер сіз үш уақыттан артық уақыт үйде болмайтын болсаңыз, тоңазытқыштан барлық азық-түлікті шығарыңыз, желі шнурын розеткадан ажыратыңыз, тоңазытқышты тазалап, жуып кептіріңіз. Төмен температурада тез бұзылатын банан, қауын • сияқты азық-түліктерді сақтамаңыздар. Мұздың оңтайлы қатуы үшін мұз дайындайтын нысанды • тоңазытқыш өндіруші ұсынған жерге орналастырыңыз. Сіздің тоңазытқышыңызда автоматты түрде • ерітетін, қатпайтын буландырғыш бар, сондықтан тоңазытқышты қолмен ерітудің қажеті жоқ. Автоматты еріту кезінде температураның • көтерілуі ISO стандарттарының талаптарына сəйкес келеді. Егер сіз тоңазытқышты еріту барысында мұздатылған азық-түліктердің температурасының шамадан тыс көтерілуінің алдын алғыңыз келсе, мұздатылған азық- түліктерді бірнеше қабат қағазға орап қойыңыз. Кейбір мұздатылған азық-түліктердің сақтау • температурасының көтерілуі олардың сақтау мерзімін қысқартуы мүмкін. Тоңазытқышта булану əсерін беретін жəне Киот • хаттамасының əсеріне түсетін құрамында фторы бар газ бар. Берілген тоңазытқыштың жылуының • оқшаулағышы буландыру əсерін тудыратын құрамында фторы бар газдан дайындалған. Фторланған булы газдың əсерімен көпіршу. • Бу субстанциясына қосу: Перфтор Ғаламдық жылынуға əсері: (GWP)=900 ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ҮНЕМДЕУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР Тоңазытқышты жеткілікті дəрежеде желдетілетін - салқын, құрғақ бөлмеге орнатыңыз. Оған күн сəулесінің тікелей түспегендігін қамтамасыз етіңіз жəне оны тікелей жылу көздерінің жанына орнатпаңыз (мысалы, жылыту батареялары). Тоңазытқыштың тесіктерін немесе шарбақтарын - ешқашан жаппаңыз. Жылы тағамды тоңазытқышқа салмас бұрын - бөлме температурасына дейін суытып алыңыз. Мұздатылған азық-түліктерді еріту үшін - тоңазыту камерасына салыңыз. Бұл жағдайда сіз мұздатылған азық-түліктің төмен температурасын тоңазыту камерасындағы азық-түліктерді суыту үшін қолдана аласыз. Тоңазытқышқа азық-түлікті салу немесе одан - азық-түлікті алу кезінде оның есігін ұзақ уақыт ашып қоймаңыз. Есік барынша сирек ашылса, мұздату камерасында мұздың қатуы да барынша аз болады. Тоңазытқыштың артқы жағын ұдайы тазартып - отырыңыз. Шаң электр энергиясын тұтынуды арттырады. Температураны қажетті деңгейден төмен - қоймаңыз. Тоңазытқыштың асты мен артқы жағында ауа - алмасуы үшін жеткілікті орын қалдыру керек. Желдету тесіктерін жаппаңыз. Тоңазытқышты орнату кезінде оң, сол, артқы - жəне үстіңгі жақтарынан саңылау қалдырыңыз. Бұл сіздің электр энергиясын тұтынуыңызды азайтады жəне осыған сəйкес электр энергиясына төлем сомасын да азайтады. Мазмұны SIDE-BY-SIDE ТОҢАЗЫТҚЫШЫН ОРНАТУ ……………………………………………………………… 06 SAMSUNG SIDE-BY-SIDE ТОҢАЗЫТҚЫШЫН ПАЙДАЛАНУ …………………………………………… 13 АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ……………………………………………………………………………………… 19 %) JOEC%) JOEC..
06_ Орнату ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУҒА ДАЙЫНДАУ Сізді Samsung компаниясының Side-By-Side тоңазытқышын сатып алуыңызбен құттықтаймыз. Сізге осы жаңа тоңазытқыштың көптеген жаңа қызметтері мен жұмыс істеу тиімділігі ұнайды деген ойдамыз. Тоңазытқышты орнатуға ең ыңғайлы орын таңдау Су құбырына қолжетерлік ыңғайлы жерді • таңдаңыз. Күн сəулесі тікелей түспейтін орын таңдаңыз. • Едені тегіс (немесе тегістеу) орынды таңдаңыз. • Тоңазытқыштың есіктері кедергісіз ашылатындай • кеңістігі бар жерді таңдаңыз. Ауа алмасуы үшін оң, сол, артқы және үстіңгі • жақтарын жеткілікті орынмен қамтамасыз етіңіз. Егер тоңазытқыш тегіс жерге орнатылмаса, онда - оның ішкі суыту жүйесі дұрыс жұмыс істемейді. Тоңазытқышты пайдалануға қажетті жалпы - кеңістікке назар аударыңыз. Кеңістік ауқымы төмендегі суретте көрсетілген. Құрылғыны күтіп-баптау мен жөндеу жүргізе • алатындай етіп орналастыру керек. Тоңазытқышты орнату барысында еденді бүлдіріп алмас үшін, тоңазытқыштың алдыңғы түзейтін аяқтарын жоғары көтеріңіз (еден деңгейінен жоғары).Нұсқаулықтың «Тоңазытқыштың астын тегістеу» бөлімін қараңыз (10 бетте). Төменгі қабатын қорғау үшін астына қатты қағаз қойыңыз, мысалы тоңазытқыш қапталған қағаз. Тоңазытқышты орнату, оған қызмет көрсету немесе оның артқы жағын тазалау кезінде тоңазытқышты өзіңізге қарай тура жылжытыңыз, ал жұмыс аяқталған соң тоңазытқышты қайтадан орнына жылжытыңыз. Назар аударыңыз! Тоңазытқышты таңдаған жеріңізге оңай орнату үшін есік қуысын (биіктігі мен енін), табалдырықты, төбесін, табалдырық аралығын жəне т.б. өлшеңіз. Келесі кестеде Samsung компаниясының Side-By-Side тоңазытқышының əрбір үлгісінің нақты биіктігі мен ені көрсетілген. ҮЛГІRSG5* RSG5*CRS Көлемі, ммЕніШассисіз908 908 Шассимен912 912 ТереңдігіТек корпусы600 600 Тұтқасыз687 687 Тұтқамен737 742 БиіктігіЕсіксіз1745 1745 Есіктерімен1780 1780 Тоңазытқышты орнату кезінде • тоңазытқыштың оң, сол, артқы, алдыңғы жəне жоғарғы жағынан тесік қалдырыңыз. Ол электр қуатын тұтынуды төмендетеді жəне сол арқылы электр қуатын пайдалануды азайтады. Температурасы 100С-тан төмен бөлмеге • тоңазытқышты орнатпаңыз. Мұздату бөлімінің есігін шешпес БҰРЫН су • жіберетін құбырды ажыратып тастаңыз. Су жіберетін құбырды бүлдіріп алмас үшін, келесі беттегі «Су жіберетін құбырды ажырату» бөлімін қараңыз. Side-by-side тоңазытқышын орнату кем дегенде кем дегенде 6mm6mmкем дегенде кем дегенде 6mm6mm САҚТАНДЫРУ АяғыАяғы БұрауышБұрауыш %) JOEC%) JOEC..
Орнату _07 01 ОРНАТУ ТОҢАЗЫТҚЫШ ЕСІКТЕРІН ОРНАТУ Егер тоңазытқыш есікке еркін сыймаса, онда оның есіктерін шешіп алыңыз. Алдыңғы аяқтарын жауып тұратын қақпақты шешіп алу Алдымен мұздату жəне тоңазыту камерасының есіктерін ашып, содан кейін аяғын жауып тұратын қақпақты үш бұрамасын сағат тіліне қарама- қарсы бұрай отырып шешіп алыңыз. Су жіберетін құбырды тоңазытқыштан ажыратыңыз Су жіберетін құбырды жалғастырғыш муфтаның 1. фланцасын басып 1 жəне құбырды тарта отырып 2 ажыратыңыз. Су жіберетін құбыр дəл сондай түсті муфтаға жалғануын бақылаңыз. Алдыңғы аяқтарын жауып тұрған бұқтырманы орнату Диспенсерден су ағып кетпес үшін Су түтігін 1. мөлдір жалғастырғыштың ортасына әдбен кіріктіріп салу керек. МҰЗ ЖАСАҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ Мұз шелегін алу үшінТұтқадан 1-суретте - көрсетілгендей ұстаңыз Астыңғы бөлігін жоғарыға - қарай абайлап көтеріңіз Мұз шелегін ақырын шешіп алыңыз - Мұз шелегін қайта орнату үшінҚұрастыруды келесі ретпен - жүзеге асырыңыз Шелекті орнына сарт етіп - түскенінше тығыздап қойыңыз Егер мұзға арналған шелек өз - орнында дұрыс тұрмаса, шелектің артында орналасқан тұтқаны 90 градусқа бұраңыз жəне шелекті 2-суретте көрсетілгендей етіп қайтадан орнатыңыз. Қалыпты әрекет Мұз дайындау құралынан - шелекке мұз түскен кезде шығатын кез-келген дыбыс қалыпты жұмыс істеудің белгісі болып табылады. Егер мұзды ұзақ уақыт бойы - алмасаңыз, онда шелектегі мұз текшелері қатып қалуы мүмкін. Қалған мұзды алып шелекті босатыңыз. Егер мұз шықпаса бөлмеде кедергі бар- - жақтығын анықтап оны алып тастаңыз. Алғашқы мұз текшелері кішкентай болуы - мүмкін, мұның себебі жалғаудан кейін құбырларда ауа қылп кетеді, тұрақты пайдалану ныітижесінде ауа таралып кетеді. Егер дисплей панелінде ICE OFF (МҰЗ - БІТТІ) деген хабарлама жыпылықтап тұрса, шелекті қойыңыз жəне/немесе оның дұрыс орнатылғандығын тексеріңіз. Егер есік ашық тұрса, мұз жəне су жіберу құралы - жұмыс істемейді. Егер сіз есікті тым қатты жапсаңыз, онда мұз - дайындау құралындағы су шашырауы мүмкін. Мұзға арналған шелек құлап қалмас үшін шешіп - алу кезінде оны қос қолдап ұстаңыз. Жарақаттанып қалмас үшін едендегі мұз бен суды - сүртіп алыңыз. Балаларға мұз жіберу құралына немесе шелекке асылуға - мүмкіндік бермеңіз, олар жарақаттанып қалуы мүмкін. Қолдарыңызды немесе басқа заттарды мұзға арналған - науаға салмаңыз, ол жарақаттандыруы немесе механикалық бөлшектерін зақымдауы мүмкін. 1-сурет1-сурет САҚТАНДЫРУ 2- сурет2- сурет Мұзға арналған áؽ арналған науанауа 1 2 Мөлдір жалғастырғыштың ортасыМөлдір жалғастырғыштың ортасы %) JOEC%) JOEC..
08_ Орнату Тоңазытқыштың бөлшектерін жоғалтып алмас үшін мұқият болыңыз. Содан кейін есікті астыңғы ілгектен 3. 6 шешіп алыңыз, ол үшін есікті 7 жоғарыға қарай тігінен көтеріңіз. Есікпен су жіберетін құбырды жəне сымды қысып қалмас үшін сақ болыңыз. Астыңғы ілгектің бекіткішінен 4. 8 астыңғы ілгекті 9 жоғарыға қарай ақырын көтеріп шешіп алыңыз. 2 қысқышты орнатқыш ойыққа түтікті қатты 2. ұстап тұратындай етіп бекітіңіз. Су жіберетін құбырды кеспеңіз. Оны жалғастырғыш муфтадан абайлап ажыратыңыз. Мұздату камерасының есігін орнату Назар аударыңыз! Ілгектерін сындырып жəне майыстырып алмас • үшін, есікті жоғарыға тігінен көтеріңіз. ІЕсікпен су жіберетін құбырды жəне сымдарды • қысып алмас үшін абай болыңыз. Есіктерді сызаттар немесе зақымданудан • қорғайтындай жерге қойыңыз.. Мұздату камерасының есігі жабық тұрғанда 1. жоғарғы ілгектің 1 қақпағын бұрауышпен шешіп алыңыз, содан кейін оларды бір- бірінен бөлектеп ажыратыңыз 2 . Жоғарғы ілгек 2. 3 бекітпесінің бұрамасын жəне жерге қосатын 4 бұраманы сағат тіліне қарсы бұрап, жоғарғы ілгекті 5 шешіп алыңыз. Шешу кезінде сақ болыңыз, есік сізге қарай құлап кетуі мүмкін. 12 - Кейбір үлгілерде- Кейбір үлгілерде 5 43 6 7 9 8 A қапсырмасы (1/4”)A қапсырмасы (1/4”)(6.35мм)(6.35мм) %) JOEC%) JOEC..
Орнату _09 01 ОРНАТУ Астыңғы ілгектің бекіткішінен 4. 8 астыңғы ілгекті 7 жоғарыға қарай ақырын көтеріп шешіп алыңыз. Мұздату камерасының есігін орнату Мұздату камерасының есігін орнына орнату үшін есіктің бөлшектерін келесі ретпен жинаңыз. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ТҮЗУЛЕУ Тоңазытқыштың есігін орнына бекіткеннен кейін тоңазытқыштың өзін міндетті түрде түзеу қажет, сонда ғана ол жұмыс істеуге дайын болады. Егер тоңазытқыш түзу қойылмаса, онда оның есіктері дұрыс тұрмайды. Тоңазытқыштың алдыңғы жағын биіктігіне қарай болады. Тоңазытқышты түзулеудің алдында алдыңғы аяқтарын жауып тұратын қақпақты шешіп алыңыз Алдымен мұздату жəне тоңазыту камераларының есігін ашып, аяқтарын жауып тұрған қақпақтың үш бұрамасын сағат тіліне қарсы бұрап шешіп алыңыз. Мұздату камерасының есігін орнату Мұздату камерасының есігін орнына орнату үшін есіктің бөлшектерін келесі ретпен жинаңыз. Тоңазыту камерасының есігін шешуТоңазыту камерасының есігі жабық тұрғанда бұрауышпен 1. жоғарғы ілгектің 1 қақпағын шешіп алыңыз. Жоғарғы ілгек 2. 2 бекітпесінің бұрамасын жəне жерге қосатын 3 бұраманы сағат тіліне қарсы бұрап, жоғарғы ілгекті 4 шешіп алыңыз. Шешу кезінде сақ болыңыз, есік сізге қарай құлап кетпесін. Тоңазытқыштың бөлшектерін жоғалтып алмас үшін мұқият болыңыз. Есікті астыңғы ілгектен 3. 5 шешіп алыңыз, ол үшін есікті 6 жоғарыға қарай тігінен көтеріңіз. 4 3 2 1 5 6 8 7 %) JOEC%) JOEC..
10_ Орнату Есіктерді ашыңыз да алдымен бір есікті, содан кейін екінші есікті реттеуді келесі тəсілмен орындаңыз: Есіктің төменгі ілгегіндегі сомынды 1. 1 бұрандаманың 2 жоғарғы қабатына жеткенінше бұрап алыңыз. Сіз сомынды 1 бұрап алу кезінде бұрандаманы 2 сағат тіліне қарсы бұрау үшін тоңазытқыштың жиынтығына кіретін алтыбұрышты кілтті3 пайдаланыңыз Содан кейін сомынды1 саусақтармен бұрап алуға болады. Есіктердің биіктігі арасындағы саңылауды 2. бұрандаманы 2 сағат тілі бойынша немесе сағат тіліне қарсы бұрай отырып түзетіңіз. Бұрандаманы сағат тілі бойынша бұраса есік көтеріліңкірейді. Есіктердің биіктігін қалыпқа келтіргеннен кейін 3. сомынды 1 бекіту үшін астыңғы жағына жеткенінше сағат тілі бойынша бұраңыз,содан кейін сомынды бекіту үшін бұрандаманы кілтпен қайтадан бұраңыз. Егер сомын жақсы бекітілмесе, бұрандама босап кетуі мүмкін. Мұздату бөлімшесінің есігі тоңазыту бөлімшесінің есігінен төмен тұрса Оймакілтекті бұрауышты тоңазытқыштың аяғындағы ойыққа орнатып, оны сағат тілі бойынша немесе сағат тіліне қарсы бұрай отырып мұздату камерасын түзеңіз. Мұздату бөлімінің есігі тоңазыту бөлімінің есігінен жоғары тұрса Оймакілтекті бұрауышты тоңазытқыштың аяғындағы ойыққа орнатып, оны сағат тілі бойынша немесе сағат тіліне қарсы бұрай отырып тоңазыту камерасын түзеңіз. Егер есіктердің биіктігін аздап реттеу қажет болса, осының барлығын қалай істеуге болатындығы жазылған келесі бөлімге жүгініңіз. ТОҢАЗЫТҚЫШ ЕСІКТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ САҢЫЛАУДЫ РЕТТЕУ Тоңазытқышты есіктері барынша дұрыс тұруы үшін түзеу керек екендігін естен шығармаңыз. Қажет болса, тоңазытқышты көлденең түзеу суреттелген алдыңғы бөлімді қайтадан оқып шығыңыз. АяғыБұрама Аяғы Бұрама Мына жерден түзеу Мұздату бөлімшесінің есігі тоңазыту Мұздату бөлімшесінің есігі тоңазыту бөлімшесінің есігінен жоғары болғандабөлімшесінің есігінен жоғары болғанда Кілт Бұрандама Сомын1 2 3 %) JOEC%) JOEC..