AEG S 86348 Kg1 User Manual
Have a look at the manual AEG S 86348 Kg1 User Manual online for free. It’s possible to download the document as PDF or print. UserManuals.tech offer 513 AEG manuals and user’s guides for free. Share the user manual or guide on Facebook, Twitter or Google+.
![](/img/blank.gif)
1. Привинтите верхний кронштейн ручки к ее стержню. 2. Прикрепите нижний кронштейн ручки к нижней правой части две‐ ри. 3. Прикрепите верхний кронштейн ручки к верхней правой части две‐ ри. 4. Привинтите стержень ручки к ее нижнему кронштейну. Не прилагайте чрезмерное усилие (момент затяжки не более 2 Нм), по‐ скольку вы можете повредить ручки двери. Выравнивание При установке прибора убедитесь, что он стоит ровно. При необходимости от‐ регулируйте ножки при помощи прила‐ гаемого ключа. Прилегание дверцы зависит от правиль‐ ности выравнивания. Установка фильтра Clean Air Control Фильтр Clean Air Control — это фильтр с активированным углем, погло‐ щающий неприятные запахи и обеспечивающий сохранение наилучшего вкуса и аромата всех пищевых продуктов без смешения запахов. При поставке угольный фильтр находится в пластиковом пакете для со‐ хранения его работоспособности. 1. Откройте заслонку регулятора подачи воздуха. 2. Достаньте фильтр из пластиково‐ го пакета. 12 34 Установка51
![](/img/blank.gif)
3. Вставьте фильтр в паз, располо‐ женный с задней стороны заслон‐ ки регулятора подачи воздуха. 4. Закройте заслонку регулятора подачи воздуха. Чтобы не повредить поверхность фильтра, обращаться с ним следует аккуратно. Чтобы обеспечить правильную ра‐ боту, убедитесь, что заслонка регу‐ лятора подачи воздуха закрыта. Перевешивание дверцы Перевесить дверцу на другую сторону нельзя. Забота об окружающей среде Символ на изделии или на его упаковке указывает, что оно не подлежит утилизации в качестве бытовых отходов. Вместо этого его следует сдать в соответствующий пункт приемки электронного и электрооборудования для последующей утилизации. Соблюдая правила утилизации изделия, Вы поможете предотвратить причинение окружающей среде и здоровью людей потенциального ущерба, который возможен в противном случае, вследствие неподобающего обращения с подобными отходами. За более подробной информацией об утилизации этого изделия просьба обращаться к местным властям, в службу по вывозу и утилизации отходов или в магазин, в котором Вы приобрели изделие. 52 Забота об окружающей среде
![](/img/blank.gif)
Біздің жоғарғы сапалы өнімдеріміздің бірін таңдағаныңызға алғысымызды білдіреміз. Бұл құрылғы тиімді әрі тұрақты жұмыс жасау үшін осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Бұл құрылғының барлық үрдістерін жете меңгеріп, оны неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет жағдайда керек нұсқауларды оқып отыру үшін бұл нұсқаулықты сенімді жерге сақтап қойыңыз. Құрылғыны келесі пайдаланушыға берер кезде нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз. Жаңа құрылғыны пайдаланып жайлы көңіл-күйге жете беріңіз. Мазмұны Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 54 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі 54 Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар 55 Күнделікті пайдалану 56 Күту менен тазалау 56 Орнату 56 Қызмет 57 Басқару панелі 57 Бейнебет 58 Қосу 58 Өшіру 58 Тоңазытқышты немесе мұздатқышты сөндіру 59 Тоңазытқышты немесе мұздатқышты қосу 59 Температураны реттеу 59 Бала қауіпсіздігі функциясы 59 “Демалыс” функциясы 60 COOLMATIC функциясы 60 Quick Chill функциясы 61 FROSTMATIC функциясы 61 Жоғары температураны ескерту сигналы 62 Бірінші қолдану 62 Ішін тазалау 62 Әркүндік қолдану 63 Тоңазытқыш камерасын қолдану 63 Мұздатқыш камерасын қолдану 63 Мұздатылған тағамды сақтау 63Жібіту 64 Clean Air Control Сүзгі 64 Жылжымалы сөрелер 64 Көкөніс сөресі 65 Табиғи қалыпта сақтайтын бөлік 65 Ауаның ылғалдылығын реттеу 65 Есіктің сөрелерін орналастыру 66 Мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан алу 66 Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер 66 Қуатты үнемдеуге қатысты ақыл- кеңес 66 Жаңа тағамды тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес 66 Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес 67 Тоңазытқыштың ішкі температурасына қатысты ақыл- кеңес 67 Тоңазыту туралы кеңес 68 Тоңазытылған тағамдарды сақтауға қатысты ақыл-кеңес 68 Күту менен тазалау 69 Мерзімді тазалау 69 Сүзгіні Clean Air Control ауыстыру 70 Желдеткіш торкөзді тазалау 70 Тоңазытқыш мұзын жібіту 70 Тоңазытқыш қырауын еріту 70 Құрылғыны қолданбаған кезде 71 Мазмұны53
![](/img/blank.gif)
Не істерсіңіз, егер... 71 Шамды ауыстыру 74 Есікті жабыңыз 74 Техникалық сиппатама 74 Орнату 75 Орналастыру 75 Орналастыру 75 Электр желісіне жалғау 76 Тасымал құралдарын алу 76Сөре тіреуіштерді алу 77 Бекіткіш тетіктер 77 Есік тұтқаларын орнату 77 Деңгейін реттеу 78 Сүзгіні Clean Air Control орнату 78 Есіктің ашылатын жағын өзгерту 79 Қоршаған орта мәселелері 79 Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие. Қауіпсіздік туралы мағлұматтар Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз және тоңазытқышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз. Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз, себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді. Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі • Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен білімінің аздығына байланысты пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не олардың қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс. Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет. • Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар. • Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек сымын қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар ішіне кіріп қамалып не электр тогының қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып алып тастаңыз. • Егер есігі магнитті тығыздағышпен жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі құрылғының орнына 54 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
![](/img/blank.gif)
қоймақ болсаңыз, ескі құрылғыны ең алдымен оның серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз. Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды. Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар Сақтандыру туралы ескерту! Желдеткіш саңылауларды еш бөгетсіз ашық ұстаңыз. • Құрылғы тағам мен/не сусындарды осы нұсқаулық кітапшасында көрсетілгендегідей қалыпты жағдайда сақтауға арналған. • Жібіту үрдісін жылдамдату үшін еш механикалық құралды не жасанды затты пайдаланбаңыз. • Тоңазытқыш құрылғы ішінде (крем мейкер тәрізді) электр құрылғыларын, өндірушісі олардың осы мақсатта пайдалануға жарамдылығын арнайы көрсетпеген жағдайда пайдаланбаңыз. • Салқындатқыш сұйық жүйесіне еш нұқсан келтірмеңіз. • Құрылғының салқындатқыш жүйесіне салқындатқыш изобутан (R600a) құйылған, бұл қоршаған ортаға аса сай келетін табиғи, бірақ тұтанғыш газ. Құрылғыны тасымалдау мен орнату кезінде оның салқындатқыш жүйесінің еш элементіне нұқсан келмегеніне көз жеткізіп алыңыз. Салқындатқыш жүйеге нұқсан келген жағдайда: – ашық от пен тұтанғыш заттарды аулақ ұстаңыз – құрылғы орнатылған бөлмені мұқият желдетіңіз • Қ ұ р ы л ғ ы ғ а ө з г е р і с е н г і з у н е о н ы қ а н д а й д а б і р ж о л м е н ө з г е р т у г е т ы р ы с у қауіпті болып табылады. Электр сымының зақымдалуы қысқа тұйықталу мен өрт және/не электрдің қатерлі әсеріне ұшырауға әкеліп соқтырады. Назарыңызда болсын! Электрлік компоненттердің кез келгенін (қорек сымы, аша, компрессор) тек уәкілетті қызмет көрсету маманы не білікті қызмет көрсету маманы ауыстыруға тиіс. 1. Қорек сымын ұзартуға болмайды. 2. Электр ашасының құрылғы артында жаншылып не бүлініп қалмағанын тексеріңіз. Жаншылып не бүлініп қалған аша қатты қызып кетіп, өрт қатерін тудыруы мүмкін. 3. Құрылғы ашасына жете алатындығыңызға көз жеткізіңіз. 4. Қорек сымын тартпаңыз. 5. Егер аша сұғылатын розетка босап тұрса, оған ашаны қоспаңыз. Электр қатеріне ұшырау не өрт шығу қаупі бар. 6. Құрылғы шамының қалпағы кигізіліп тұрмаса, құрылғыны қолдануға тиіс емессіз 7) бар ма. • Құрылғы салмағы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болыңыз. 7) Ішкі жарықтама шамының қалпағы Қауіпсіздік туралы мағлұматтар55
![](/img/blank.gif)
• Тоңазытқыш камера ішіндегі заттарды ылғал/су қолмен алмаңыз да, қолыңызды да тигізбеңіз, себебі бұл терінің сыдырылып не аяз/суықтан қолдың үсіп кетуіне әкеліп соқтырады. • Құрылғыны тура түсіп тұрған күн сәулесінің астында ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Күнделікті пайдалану • Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик жерлерге қоймаңыз. • Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі мүмкін. • Тағамды пештің артқы қабырғасындағы ауа шығатын саңылауға тура қарама-қарсы жерге қоймаңыз. 8) • М ұ з д а т ы л ғ а н т а ғ а м д ы ж і б і т і п а л ғ а н с о ң о н ы қ а й т а м ұ з д а т у ғ а б о л майды. • Алдын ала оралған тағамды мұздатылған тағам өндірушінің нұқсауларына сай сақтаңыз. • Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға қатысты ұсыныстарын қатаң орындау керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз. • Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін сусындарды тоңазытқыш камераға қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан келуі мүмкін. • Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін. Күту менен тазалау • Құрылғыны тазалар алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз. • Құрылғыны металл заттармен тазаламаңыз. • Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір заттарды пайдаланбаңыз. Пластик қырғышты пайдаланыңыз. • Тоңазытқыштағы еріген су ағатын саңылауды жиі тексеріп отырыңыз. Қажет болса, саңылауды тазалаңыз. Су ағатын саңылау бітелсе, еріген су құрылғының астына жиналады. • Құрылғы мұзын жылдам еріту үшін, ешқашан шаш кептіргішті немесе басқа қыздырғыш құрылғыларды қолданбаңыз. Артық қызу құрылғының ішкі пластик бөлшектерін бүлдіруі мүмкін және электр жүйесіне ылғал кіріп, оның бойына ток жүгіруіне себеп болуы мүмкін. Орнату Электр желісіне қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият орындаңыз. • Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны сатып алған жерге дереу хабарлаңыз. Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз. • Құрылғыны қоспас бұрын оның майы компрессорға ағып құйылу үшін кем дегенде екі сағат күтіңіз. 8) Құрылғы ішіне қырау жиналмайды 56 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
![](/img/blank.gif)
• Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз болса құрылғы қызып кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты нұсқауларды орындаңыз. • Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын бөлшектерін (компрессор, конденсатор) ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт жағын әрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз. • Құрылғыны радиатор не пештердің қасына жақын орналастыруға болмайды. • Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының қол оңай жететін жерде болуын қамтамасыз етіңіз. • Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз. 9) Қызмет • Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр жұмыстарын электр маманы не білікті адам жүзеге асыруға тиіс. • Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті қызмет көрсету орындары жүзеге асыру керек және құрылғының нағыз өз бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс. Қоршаған ортаны қорғау Бұл құрылғының салқындатқыш сұйығының құрамында да, изоляция материалдарында да озон қабатына зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл құрылғыны тұрмыстық қалдық пен қоқыстар тасталатын жерге тастауға болмайды. Оның изоляция қабаттамасында тұтанғыш газдар бар: құрылғыны жергілікті құзырлы мекемелерден алынатын жарамды ережелерге сай тастау қажет. Салқындатқыш құралға, әсіресе оның қызу алмастырғышқа жақын артқы бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда пайдаланылған белгішесімен белгіленген материалдар қайта өңдеуден өткізуге жарайды. Басқару панелі 1 7 6 5 2 3 4 1Тоңазытқыш температурасының "суығырақ" түймешігі 2Тоңазытқыш температурасының "жылырақ" түймешігі 3ON/OFF түймешігі 9) Су жүйесіне қосу қарастырылған ба Басқару панелі57
![](/img/blank.gif)
OK түймешігі 4Мұздатқыш температурасының "жылырақ" түймешігі 5Бейнебет 6Мұздатқыш температурасының "суығырақ" түймешігі 7Mode түймешігі Бейнебет 8 7 9 1 6 5 2 4 3 1Тоңазытқыш температурасының индикаторы 2“Демалыс” функциясы 3Тоңазытқыш сөндірулі 4Мұздатқыш сөндірулі 5Мұздатқыш температурасының индикаторы 6Ескерту индикаторы 7FROSTMATIC функциясы 8COOLMATIC функциясы 9Бала қауіпсіздігі функциясы Қосу Құрылғыны қосу үшін, мына әрекеттерді орындаңыз: 1. Ашаны розеткаға сұғыңыз. 2. Бейнебет сөніп тұрса, ON/OFF түймешігін басыңыз. 3. Бірнеше секундтан кейін ескерту құралы сигнал береді. Ескерту құралын бастапқы қалпына қайтару үшін, "Жоғары температураны ескерту" тарауын қараңыз. 4. Температура индикаторы бастапқы орнатылған температураны көрсетеді. Орнатылған температураның басқа түрін таңдау үшін, "Температураны реттеу" тарауын қараңыз. Өшіру Құрылғыны сөндіру үшін, мына әрекеттерді орындаңыз: 1. Мына ON/OFF түймешікті 5 секунд басыңыз. 58 Басқару панелі
![](/img/blank.gif)
2. Бейнебет сөнеді. 3. Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін, ашаны розеткадан суырыңыз. Тоңазытқышты немесе мұздатқышты сөндіру Тоңазытқышты немесе мұздатқышты сөндіру үшін: 1. Тиісті белгіше көрсетілгенше, Mode түймешігін басыңыз. Тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың Off индикаторы жыпылықтайды. Тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың температура индикаторынан сызықша көрсетіледі. 2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз. 3. Тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың Off индикаторы көрсетіледі. Тоңазытқышты немесе мұздатқышты қосу Тоңазытқышты немесе мұздатқышты қосу үшін: 1. Тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың температура тетігін басыңыз. Немесе: 1. Тиісті белгіше пайда болғанша, Mode түймешігін басыңыз. Тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың Off индикаторы жыпылықтайды. 2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз. 3. Тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың Off индикаторы сөнеді. Температураны реттеу Тоңазытқыштың және мұздатқыштың орнатылған температурасын температура тетіктерін басып реттеуге болады. Әдепкі температураны орнатыңыз: • тоңазытқыш температурасы +5°C • мұздатқыш температурасы -18°C Температура индикаторлары орнатылған температураны көрсетеді. Орнатылған температураға 24 сағат ішінде қол жеткізіледі. Электр қуаты үзіліп қалса, орнатылған температура сақтаулы қалады. Бала қауіпсіздігі функциясы Түймешіктер байқаусызда іске қосылып кетпес үшін, бала қауіпсіздігі функциясын таңдаңыз. Функцияны іске қосу үшін: 1. Тиісті белгіше пайда болғанша, Mode түймешігін басыңыз. 2. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы жыпылықтайды. 3. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы көрсетіледі. Функцияны ажырату үшін: 1. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы жыпылықтағанша, Mode түймешігін басыңыз. 2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.Басқару панелі 59
![](/img/blank.gif)
3. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы сөнеді. “Демалыс” функциясы Бұл функция ұзаққа созылатын демалыс кездері, тоңазытқышта жағымсыз иіс туғызбай, босатып, жауып қоюға мүмкіндік береді. “Демалыс” функциясы қосылып тұрған кезде, тоңазытқыш камерасының іші бос болуға тиіс. Функцияны іске қосу үшін: 1. Тиісті белгіше пайда болғанша, Mode түймешігін басыңыз. “Демалыс” функциясының индикаторы жыпылықтайды. Тоңазытқыш температурасының индикаторы орнатылған температураны көрсетеді. 2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз. “Демалыс” функциясының индикаторы көрсетіледі. Функцияны ажырату үшін: 1. “Демалыс” функциясының индикаторы жыпылықтағанша, Mode түймешігін басыңыз. 2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз. 3. "Демалыс” функциясының индикаторы сөнеді. Тоңазытқыштың басқа орнатылған температурасын таңдаған кезде, функция өшеді. COOLMATIC функциясы Жылы тағамды көп мөлшерде мысалы, азық-түлік дүкенінен келген соң бірден салғыңыз келсе, тағамдарды неғұрлым тез тоңазытып алу үшін, әрі тоңазытқыштағы тағамдар жылып кетпес үшін, COOLMATIC функциясын қосуды ұсынамыз. Функцияны іске қосу үшін: 1. Тиісті белгіше пайда болғанша, Mode түймешігін басыңыз. Индикатор COOLMATIC жыпылықтайды. Тоңазытқыш температурасының индикаторы орнатылған температураны көрсетеді. 2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз. Индикатор COOLMATIC көрсетіледі. Шамамен 6 сағат өткеннен кейін COOLMATIC функциясы автоматты түрде өшеді. Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай тұрып өшіру үшін: 1. Мына түймешікті Mode, COOLMATIC индикаторы жыпылықтағанша басыңыз. 2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз. 3. Индикатор COOLMATIC сөнеді. Тоңазытқыштың басқа орнатылған температурасын таңдаған кезде функция өшеді. 60 Басқару панелі