Samsung Rt 72 Savb Russian Version Manual
Have a look at the manual Samsung Rt 72 Savb Russian Version Manual online for free. It’s possible to download the document as PDF or print. UserManuals.tech offer 1705 Samsung manuals and user’s guides for free. Share the user manual or guide on Facebook, Twitter or Google+.
ТЕМПЕРАТУРАНЫ БАСҚАРУ (ЖАРТЫЛАЙ ЭЛЕКТРОНДЫ) МҰЗДАТУ КАМЕРАСЫНЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БАСҚАРУ Мұздату камерасының температура көрсеткіші -17°С-тан -24°С-қа дейін құрайды. Экранда қажетті температура мөлшері пайда болғанша, Freezer (мұздату камерасы) түймешесін басыңыз. Кейбір азық-түліктердің, мысалы, балмұздақ -16°С-та еріп кететіндігін ұмытпаңыз. Суреттелген белгілер -17°С-тан -24°С-қа дейін өзгеріп отырады. -17°С-қа жеткеннен кейін, экранда қайтадан -24°С көрсеткіші суреттеледі. Жаңа температура қойылған соң бес секундтан кейін, экранда мұздату камерасының қазіргі температурасы шығады. Бірақ мұздату камерасы жаңа температураға қалыптасқанша, бұл мөлшер өзгереді. -17°C -18°C -19°C -20°C -21°C -22°C -24°C FREEZER TEMPERATURE CONTROL COLD COLDER COLDEST Есікті жиі ашқан кезде немесе көп мөлшердегі ыстық тамақты сақтағанда мұздату камерасының немесе тоңазытқыштың температурасы жоғарылауы мүмкін. Сандық экран мұндайда жыпылықтап тұрады. Мұздату камерасының немесе тоңазытқыштың температурасы бастапқы көрсеткішке жеткенде жыпылықтау тоқтайды. Егер бұлай болмаса, тоңазытқышты «қайта қосу» керек. Тоңазытқышты қуат көзінен ажыратып, он минуттай күтіңіз де, оны қайта қосыңыз. ТОҢАЗЫТҚЫШ ТЕМПЕРАТУРАСЫН БАСҚАРУ Тоңазытқыштың температура көрсеткіші 7-ден 1°С-қа дейін құрайды. Тоңазытқыштың тұтқасын реттегіштің қақпағында қажетті температура көрсеткіші көрсетілгенше сағат тілімен немесе оған қарама-қарсы бұраңыз. Егер сіз көп азық- түлік қорын сақтасаңыз немесе температура қажетінше төмен болмаса, тұтқаны COLDER (суықтау) қалпына қойыңыз. Орташа температураны қою үшін тұтқаны COLDER (суықтау) жəне COLD (суық) қалыптарының арасына қойыңыз. Егер сіз аз ғана азық-түлік қорын сақтасаңыз немесе олар қатырылған болса, тұтқаны COLD (суық) қалпына орнатыңыз. Егер сіз ұзақ демалысты немесе іссапарды жоспарласаңыз, тұтқаны VACATION (демалыс) қалпына қойыңыз. Тоңазытқыш өшеді, бірақ мұздату камерасы əдетінше жұмыс істей береді.Назар аударыңыз! Демалыс режимін қояр алдында тоңазытқыштан барлық азық-түлікті шығарыңыз. 02 ПАЙДАЛАНУ Пайдалану _11 %( JOEC4FD%( JOEC4FD..
МҰЗ ДАЙЫНДАУ (ҚОСЫМША) - МҰЗ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН БҰРЫЛЫСТЫ НАУА Мұз кесектерін дайындауМұзға арналған науаны өзіңізге қарай тартып шығарыңыз. Науаның артқы жағында көрсетілгендей ең жоғарғы көрсеткішке дейін суға толтырыңыз. Абайлаңыз, суды төгіп алмас үшін науаны ұстауышқа кері итеріңіз. Мұз қатқанша күтіңіз. Мұз кесектерін шығаруНауаның астында мұзға арналған кəрзеңке тұрғандығына көз жеткізіңіз. Егер болмаса, оны қойыңыз. Тұтқалардың біреуін науа аударылғанша сағат тілімен бұраңыз. Нəтижесінде мұз кесектері кəрзеңкеге түседі. Егер қажет болса, науаның екінші жартысына процедураны қайталаңыз. Мұзға арналған кəрзеңкені шығару үшін келесі іс-əрекеттерді орындаңыз: • Оны көтеріңіз. • Өзіңізге қарай тартыңыз. - МҰЗҒА АРНАЛҒАН АЛМАЛЫ-САЛМАЛЫ НАУА Мұз кесектерін дайындауМұзға арналған науаны өзіңізге қарай тартып шығарыңыз. Оны науаның артқы жағында көрсетілгендей ең жоғарғы көрсеткішке дейін суға толтырыңыз. Абайлаңыз, суды ағызып төгіп алмас үшін науаны ұстауышқа кері итеріңіз. Мұз кесектерін шығаруМұз кесектерін науадан шығару үшін екі шетінен ұстаңыз да, оны аздап бұраңыз. Судың деңгейі СУҒА АРНАЛҒАН ДИСПЕНСЕРМЕН ЖҰМЫС (ҚОСЫМША) Диспенсердің көмегімен тоңазытқыштың есігін ашпай-ақ, салқындатылған су алуға болады. Сəл көтеріңкіреп суға арналған ыдысты көтеріңкіреп шығарып алыңыз. • Оны көтеру үшін екі шетінен ұстаңыз. • Суға арналған ыдысты бірінші рет қолданарда, оны жуу қажет. Ыдысты тегіс жерге орнатқаннан кейін жəне артық суды төгетін жерді қаматамасыз ете отырып, оны суға толтырыңыз. • Суға арналған ыдыс 2,8 л арналған. Егер ыдыстағы су бұл көрсеткіштен жоғары болса, қақпақты жапқанда артық су төгілуі мүмкін. • Суға арналған ыдыс əлі тоңазытқышта тұрғанда, оны толтыруға болмайды. 12_ Пайдалану %( JOEC4FD%( JOEC4FD..
1-тəсіл Дөңгелек қақпақты шешіңіз де, ыдысты суға толтырыңыз.2-тəсіл Үлкен қақпақты шешіңіз де, ыдысты суға толтырыңыз. Суға арналған ыдыс Жиек Диспенсер краны Дөңгелек қақпақ Назар аударыңыз! Назар аударыңыз! Суға арналған ыдысты орнына қойғаннан кейін тоңазытқыштың есігін жабыңыз. • Есік жабылғаннан кейін диспенсер краны сыртта тұрғандығына көз жеткізіңіз. Суға арналған ыдысты тоңазытқыштың есігіне мықтап бекітіңіз. Олай болмаған жағдайда, диспенсер дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Суағардың астына стақанды қойып, онымен диспенсердің рычагін ақырын басыңыз. Суды төгіп алмас үшін стақанды диспенсерге қарай түзулеп қойыңыз. Диспенсер рычагіДиспенсердің құлпы «Ашық» қалпында тұрғандығына көз жеткізіңіз. Осы жағдайда ғана диспенсерден су алуға болады. Артық орын босату үшін мұз дайындауға арналған айналмалы науаны, мұзға арналған контейнерді және мұзға арналған науаны алып тастауға болады. Бұл температуралық және механикалық сипаттамаға әсерін тигізбейді. Мұздатылған тағам сақтайтын бөлімшелердің мəлімденген сақтау көлемі осы құраластарды алып тастай отырып есептелген. 02 ПАЙДАЛАНУ Пайдалану _13 %( JOEC4FD%( JOEC4FD..
Керек-жарақтарды шығарар алдында тоңазытқышта азық-түліктің жоқтығына көз жеткізіңіз. Егер мүмкін болса, қолайсыз жағдайлардың алдын алу үшін тоңазытқышты толық босатыңыз. Электр энергиясын тұтынуды оңтайлы ету үшін сөрелерді, жəшіктерді жəне себеттерді (13) беттегі суретте көрсетілгендей бастапқы орындарда қалдырыңыз. 3. Көкөністерге арналған жəшіктің қақпағын көтеріңкіреп, өзіңізге қарай тартыңыз. Содан кейін жəшікті ортасына дейін жылжытып, сосын оны көтеріңкіреп, өзіңізге қарай тартыңыз. 4. Суға арналған ыдысты (қосымша) суретте көрсетілгендей көтеріңкіреп шығарып алыңыз. 5. Төмен температуралы катализаторлайтын хош иістендіргіштің төменгі жағын басып, өзіңізге қарай тартып шығарыңыз. 6. Есік сөрелерін көтеріңкіреп шығарыңыз. 2. Тоңазытқыштың сөресін көтеріңкіреп, өзіңізге қарай тартып суырып алыңыз. 1. Алдымен мұзға арналған науаны шығарыңыз, содан кейін мұздату камерасындағы сөренің алдыңғы жағын көтеріңкіреп, өзіңізге қарай тартып суырып алыңыз. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫН ШЫҒАРУ 14_ Пайдалану • Егер сіз ұзақ уақыт болмайтын болсаңыз, тоңазытқышты босатып, оны өшіріңіз. Құрылғының ішкі қабырғаларындағы артық ылғалды сүртіп алып, есікті ашық қалдырыңыз. Бұл жағымсыз иіс пен көгерудің алдын алады. • Егер тоңазытқыш ұзақ уақыт бойы қолданылмайтын болса, оны розеткадан ажыратыңыз. - Оқшауланған заттың бүлінуі тұтануға əкеп соғуы мүмкін. Ескерту! Ескерту! Бензол, сұйылтқыш немесе Clorox, хлоридті пайдаланып тазаламаңыз. Себебі бұндай заттар құрылғының беткі қаптамасын бүлдіруі және өрт шығаруы мүмкін. Тоңазытқышқа суды шашпаңыз, егер ол желіге қосылып тұрса, токқа түсуге əкеп соғуы мүмкін. Тазалау барысында бензол еріткішін немесе автомобильдің жуу құралын пайдаланбаңыз – бұл тұтану қаупін тудыруы мүмкін. Назар аударыңыз! ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ТАЗАЛАУ ЖАРЫҚТАНДЫРҒЫШ ШАМЫН АУЫСТЫРУ Жарықдиодты шамын ауыстыру үшін қызмет көрсету инженеріне хабарласыңыз.Назар аударыңыз! %( JOEC4FD%( JOEC4FD..
Ақаулық Шешімі Құрылғы мүлдем жұмыс істемейді немесе температура тым жоғары• Желі шнурының айыры розеткаға дұрыс сұғылғандығын тексеріңіз. • Алдыңғы панелде температура дұрыс қойылғандығын тексеріңіз. • Құрылғыға күн сəулесі тура түспей ме немесе жылу көзіне жақын орналаспағандығын тексеріңіз. • Құрылғының қабырғаға қатты жақын тұрмағандығын тексеріңіз. Тоңазытқыштағы азық-түліктер үсіп кетеді.• Алдыңғы панелде ең төменгі температура қойылмағандығын тексеріңіз. • Үй-жайдағы температура тым төмен емес пе, тексеріңіз. • Тоңазытқышта сұйықтығы көп азық-түліктің жоқтығын тексеріңіз. Жұмыс кезінде біртүрлі дыбыстар шығады.• Құрылғының тегіс жерге орнатылғандығына көз жеткізіңіз. • Құрылғының қабырғаға тым жақын тұрмағандығын тексеріңіз. • Тоңазытқыштың артына немесе астына бөгде нəрселер тұрып қалмағандығын тексеріңіз. • Біртүрлі дыбыс компрессордан шығарып тұр ма, тексеріңіз. • Құрылғының ішінде тықылдағын дыбыс шығуы мүмкін, бұл қалыпты. Бұл дыбыс құрылғының əртүрлі бөлшектері өзара əрекеттескенде шығады. Құрылғының алдыңғы бұрышы мен қапталдары ысып кетеді де, үстіне су тамшылары жинала бастайды.• Құрылғының алдыңғы бұрышында су тамшылары жиналмас үшін жылу ұстағыш түтіктер орнатылған. Сыртқы температура жоғары болған жағдайда, олар əрдайым тиімді емес. Дегенмен мұнда ешқандай өзгешелік жоқ. • Ауадағы ылғал салқындатылған камера бетімен байланысқа түскенде, су тамшылары пайда болады. Құрылғыда сұйықтықтың сылдырлап аққан дыбысы шығып тұр. • Бұл құрылғының ішін салқындататын хладагент. Құрылғының ішінде жағымсыз иіс бар.• Қандай да бір азық-түліктің бұзылып кетпегендігін тексеріңіз. • Ерекше иістері бар азық-түліктердің, мысалы, балықтың мықтап оралғандығына көз жеткізіңіз. • Мұздату камерасын бұзылған азық-түліктерден үнемі тазалап отырыңыз. Құрылғының қабырғаларында қырау пайда болды• Құрылғының желдеткіш тесіктері қосулы тұр ма, тексеріңіз. • Азық-түліктерді құрылғының желдеткішіне кедергі келтірмейтіндей етіп орналастырыңыз. • Есіктің мықтап жабылғандығын тексеріңіз. Құрылғының ішкі қабырғасына жəне онда сақталған көкөністерде су пайда болады.• Бұл құрылғыда көп мөлшерде сұйықтығы бар азық-түліктердің тиісті оралмауынан, болмаса есік ұзақ ашық қалғаннан болады. • Азық-түліктерді орамда немесе мықтап жабылатын контейнерлерде сақтаңыз. АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ Ақаулықтарды жою _15 %( JOEC4FD%( JOEC4FD..
Code No. DA99-01697G REV(1.6) Бөлме ауасының жарамды температурасының шегі Осы тоңазытқыш техникалық ерекшеліктерімен бірге кестеде көрсетілген оның температуралық класына сəйкес келетін қоршаған орта температурасында жұмыс істеуге арналған. Температуралық класы БелгіленуіҚоршаған орта температурасы Максималды Минималды Кеңейтілген қалыптыSN 32°C 10°C ҚалыптыN 32°C 16°C СубтропикалықST 38°C 16°C ТропикалықT 43°C 16°C Тоңазытқыштың ішкі температурасына оның орналасуы, қоршаған орта температурасы мен тоңазытқыш есігін ашу жиілігі сияқты факторлар əсер етуі мүмкін. Бұл факторлар əсерінің орнын толтыру үшін тоңазытқыш температурасын өзіңіздің қажетіңізше реттеп отырыңыз. 050000, 31 Nauryzbay Batyr Str., Almaty, Republic of Kazakhstan Tel : 8-10-800-500-55-500(GSM: 7799) www.samsung.com Fax : +7-727 321-13-12 Kazakhstan Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастау (Қоқысқа тасталатын электр жəне электроника құрылғысы) (Жеке қоқысқа тастау жүйесін пайдаланатын елдерге қатысты) Өнімдегі, оның керек-жарақтарындағы немесе ілеспе кітапшасындағы белгі, осы өнім мен оның электроникалық керек-жарақтарын (мысалы, зарядтағыш құралы, құлаққабы, USB сымы), қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамау керек дегенді білдіреді. Қалдық дұрыс тасталмаған жағдайда қоршаған орта немесе адамдардың денсаулығына келетін зиянның алдын алуға жəне материалдық ресурстарды қайтадан қажетке жаратуға өз үлесіңізді қосу үшін бұндай заттарды басқа қоқыс түрлерінен бөлектеп, қалдық өнімдерді қайта өңдеуден өткізетін жерге апарып тапсырыңыз. Тұрмыстық құрылғыны қолданушылар, осы заттарды қоршаған ортаға залалсыз түрде қайта өңдеуден өткізу үшін осы құрылғыны қайда апарып тапсыру, қалай тапсыру туралы егжей-тегжейлі ақпаратты, осы өнімді сатып алған бөлшек сауда орталығына немесе жергілікті мекемеге хабарласып алуына болады. Коммерциялық мақсатта қолданушылар, өз жабдықтаушыларына хабарласып, сатып алу келісім-шартының талаптарымен танысуы керек. Осы өнім мен оның электроникалық керек-жарақтарын басқа да коммерциялық өнімдердің қалдықтарымен араластырып тастауға болмайды. %( JOEC4FD%( JOEC4FD..