Home > AEG > Fridge freezer > AEG S 86340 Kg1 User Manual

AEG S 86340 Kg1 User Manual

    Download as PDF Print this page Share this page

    Have a look at the manual AEG S 86340 Kg1 User Manual online for free. It’s possible to download the document as PDF or print. UserManuals.tech offer 513 AEG manuals and user’s guides for free. Share the user manual or guide on Facebook, Twitter or Google+.

    							Quick Chill функциясы
    Бұл Quick Chill функция, қалбыр және
    бөтелкедегі тағамды суық ауа ағысымен
    дереу қыздыруға көмектеседі.
    Қалбырды/шөлмекті Quick Chill бөтелке
    қойғышқа қойыңыз да, ауа тетігін (1)
    макс. қалпына қойыңыз.
    Функцияны іске қосу үшін:
    1. Тиісті белгіше пайда болғанша, Mode түймешігін басыңыз.
    Индикатор COOLMATIC жыпылықтайды.
    Тоңазытқыш температурасының индикаторы орнатылған
    температураны көрсетеді.
    2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.
    Индикатор COOLMATIC көрсетіледі.
    Салқындатып болғаннан кейін ауа тетігін (1) мин. қалпына қойыңыз.
    Функцияны ажырату үшін:
    1. Мына түймешікті Mode, COOLMATIC индикатор жыпылықтағанша
    басыңыз.
    2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.
    3. Индикатор COOLMATIC сөнеді.
    Шамамен 6 сағат өткеннен кейін Quick Chill функциясы автоматты түрде
    өшеді.
    Бөтелке қойғышты Quick Chill қолданбасаңыз, оны алып қоюға болады.
    FROSTMATIC функциясы
    Мұздатқыңыз келген жаңа тағамды астыңғы камерадан басқа
    камералардың барлығына қоюға болады.
    Функцияны іске қосу үшін:
    1. Тиісті белгіше көрсетілгенше, Mode түймешігін басыңыз.
    Индикатор FROSTMATIC жыпылықтайды.
    Мұздатқыш температурасының индикаторы 
     белгішесін көрсетеді.
    2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.
    Индикатор FROSTMATIC көрсетіледі.
    Жандану басталады.
    Бұл функция 52 сағаттан соң автоматты түрде тоқтайды.
    Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай тұрып өшіру үшін:
    1. Мына түймешікті Mode, FROSTMATIC индикатор жыпылықтағанша
    басыңыз.
    1
    Басқару панелі61
     
    						
    							2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.
    3. Индикатор FROSTMATIC сөнеді.
    Мұздатқыштың басқа орнатылған температурасын таңдаған кезде
    функция өшеді.
    Жоғары температураны ескерту сигналы
    Мұздатқыш камераның ішіндегі температураның жоғарылағаны (мысалы,
    электр қуаты өшкен кезде) төмендегідей көрсетіледі:
    • ескерту сигналының және мұздатқыш температурасының
    индикаторлары жыпылықтайды
    • дыбысты сигнал естіледі.
    Ескерту сигналын тоқтату үшін:
    1. Кез келген түймешікті басыңыз.
    2. Дыбысты сигнал өшеді.
    3. Мұздатқыш температурасының индикаторы, ең жоғары
    температураны бірнеше секунд көрсетіп тұрады. Содан кейін қайта
    орнатылған температураны көрсетеді.
    4. Ескерту индикаторы қалыпты жағдай орнағанша жыпылықтап тұрады.
    Ескерту сигналы тоқтаған кезде ескерту индикаторы сөнеді.
    Бірінші қолдану
    Ішін тазалау
    Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту
    үшін оның іші мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын салынған
    жылы сумен жуып, содан соң мұқият құрғатыңыз.
    Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл құрылғының
    сыртқы қабатына зиян келтіреді.
    Корпустың артқы жағындағы су төгетін
    түтік, суды су жинайтын науаға төгіп
    жатқанын тексеріңіз.
    62
    Бірінші қолдану
     
    						
    							Әркүндік қолдану
    Тоңазытқыш камерасын қолдану
    Бұл камераның температурасын +3°C және +8°C аралығында орнатуға
    болады.
    Қалыпты жұмыс жасап тұрған кезде, индикатор камераның ішкі
    орнатылған температурасын көрсетіп тұрады.
    Әдетте орташа суықтықты таңдаған дұрыс.
    Дегенмен, параметрді дәл тауып орнату үшін құрылғының ішіндегі
    температураның төмендегі жағдайларға тәуелді болатынын ескеру керек:
    • бөлме температурасы
    • есіктің қаншалықты жиі ашылғандығы
    • сақталатын тағамның мөлшері
    • құрылғы орнатылған жер.
    Егер бөлме температурасы жоғары болса не тағам тоңазытқыш ішіне
    толтыра салынса және құрылғы төменгі температурада тұрса, құрылғы
    үздіксіз жұмыс жасап оның қабырғасына қырау тұруы мүмкін. Мұндай
    жағдайда температура тетігін жылырақ температураға қойып, мұздың көп
    қуат шығындамай, өздігінен еріп кетуіне мүмкіндік беру қажет.
    Мұздатқыш камерасын қолдану
    Белгіше  м ұ з д а т қ ы ш т ы ң  ж а ң а  т а ғ а м д ы  м ұ з д а т у ғ а  ж ә н е  т а ғ а м д ы
    ұзақ сақтауға жарайтындығын көрсетеді. Температураны -15°C және
    -24°C аралығына қоюға болады. Температураны -18°C градусқа қоюды
    ұсынамыз, бұл қуатты үнемдеу мен мұздатылған тағамды сақтау үшін
    тиімді температура болып табылады.
    Орнатылған температура мен ағымдық температура арасындағы
    айырмашылық қалыпты болып есептеледі.
    Әсіресе:
    • жаңа параметр жақында таңдалса
    • есік ұзақ уақыт ашық тұрса
    • камераға жылы тағам қойылса.
    Камераның ішкі температурасының айырмашылығы 5°C градусқа дейін
    болса, қалыпты деп есептелінеді.
    Жұмыс жасап тұрған кезде, температура индикаторы орнатылған мәнді
    көрсетеді.
    Мұздатылған тағамды сақтау
    Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт пайдаланбай барып іске
    қосқан кезде, тағамды камераға салмай тұрып, құрылғыны кем дегенде 2
    сағатқа қосыңыз.
    Мұздатқыштағы себеттер оралған тағамдарды дереу, әрі оңай тауып
    алуға көмектеседі. Егер көп мөлшерде тағам сақтағыңыз келсе, ауа Әркүндік қолдану
    63
     
    						
    							айналымын жақсарту үшін, орнында тұруға тиіс астыңғы себеттен басқа
    суырмалардың барлығын алыңыз. Тағамды ең үстіңгі сөреден басқа
    сөрелердің барлығына, ортаңғы сөренің қабырғасында көрсетілген
    салмаққа дейін жеткізіп қоюға болады
    Мысалы, электр қуаты өшіп қалып құрылғы мұзы кездейсоқ жібіп кетсе
    және электр қуаты, техникалық параметрлер кестесінің "температураның
    жоғарлау уақыты" бөлімінде көрсетілген шамадан да ұзақ уақыт жоқ
    болса, тағамды дереу тауысу не пісіріп барып қайта тоңазыту керек
    (салқындатқан соң).
    Жібіту
    Мұздатылған не тоңазытылған тағамды қажетке жаратпас бұрын, осы
    жұмысқа арналған уақыттың шамасына қарай отырып, оны тоңазытқыш
    ішінде не бөлме температурасында жылытуға болады.
    Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан алған бетте мұздаған қалпы
    пісіре беруге болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ болады.
    Clean Air Control Сүзгі
    Құрылғыңыз ауа тетігі қалқанының артқы жағында орналасқан көміртегі
    сүзгісімен жабдықталған.
    Сүзгі тоңазытқыш камерадағы ауаны жағымсыз иістен тазартып,
    тағамның сапасын өз қалпында ұстайды.
    Сүзгі пластик қалтаға салынып жеткізіледі. "Сүзгіні орнату Clean Air
    Control нұсқаулығы" тарауындағы нұсқауларды қараңыз.
    Сүзгі дұрыс жұмыс істеу үшін, ауа тетігінің қалқанын жауып қоюды
    ұмытпаңыз.
    Жылжымалы сөрелер
    Тоңазытқыштың қабырғасында
    сөрелерді қажетті қатарға
    орналастыруға арналған бірнеше
    бағыттағыш жолдар бар.
    Кейбір сөрелерді алу үшін, шет жағынан
    ұстап көтеру керек.
    Ауаның дұрыс айналуын қамтамасыз
    ету үшін, көкөніс салынатын суырманың
    бетіндегі шыны сөрені алмаңыз.
    64
    Әркүндік қолдану
     
    						
    							Көкөніс сөресі
    Бұл көкөніс пен жеміс сақтауға арналған суырма.
    Құрылғының кейбір үлгілерінде, суырманың ішін бөлуге арналған,
    қажеттілікке қарай әр түрлі орынға қоюға болатын бөлгіштер бар.
    Суырманың ішіндегі бөлшектердің барлығын тазалау үшін алуға болады.
    Табиғи қалыпта сақтайтын бөлік
    Табиғи қалыпта сақтайтын бөліктің
    ішіндегі температура 0°C градустан
    тұрақты түрде сәл жоғары тұрады.
    Пайдаланушы үшін бұл температураны
    реттеудің қажеті жоқ.
    Табиғи қалыпта сақтайтын бөліктің екі
    суырмасы бар.
    Астыңғы суырмадағы ауаның
    ылғалдылығы жеміс-жидек, көкөніс
    сақтауға лайықталған.
    Үстіңгі суырма етті, балықты және құс
    етін сақтауға арналған.
    Табиғи қалыпта сақтайтын бөлікте
    сақтауға жарамайтын тағам түрлеріне
    мыналар жатады:
    • Банан, папайя, маракуйя, авокадо
    және цитрус жемістері тәрізді суыққа
    төзімсіз жемістер.
    • Пимиенто, сопақ кәдіш, баклажан,
    картоп және қызанақ тәрізді суыққа
    төзімді емес көкөністер. Мысалы
    алмұрт тәрізді піспеген жемістер
    немесе көкөністер.
    Тағамдардың барлығын табиғи қалыпта
    сақтайтын бөлікке қояр алдында ораңыз. Осылайша тағамның
    ылғалдылығы мен түсін ұзақ уақыт сақтауға болады.
    Жарамды орам материалдары:
    • Ауа өткізбейтін полиэтилен қалта немесе орамдар
    • Қақпағы бар пластикалық сауыттар
    • Алюминий фольга
    Ауаның ылғалдылығын реттеу
    Екі суырмаға реттелмелі ауа саңылаулары салынған. Суырманың ішіндегі
    ылғалдылықты реттеу үшін, сырғытпаларды жылжыту арқылы ауа
    саңылауларын реттеуге болады.
    • Ауа саңылаулары ашық тұрғанда, ауа айналымы күшейіп, суырма
    ішіндегі ылғалдылық азаяды.
    • Ауа саңылаулары жабық тұрғанда, ауаның табиғи ылғалдылығы ұзақ
    уақытқа сақталады.
    Әркүндік қолдану65
     
    						
    							Есіктің сөрелерін орналастыру
    Әртүрлі үлкендікте оралған тағамдарды орналастыру үшін, есіктегі
    сөрелерді әртүрлі биіктікке қоюға болады.
    Сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша
    орнынан шыққанша ақырын тартыңыз
    да, содан соң қажетті орынға қойыңыз.
    Ауа дұрыс айналып тұру үшін, есіктің
    астыңғы сөресін жылжытпаңыз.
    Мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан алу
    Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ алынып
    қалуға немесе құлап кетуге жол
    бермейтін тіреуішпен жабдықталған.
    Оны мұздатқыштан алу үшін, себетті
    өзіңізге қарай тартыңыз да, шегіне
    жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын
    жоғары көтеріп қалыңыз.
    Қайта орнына қою үшін, себеттің
    алдыңғы жағын ақырын ғана көтеріп
    мұздатқышқа салыңыз. Шеткі жақтарын
    келтіріп салғаннан кейін, себеттерді өз
    орындарына қарай итеріңіз.
    Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
    Қуатты үнемдеуге қатысты ақыл-кеңес
    • Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті уақыттан артық уақыт ашып
    тұрмаңыз.
    • Орта температурасы жоғары болса, температура регуляторы ең
    жоғарғы параметрге қойылса және тоңазытқыш ішіне тамақ
    толтырылса салынса, компрессор буландырғыш құралдың үстіне мұз
    қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы мүмкін. Бұндай жағдай орын алса,
    температура регуляторын құрылғы электр қуатын үнемдей отырып
    өздігінен жібу үшін төменгі көрсеткішке қойыңыз.
    Жаңа тағамды тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
    Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
    12
    66
    Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
     
    						
    							• жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз
    • тағамның бетін жабыңыз не оны орап салыңыз, әсіресе ол өткір иісті
    болса
    • тағамды ауа оның айналасында еркін айнала алатындай етіп
    орналастырыңыз
    Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес
    Пайдалы кеңестер:
    Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға орап көкөніс суырмасының
    үстіңгі жағындағы шыны сөреге қойыңыз.
    Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек бір, көп дегенде екі күн ғана
    сақтау керек.
    Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.: бұлардың бетін жауып кез келген
    сөреге қоюға болады.
    Жемістер мен көкөністер: бұларды мұқият тазалап арнайы сөреге (лер)
    салу қажет.
    Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы ауа өткізбейтін сауыттарға салып
    не алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, мүмкіндігінше ауа
    өткізбеуге тырысу қажет.
    Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын жауып, есіктегі бөтелке
    қойылатын қатарға қою қажет.
    Оралмаған банан, картоп, пияз бен сарымсақты тоңазытқышта ұстауға
    болмайды.
    Тоңазытқыштың ішкі температурасына қатысты ақыл-кеңес
    Тоңазытқыштың тиімді ішкі температурасы шамамен +5° C градусқа тең.
    Температура тетігі +5°C градусқа қойылса, тоңазытқыш ішінде орташа
    температура орнағаны көрсетіледі. Тоңазытқыштың үстіңгі жағындағы
    температураның жоғары болуы қалыпты жағдай. Астыңғы жағындағы
    температураның төмен болуы да қалыпты жағдай.
    Егер температура тетігі суық температураға қойылса, бөлме
    температурасы жоғары болады немесе тоңазытқышқа тағам толтырып
    салынса, компрессор ұзағырақ жұмыс жасайды. Тым суық болса,
    температураны жоғары мәнге қойыңыз.
    Тағамды температура сенсорына қарсы
    немесе оған жақын қоймаңыз. Себебі
    тым суық температура орнауы мүмкін.
    Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер67
     
    						
    							Тоңазытқышта сақталған тағамның
    температурасын тексергіңіз келсе, бір
    стакан суды оның дәл ортасына
    қойыңыз да, оған температураны +/– 1
    °C дәлдікте көрсететін термометрді
    салыңыз. 6 сағаттан кейін
    температураны тексеруге болады.
    Температураны тоңазытқыш ішіндегі
    тағам мөлшерін азайтпай өлшеу керек.
    Тоңазыту туралы кеңес
    Төменде тоңазыту үрдісін барынша тиімді жүзеге асыру үшін бірнеше
    маңызды кеңестер берілген:
    • 24 сағат ішінде тоңазытуға болатын ең көп тағам мөлшері техникалық
    ақпарат тақтайшасында берілген;
    • мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы уақыт аралығында
    тоңазытылуға тиіс ешбір қосымша тағамды қосып салуға болмайды;
    • тек аса жоғары сапалы, жаңа және мұқият тазаланған тағамдарды ғана
    тоңазытыңыз;
    • тағамды жылдам әрі толықтай мұздатып, қажетті кезде оның тек қажетті
    мөлшерін ғана жібіту үшін кішкене бөлшектерге бөліп дайындаңыз;
    • тағамды алюминий қағазға не полиэтилен қалтаға орап, орамының ауа
    өткізбейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз;
    • жаңа, мұздамаған тағамды әлдеқашан мұздаған тағамға, оның
    температурасы көтеріле бастамас үшін тигізбеңіз;
    • майы аз тағамдар майлы тағамдарға қарағанда жақсы әрі ұзақ
    сақталады; тұз тағамның сақталу уақытын азайтады;
    • мұз текшелерін мұздатқыш камерадан алған бетте тура пайдаланса,
    аяз теріні қарып кетуі мүмкін;
    • Тағамдарды сақтау уақытының кестесін жасау үшін, тағамның әрбір
    жеке орамасына оның тоңазытылған ай-күнін жазып қою ұсынылады;
    Тоңазытылған тағамдарды сақтауға қатысты ақыл-кеңес
    Құрылғыны аса тиімді пайдалану үшін:
    • сатылып алынатын тағамдардың бөлшек сауда орнында тиісті түрде
    сақталғанын тексеріп алыңыз;
    • мұздатылған тағамдардың тағам дүкенінен тоңазытқышқа
    мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде жеткізілуін қадағалаңыз;
    • есікті жиі-жиі ашып не қажетті уақыттан артық ашып қалдырмаңыз.
    68
    Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
     
    						
    							• Тағамды бірден жібітіп алған соң оның сапасы төмендей бастайды ж ә н е
    қайта тоңазытуға келмейді.
    • Тағам өндірушісі көрсеткен уақыттан артық уақыт сақтамаңыз.
    Күту менен тазалау
    Сақтандыру туралы ескерту!
    Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен
    ағытыңыз.
    Бұл құрылғының салқындатқыш құралында сутегілі көміртек бар;
    сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек уәкілетті
    маман ғана жүзеге асыруға тиіс.
    Мерзімді тазалау
    Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
    • құрылғының іші мен керек-жарақтарын, аздап нейтрал сабын қосылған
    жылы сумен жуыңыз.
    • есіктің тығыздағыштарын жиі тексеріп, қоқыстан арылту үшін, тазалап
    отырыңыз.
    • шайыңыз да, жақсылап құрғатыңыз.
    Камераның ішіндегі түтікше немесе сымдардың ешқайсысын тартуға,
    қозғауға немесе бүлдіруге болмайды.
    Жуғыш заттар, жеміргіш ұнтақ, әтір иісі қатты шығатын тазалағыш зат
    немесе жылтыратқыш балауызбен тазаламаңыз, себебі мұндай заттар
    құрылғының ішкі бетін бүлдіріп, қатты иіс қалдырады.
    Құрылғының артында орналасқан конденсат құрылғысы (қара гриль) мен
    компрессорды шөтке немесе шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай тазалау
    құрылғының жұмысын жақсартып, электр қуатын аз жұмсауға
    көмектеседі.
    Салқындатқыш жүйені бүлдіріп алудан сақтаныңыз.
    Корпусты жылжытқан кезде, еденді сызып кетпес үшін алдыңғы жағынан
    көтеріңіз.
    Ас үйге арналған тазалағыш заттардың көпшілігінің құрамында,
    құрылғының пластикалық бөліктеріне зиян келтіретін/бүлдіретін
    химиялық заттар бар. Сондықтан да, құрылғының сыртқы бетін тазалау
    үшін нейтрал сабын қосылған, жылы суға шайылған жұмсақ шүберекті
    қолданыңыз.
    Жуғыш зат немесе түрпілі түйірлері бар пастаны қолданбаңыз, себебі
    мұндай заттар құрылғының сыртқы бояуын немесе дақ түсуден сақтайтын
    қаптамасын бүлдіреді.
    Тазалап болған соң құрылғыны электр желісіне қайта қосыңыз.Күту менен тазалау
    69
     
    						
    							Сүзгіні Clean Air Control ауыстыру
    Құрылғы жұмысы барынша жақсы болуы үшін, Clean Air Control сүзгіні
    жылына бір рет ауыстырыңыз.
    Жаңа сүзгіні жергілікті сатушыдан сатып алуға болады.
    "Сүзгіні орнату Clean Air Control нұсқаулығы" тарауындағы нұсқауларды
    қараңыз.
    Желдеткіш торкөзді тазалау
    Желдеткіш торкөзді алып жууға болады.
    Есіктің ашық екенін тексергеннен кейін мына әрекеттерді орындаңыз:
    1. Торкөздің үстіңгі шетін сыртқа/
    төмен қарай жылжытып
    босатыңыз.
    2. Торкөзді біржола алу үшін сыртқа
    қарай тура тартыңыз.
    3. Корпустың астыңғы жағын
    шаңсорғышпен тазалаңыз.
    Тоңазытқыш мұзын жібіту
    Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса,
    қырау тоңазытқыш камерадағы
    буландырғыштан, мотор компрессоры
    тоқтаған сайын автоматты түрде
    шығарылады. Еріген су құрылғының
    артындағы, мотор компрессорының
    үстіндегі арнайы контейнерге су
    шығатын саңылау арқылы жиналады да,
    осы жерде буға айналады.
    Еріген суды ағызатын саңылауды су
    ішке қарай ағып, тағамға тамшыламас
    үшін жиі тазалап отыру қажет. Ол
    тоңазытқыш камерадағы
    суырмалардың Natura fresh артқы
    жағында орналасқан.
    Тоңазытқыш қырауын еріту
    Осы үлгідегі мұздатқыш камера, екінші жағынан алғанда "еш қырау
    тұрмайтын" түрге жатады. Бұл құрылғы пайдаланылып тұрғанда
    құрылғының ішкі қабырғаларына да, тағамдырдың үстіне де еш қырау
    тұрмайды дегенді білдіреді.
    Қыраудың болмауы автоматты түрде басқарылатын желдеткіштің
    көмегімен құрылғы ішінде үздіксіз айналыстағы суық ауаның болуына
    байланысты.
    70
    Күту менен тазалау
     
    						
    All AEG manuals Comments (3)

    Related Manuals for AEG S 86340 Kg1 User Manual