Home > Samsung > Washing Machine > Samsung Wf0600nbx Russian Version Manual

Samsung Wf0600nbx Russian Version Manual

    Download as PDF Print this page Share this page

    Have a look at the manual Samsung Wf0600nbx Russian Version Manual online for free. It’s possible to download the document as PDF or print. UserManuals.tech offer 1705 Samsung manuals and user’s guides for free. Share the user manual or guide on Facebook, Twitter or Google+.

    							Кір жуғыш машина
    Тұтынушыға арналған нұсқаулық
    ТАҢҒАЛАРЛЫҚ  МҮМКІНДІКТЕР
    Samsung компаниясының өнімін алғаныңызға
    алғысымызды білдіреміз. Өз құрылғыңызды
    www.samsung.com/register   
    сайтына тіркеңіз.
    WF0704A(B/C/H)(A/E/F/G/H/R/W/X/Y/Z)
    WF0702A(B/C/H)(A/E/F/G/H/R/W/X/Y/Z)
    WF0700A(B/C/H)(A/E/F/G/H/R/W/X/Y/Z)
    WF0708A(B/C/H)(A/E/F/G/H/R/W/X/Y/Z)
    WF0604A(B/C/H)(A/E/F/G/H/R/W/X/Y/Z)
    WF0602A(B/C/H)(A/E/F/G/H/R/W/X/Y/Z)
    WF0600A(B/C/H)(A/E/F/G/H/R/W/X/Y/Z)
    WF0608A(B/C/H)(A/E/F/G/H/R/W/X/Y/Z) WF0704N(B/C/H)(A/E/F/G/H/R/W/X/Y/Z)
    WF0702N(B/C/H)(A/E/F/G/H/R/W/X/Y/Z)
    WF0700N(B/C/H)(A/E/F/G/H/R/W/X/Y/Z)
    WF0708N(B/C/H)(A/E/F/G/H/R/W/X/Y/Z)
    WF0604N(B/C/H)(A/E/F/G/H/R/W/X/Y/Z)
    WF0602N(B/C/H)(A/E/F/G/H/R/W/X/Y/Z)
    WF0600N(B/C/H)(A/E/F/G/H/R/W/X/Y/Z)
    WF0608N(B/C/H)(A/E/F/G/H/R/W/X/Y/Z)
    Бұл нұсқаулық кітапша 100% қайта өңдеуден өткізуге болатын қағазға басылған.
    WF0702NB-02801N-05_KK.indd   12011-9-6   10:11:54   
    						
    							2_ Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі
    Жаңа samsung кір жуғыш 
    машинасының қызметі
    Жаңа кір жуғыш машина сіздің кір жуу жайлы ойыңызды 
    өзгертеді. Өзінің керемет сапасының арқасында Samsung 
    кір жуғыш машинасы жалықтырған жұмысты сүйікті іске 
    айналдырады.• Балалардың киімін жуу жүйесі
    Samsung кір жуғыш машинасында терісі сезімтал балалардың киімін 
    қорғайтын, кір жуу бағдарламасы бар.
    Бұл бағдарламалар балалар терісінің тітіркену қаупін төмендетеді, 
    себебі жуғаннан кейін киімде кір жуғыш ұнтақтың аз ғана бөліктері 
    қалады. Сондай-ақ бағдарламалар кірді түріне қарай бөлуді 
    қарастырады да, кір жуу  кірдің сипаттамасына сәйкес жүзеге асады.
    • Балалардан қорғайтын құлып
    «Балалардан қорғайтын құлып» басқару панелінің бұғаттау қызметі 
    балалардың машина жұмысына араласпауына мүмкіндік береді. 
    Аталған қызметті қосқан кезде машинаны пайдалану процесі ойнап 
    жүрген балалардан қорғалып тұрады.
    • Жууды кейін бастау
    Бұл қызмет кір жуғыш машинасын өзіңізге ыңғайлы уақытта пайдалану 
    үшін (арасы 1 сағаттан 19 сағаттан артық емес) кір жууды кейін 
    бастауға мүмкіндік береді.
    • Жедел 15-минуттік кір жуу
    Сіз уақытыңызды тектен-текке құртпайсыз! 15-минуттік кір жуу Сізге 
    оны бұрынғыдан гөрі ерте аяқтауға мүмкіндік береді.
    Біздің 15 минуттық тез кір жуу бағдарламасы - әрқашан қолы босамай 
    жүретіндерге таптырмас шешім. Енді сүйікті киіміңізді небәрі 15 
    минутта жууға болады!
    • Қолмен жуу бағдарламасы
    Күтімді жуу сәйкес температураға, судың қажет көлеміне және іш-
    киімдерге жұмсақ әсер етуге байланысты жүреді.
    • Керамикалық жылытатын бөлігінің сенімділігі өте 
    жоғары және үнемді (кейбір түрлерінде бар)
    Жаңа керамикалық жылытатын бөлік қарапайым жылытатын бөліктерге 
    қарағанда екі есе сенімді, бұл жөндеуге кететін шығын мөлшерін 
    азайтады. Сондай-ақ мұндай жылытатын бөлікке қатты судан қақ тұрып   
    қалмайды және ол электр энергиясын үнемдеуге көмегін тигізеді.
    WF0702NB-02801N-05_KK.indd   22011-9-6   10:11:54 
    						
    							Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі _3
    • Кеңінен ашылатын есік
    Кеңінен ашылатын есігі қарауға ыңғайлы! Енді төсек жабдықтары, 
    орамал және т.б. сияқты көлемді заттарды да машинаға салып, шығару 
    ешқандай қиындық тудырмайды.
    Бұл нұсқаулықта Samsung кір жуғыш машинасын орнату, қолдану және 
    күту бойынша маңызды ақпараттар бар. Онда басқару панелі қалай 
    жұмыс істейтіндігін, кір жуғыш машинаның мүмкіндіктері мен барлық 
    қызметтерін қалай қолдану керектігін біле аласыз. 33 беттегі 
    «Бүлінулерді жою мен қателер туралы хабарлама»  бөлімінде бүлінулер 
    болған жағдайда не жасау керек екендігі көрсетілген.
    WF0702NB-02801N-05_KK.indd   32011-9-6   10:11:54 
    						
    							4_ Сақтандыру шаралары
    Сақтандыру шаралары
    Сізді жаңа Samsung ActivFreshСБ кір жуғыш машинасын алуыңызбен 
    құттықтаймыз. Осы Нұсқаулықта машинаңызды орнату, пайдалану 
    және оған қызмет көрсету бойынша маңызды ақпараттар бар. 
    Өзіңіздің кір жуғыш машинаңыздың көптеген артықшылықтары мен 
    мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін осы нұсқаулықты оқып шығуға 
    уақыт табуыңызы сұраймыз.
    ҚАУІПСІЗДІК ЖАЙЫНДА НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК
    Өзіңіздің жаңа машинаңыздың көптеген мүмкіндіктері мен қызметін қауіпсіз және 
    тиімді басқаруды білетіндігіңізге сенімді болу үшін осы Нұсқаулықты толық оқып 
    шығуыңызды сұраймыз. Нұсқаулықты сізге болашақта қажет ақпаратты іздеген кезде 
    қолдана алатындай машинаңызға жақын, қауіпсіз жерде сақтаңыз. Машинаны Пайдалану 
    бойынша нұсқаулықта сипатталған мақсаттарда ғана қолданыңыз. Осы нұсқаулықтағы 
    ескертулер мен қауіпсіздік шаралары мен жағдайларды толық қамтымайды. Машинаны 
    орнату, техникалық қызмет көрсету және пайдалану кезінде сіздің сергек болуыңыз, 
    қауіпсіздік шараларын сақтауыңыз және машинаңызға дұрыс күтім жасауыңыз керек.
    Осындағы пайдалану бойынша нұсқаулықтар машиналардың бірнеше түріне 
    арналғандықтан, сіздің кір жуғыш машинаңыздың сипаттамалары осы нұсқаулықта 
    келтірілген сипаттамалардан біршама өзгеше болуы мүмкін, сондықтан да ескерту 
    белгілерінің барлығы сіздің машинаңызға қатысы болмауы мүмкін. Егер сұрақтар бен 
    қиындықтар туындап жатса, жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз немесе 
    кеңестерді www.samsung.com сайтынан алыңыз.
    МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК БЕЛГІЛЕРІ МЕН САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
    Осы тұтынушы нұсқаулығында қолданылатын белгілер мен 
    таңбалар төмендегілерді білдіреді:
    ЕСКЕРТУ
    Дұрыс пайдаланбау немесе қауіпсіздік шараларын 
    сақтамау ауыр жарақат алуға немесе өлімге әкелуі 
    мүмкін.
    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
    Дұрыс пайдаланбау немесе қауіпсіздік шараларын 
    сақтамау  жеңіл жарақат алуға немесе мүліктің 
    бүлінуіне әкелуі мүмкін.
    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
    Өрттің, жарылыстың, электр тоғына соғылудың немесе 
    жарақат алудың пайда болу қаупін төмендету үшін, кір 
    жуғыш машинаны пайдаланған кезде төмендегі сақтандыру 
    шараларын сақтаңыз.
    БҰНЫ жасауға тырыспаңыз.
    Бөлшектемеңіз.
    Ұстамаңыз.
    Нұсқауларды қатаң ұстаныңыз.
    Қосу кабелінің айырын желілік розеткадан ажыратыңыз.
    Электр тоғының соғуына жол бермеу үшін кір жуғыш 
    машинаның жерге қосылғанына көз жеткізіңіз.
    Қызмет көрсету орталығынан көмек сұраңыз.
    Ескерту.
    WF0702NB-02801N-05_KK.indd   42011-9-6   10:11:56 
    						
    							Сақтандыру шаралары _5
    Бұл ескерту белгілері осы жерде сіздің және басқа адамдардың 
    жарақаттануының алдын алу мақсатында орналастырылған. 
    Бұларды мұқият ұстаныңыз.
    Осы бөлімді оқып болғаннан кейін сізге болашақта керек болып қалатын 
    ақпаратты іздеу үшін сенімді жерде сақтаңыз.
    Осы машинаны пайдаланбас бұрын, нұсқаулықты оқып шығыңыз. 
    Бұл машинға да кез келген басқа құралдар сияқты электр қуаты мен 
    қозғалмалы бөлшектер қолданылатындықтан өте қауіпті. Машинамен 
    қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін оның қалай істейтіндігімен танысыңыз және 
    оны пайдаланған кезде күтім жасаңыз.
    Балаларға (немесе үй жануарларына) өзіңіздің кір жуғыш машинаңызда 
    немесе соның ішінде ойнауына жол бермеңіз. Кір жуғыш машинаның есігін 
    іштен ашу өте  қиын, сондықтан балалар машинаның ішінде қалып қойса, 
    қатты зақым келуі мүмкін.
    Бұл машинаны егер қастарында қауіпсіздігіне жауап беретін ЕСКЕРТУ 
    адамдар болмаса физикалық, сезіну немесе ойлау қабілеттері төмен 
    адамдардың немесе тәжірибесі мен білімі жетпейтін адамдардың 
    (балаларды қоса алғанда) пайдалануына болмайды.
    Балалардың машинамен ойнамайтындығына сенімді болу үшін оларға қарап 
    жүріңіз.
    Егер штепсельдік вилка (электр қуатының сымы) зақымдалған болса, оның 
    қауіпсіздігін болдыртпау үшін, оны өндіруші немесе оның сервистік 
    агенті немесе басқа білікті маман алмастыруы керек.  
    Кір жуғыш машинаны штепсельдік вилкаға, су өткізгіш құбырға және су 
    айдағыш құбырларға жететіндей етіп орнату керек. 
    Желдеткіш саңылауы бар кір жуғыш машиналар үшін мұндай саңылаулар 
    кілемдермен немесе басқа да заттармен жабылып қалмауын қамтамасыз 
    етіңіз. 
    Шлангалардың жаңа жинағын пайдаланыңыз, ескі шланг жинақтарын 
    пайдаланбаңыз.
    WEEE БЕЛГІСІНЕ ҚАТЫСТЫ НҰСҚАУЛЫҚТАР
    Бұл машинадан қалай құтылу керек (Керек емес электр және 
    электронды құрылғылары)
    (Қоқысты бөлек жинау жүйесі бар Еуропа Одағы елдеріне және басқа да 
    еуропа елдеріне қатысты)
    Бұйымдағы, қосымша жабдықтардағы немесе баспа өнімдеріндегі бұл 
    белгі бұйымды және оның қосымша электронды құрылғыларын (мысалы, 
    қуаттау құрылғысы, тыңдау құрылғылары, USB кабель) жарамдылық мерзімі 
    аяқталғаннан кейін басқа үй қалдықтарымен бірге лақтыруға болмайтынын 
    білдіреді. Қажет емес заттарды қалай болса солай тастаудың нәтижесінде 
    қоршаған ортаға немесе адамдардың денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін 
    болдырмау үшін көрсетілген бөліктерді тасталатын құрылғының басқа 
    бөліктерінен бөлек алып, материалды ресурстарды тиімді қайта пайдалануға 
    үлес қосу үшін қайтадан кәдеге жаратыңыз.
    Үй тұтынушыларына осы құрылғыны қайтадан экологиялық қауіпсіз пайдалануға 
    оны қайда және қалай өткізуге болатындығын білу үшін сатып алған жеке 
    сатушымен немесе жергілікті билік кеңсесімен байланысқан жөн.
    Бизнеспен айналысатын тұтынушылар, өздерінің жеткізушілерімен байланысып, 
    ережелер мен сатып алу шарттарын тексерулері керек. Бұл бұйымды және оның 
    электронды жабдықтарын басқа коммерциялық қалдықтармен бірге лақтырудың 
    қажеті жоқ.
    ЕСКЕРТУ
    WF0702NB-02801N-05_KK.indd   52011-9-6   10:11:56 
    						
    							6_ Сақтандыру шаралары
    ОРНАТУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТЕТІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАР
    Бұл құралды орнатуды білікті техник немесе қызмет көрсететін компания 
    жүзеге асыруы керек.
    - Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, өртенуге, жарылысқа, 
    бұйымның істен шығуына немесе жарақат алуға әкелуі мүмкін.
    Бұл машинаның салмағы ауыр, оны қалай көтеруді ойластырыңыз.
    Қуаттану шнурын 220 В, 50 Гц, 15 А  ауыспалы тогінің қабырға 
    розеткасына қосыңыз да, бұл розетканы  тек осы машинаны қосу үшін 
    қолданыңыз. Сондай-ақ ұзартқыш сым қолданбаңыз.
    -  Тройник немесе қуаттану шнурын ұзарту арқылы қабырға розеткасына 
    басқа аспапты бір уақытта қосу электр тоғының соғуына немесе 
    өртенуге әкелуі мүмкін.
    -  Қуаттылығы, жиілігі және ток күші бұйымның техникалық 
    сипаттамасында көрсетілген мәндерге сәйкес келетіндігіне көз 
    жеткізіңіз. Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе 
    өртенуге әкеп соғуы мүмкін. Қуаттану айыры қабырға розеткасында 
    орнықты тұруы керек.
    Қуаттану айырының байланысатын жерінен және байланыс қабатынан бөтен 
    заттарды, мысалы, шаң немесе суды құрғақ матамен сүртіп отырыңыз.
    -  Қуаттану айырын шығарып алып, оны құрғақ матамен тазалаңыз. 
    -  Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге 
    әкелуі мүмкін.
    Қуаттану айырын шнуры еденге қарай түсетіндей етіп, қабырға 
    розеткасына дұрыс қосыңыз.
    -  Егер сіз қуаттану айырын розеткаға қуаттану шнуры қарсы бағытта 
    болатындай етіп қосатын болсаңыз, онда шнурдағы электр желісі 
    бүлініп, электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
    Барлық қаптау материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз, 
    себебі қаптау материалдары олар үшін қауіпті болуы мүмкін.
    -  Егер сәби басын қалташаға тығып алса, нәтижесінде тұншығып қалуы 
    мүмкін.
    Егер осы машина, не қуаттану айыры немесе қуаттану шнуры бүлінген 
    болса, жақын маңда орналасқан қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз. 
    Бұл машина жерге берік байланысылуы керек. 
    Машинаны газбен қамтамасыз ету құбыры, су құбырының пластмасса түтігі 
    немесе телефон желісі арқылы жерге байланыстырмаңыз.
    -  Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге, жарылысқа немесе бұйымның 
    жұмыс істемей қалуына әкелуі мүмкін.
    -  Жерге дұрыс қосылмаған розеткаға қуаттану шнурын қоспаңыз. 
    Жерге байланыстыру жергілікті және мемлекеттік ережелерге сәйкес 
    келетіндігіне көз жеткізіңізs.
    Бұл машинаны жылытқыш құралдар мен жанғыш материалдардың жанына 
    орналастырмаңыз. 
    Машинаны ылғалды, май, шаң жерге немесе күн сәулесі және су тікелей 
    түсетін (мысалы, жаңбыр тамшысының астына) жерге орналастырмаңыз.
    Бұл машинаны температурасы төмен жерлерге орнатпаңыз.
    ЕСКЕРТУ
    Сақтандыру шаралары
    WF0702NB-02801N-05_KK.indd   62011-9-6   10:11:56 
    						
    							Сақтандыру шаралары _7
    -  Аяз құбырларды жарып жіберуі мүмкін.
    Бұл машинаны газ шығуы мүмкін жерлерге орнатпаңыз.
    -  Бұл электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
    Электр трансформаторын пайдаланбаңыз.
    -  Бұл электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
    Бүлінген қуаттану айырын, бүлінген қуаттану шнурын немесе мықты 
    орнатылмаған қабырға розеткасын пайдаланбаңыз.
    -  Бұл электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін. 
    Қуаттану шнурынан ұстап тартпаңыз және қатты майыстырмаңыз. 
    Қуаттану шнурын бұрамаңыз және байламаңыз. 
    Қуаттану шнурын темір затқа ілмеңіз, қуаттану шнурына кез келген ауыр 
    затты қоймаңыз, қуаттану шнурын бір заттардың арасына қоймаңыз немесе 
    қуаттану шнурын машинаның артқы қабырғасында орналасқан ұяшыққа 
    қоймаңыз.
    -  Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге 
    әкелуі мүмкін.
    Айырды розеткадан суырғанда қуаттану шнурынан ұстап тарпаңыз.
    -  Айырды розеткадан суырған кезде айырдан ұстап тартыңыз.
    -  Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге 
    әкелуі мүмкін.
    Қуаттану шнуры мен шлангтарды шалынып, құлап қалатын жолға 
    тастамаңыз.
    ОРНАТУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТЕТІН АҚПАРАТТАР
    Бұл машина қуаттану розеткасына қолжетерлік жерге орнатылуы керек.
    -  Бұл талапты орындамау көрінбегендіктен электр тоғының соғуына 
    немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
    Машинаңызды салмағын көтере алатын тегіс, қатты еденге 
    орналастырыңыз.
    -  Бұл талапты орындамау түрлі діріл, машинаның еденде жылжуы, шу 
    немесе олқылықтарға әкелуі мүмкін.
    МАШИНАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА  ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ 
    АҚПАРАТТАРЫ
    Егер машина суға толып кетсе, су көзі мен электр көзін бірден өшіріп, 
    жақын маңайдағы қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.
    - Су қолыңызбен қуаттану айырын ұстамаңыз
    -  Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін
    Егер машинадан бір түрлі дыбыс шығып, өртенген немесе түтіннің иісі 
    шықса бірден қуаттану айырын өшіріп, жақын маңайдағы қызмет көрсету 
    орталығымен байланысыңыз.
    -  Бұл талапты орындамау электр тогынің соғуына немесе өртенуге 
    әкелуі мүмкін.
    Газ шыққан жағдайда (мысалы, пропан, сұйытылған мұнай газы және т.б.) 
    қуаттану айырын ұстамай бірден бөлмені желдетіңіз. Машинаны немесе 
    қуаттану шнурын ұстамаңыз.
    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
    ЕСКЕРТУ
    WF0702NB-02801N-05_KK.indd   72011-9-6   10:11:57 
    						
    							8_ Сақтандыру шаралары
    - Желдеткішті қоспаңыз.
    -  Ұшқын жарылысқа немесе өртке әкелуі мүмкін.
    Балаларды кір жуғыш машинасының ішінде немесе үстінде ойнатпаңыз. 
    Сондай-ақ машинаны тастайтын кезде кір жуғыш машинасы есігінің 
    тұтқасын алып тастаңыз.
    -  Машинаның ішіне кірген бала қамалып, тұншығып қалуы мүмкін.
    Кір жуғыш машинаның астына бекітілген қаптама (губка, пенопласт) 
    машинаны қолданудан бұрын алынып тасталғанына көз жеткізіңіз.
    Машинаның кірленген жерлерін бензинмен, керосинмен, бензолмен, бояу 
    еріткішпен, спиртпен және басқа да өртенгіш немесе жарылғыш заттармен 
    жумаңыз.
    -  Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге және жарылысқа әкелуі мүмкін.
    Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрғанда (жоғары температурадағы сумен 
    жуу/кептіру/сығу режимдерінде) оның есігін күшпен ашпаңыз.
    -  Кір жуғыш машинадан аққан су күйдіруі, еденді сырғанақ етуі мүмкін. 
    Бұл жарақаттануға әкелуі мүмкін.
    -  Есікті күштеп ашу машинаның сынуына немесе жарақат алуға әкелуі 
    мүмкін.
    Қолыңызды машинаның астына тықпаңыз.
    -  Бұл жарақаттануға әкелуі мүмкін.
    Қуаттану айырын су қолмен ұстамаңыз.
    -  Бұл электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.
    Машина жұмыс істеп тұрған кезде оны өшіру үшін қуаттану айырын 
    суырмаңыз. 
    -  Қуаттану айырын қабырға розеткасына қайта тығу ұшқын пайда болып, 
    электр тоғы соғуы мен өртенуге әкелуі мүмкін.
    Балалар мен әлсіз адамдарға қараусыз бұл машинана пайдалануға рұқсат 
    бермеңіз.  Балаларды машинаның үстіне шығармаңыз.
    -  Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, күю немесе жарақат 
    алуға әкелуі мүмкін.
    Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрған кезде қолыңызды немесе басқа бір 
    темір затты астына тықпаңыз. 
    -  Бұл жарақаттануға әкелуі мүмкін.
    Машинаны қуаттану шнурынан тартып өшірмеңіз, айырды мықтап ұстап, 
    қуаттану розеткасынан тікелей суырыңыз.
    -  Шнурдың бүлінуі қысқа тұйықталуға, өртенуге және/немесе электр 
    тоғының соғуына әкелуі мүмкін.
    Машинаны өздігіңізден жөндеуге, бөлшектеп тастауға немесе қайта 
    жасауға тырыспаңыз.
    -  Стандартты ерігіш басқа ерігіш сақтандырғыштарды (мысалы, мыс 
    қойғыш, болат сымы және т.б.) пайдаланбаңыз. 
    -  Егер машинаны жөндеу немесе қайтадан орнату керек болса жақын 
    маңайдағы қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.
    -  Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, өртенуге, машинаның 
    сынуына немесе жарақаттануға әкелуі мүмкін.
    Егер құрылғы басқа зат мәселен, қажет емес жеріне су кіріп кеткен 
    болса жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
    -  Бұл талапты орындамау электр тогынің соғуына немесе өртенуге 
    әкелуі мүмкін.
    Сақтандыру шаралары
    WF0702NB-02801N-05_KK.indd   82011-9-6   10:11:57 
    						
    							Сақтандыру шаралары _9
    Егер су жіберетін шланг краннан шығып кетіп, машинаға су құйыла 
    бастаса қуаттану айырын суырып тастаңыз.
    - Егер су жіберетін шланг краннан шығып кетіп, машинаға су құйыла 
    бастаса қуаттану айырын суырып тастаңыз.
    Егер машина ұзақ уақыт пайдаланылмайтын немесе күн күркіреп/найзағай 
    жарқырап жаңбыр жауса қуаттану айырын ажыратып тастаңыз.
    -  Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге 
    әкелуі мүмкін.
    МАШИНАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА  ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУ АҚПАРАТТАРЫ
    Егер кір жуғыш машина кір жуатын құрал, дақ, тағам қалдықтары сияқты 
    және т.б. бөтен заттармен кірленсе қуаттану айырын ажыратып, оны 
    жұмсақ дымқыл матамен тазалаңыз.
    - Бұл талапты орындамау түсінің оңуына, түрінің өзгеруіне, сынуға 
    немесе тот басуға әкелуі мүмкін.
    Алдыңғы әйнек қатты соққыдан сынып кетуі мүмкін. Кір жуғыш машинаны 
    пайдаланған кезде сақ болыңыз.
    -  Сынық әйнек жарақаттануға әкелуі мүмкін.
    Судың келуі тоқтаған немесе су жүретін шлангты қайтадан қосқан кезде 
    кранды ақырындап ашыңыз. 
    Егер машинаны көптен бері пайдаланбасаңыз, кранды абайлап ашыңыз.
    -  Су жіберетін шлангте немесе су жіберетін құбырда ауа болса, 
    қайсыбір бөлшегінің сынуына немесе судың ағуына әкелуі мүмкін.
    Егер жұмыс істеу кезінде өздігінен су ағып кетсе, су ағызуында ақау 
    бар ма тексеріңіз.
    -  Егер кір жуғыш машина су ағызуының бүлінуінен машина суға толып 
    кетсе, онда ол электр тогынің тарап кетуінен электр тоғының 
    соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
    Кірді кір жуғыш машинаның есігіне қысылып қалмайтындай етіп, 
    толығымен салыңыз.
    -  Егер кір есікке қысылып қалса, ол бүлінуі мүмкін немесе кір жуғыш 
    машина сынып, не су ағып кетуі мүмкін.
    Кір жуғыш машина пайдаланбаған кезде кранның жабық тұруын 
    қадағалаңыз.
    -  Су жіберетін шланг байланыстырғышындағы бұраманың дұрыс тартылып 
    тұрғанына көз жеткізіңіз. 
    -  Бұл талапты орындамау мүліктің бұзылуына немесе жарақаттануға 
    әкелуі мүмкін.
    Резеңке қымтағышта басқа материалдардың (мата қиындылары, жіптер және 
    т.б.) болмауын тексеріңіз.
    -  Есіктің берік жабылмауы судың ағып кетуіне әкелуі мүмкін.
    Машинаны пайдаланар алдында кранды ашып, су жіберетін шланг 
    байланыстырғышы сенімді тартылып тұрғандығына және бұрын ағып тұрған 
    судың тоқтағандығына көз жеткізіңіз.   
    -  Егер бұрама немесе су жіберетін шланг байланыстырғышы мықтап 
    тартылып тұрмаса, судың ағып кетуіне әкелуі мүмкін.
    Өртену немесе жарылыс қаупін төмендету үшін:
    -  Ыстық судың мысалы, сіздің ыстық суды ысытқыш сияқты жүйесінде, 
    егер бұл ысытқыш екі аптадан артық уақыт пайдаланылмаса, онда 
    сутегі қалыптасуы мүмкін. СУТЕГІ ДЕГЕН – ҚАУІПТІ ЖАРЫЛҒЫШ ГАЗ. 
    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
    WF0702NB-02801N-05_KK.indd   92011-9-6   10:11:57 
    						
    							10_ Сақтандыру шаралары
      Егер үйіңіздегі ыстық су жүйесі екі аптадан астам уақыт пайдаланылмаса, ыстық су крандарының бәрін ашып қойыңыз да, 
    кір жуғыш машинаны пайдаланар алдында бірнеше минут бойы суды 
    ағызыңыз. Бұл жиналған бүкіл сутегінің шығып кетуіне мүмкіндік 
    береді. Бұл уақытта темекі шегудің және ашық от жағудың қажеті 
    жоқ, себебі сутегі өртенгіш келеді. Егер газ шығып жатса, электр 
    қуатының айырына тиіспей бірден бөлмені желдетіңіз.
    Машинаның үстіне шықпаңыз және оған заттар (кір, жанған шам, 
    өшірілмеген темекі, ыдыс, химикаттар, темір заттар сияқты және т.б.) 
    қоймаңыз.
    -  Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге, машинаның сынуына немесе 
    жарақаттануға әкелуі мүмкін.
    Машинаның үстіне инсектицидтер сияқты тез буланатын заттарды 
    шашпаңыз.
    -  Олар адамдарға зиянды болумен қатар электр тоғының соғуына, 
    өртенуге және машинаның сынуына әкелуі мүмкін.
    Кір жуғыш машинаның жанына электр магнит аумағын тудыратын 
    приборларды қоймаңыз.
    -  Бұл машина жұмысының бұзылуынан жарақаттануға әкелуі мүмкін.
    Жуу және кептіру режимдерінде төгілетін су жоғары температурада 
    болатындықтан, бұл суға жоламаңыз.
    -  Бұл күюге немесе жарақаттануға әкелуі мүмкін.
    Егер машинаңызда мына заттарды жууға арналған бағдарлама болмаса, 
    орындыққа арналған су өткізбейтін көпшіктерді, шыпта немесе киімдерді 
    (*) жумаңыз, сықпаңыз және кептірмеңіз.
    -  Қалың, қатты циновкаларды жумаңыз. 
    -  Бұл жарақаттануға әкеледі немесе шамадан тыс дірілдің нәтижесінде 
    кір жуғыш машинаны, қабырғаны, еденді немесе киімді бүлдіруі мүмкін.
    *  Жүннен жасалған төсек жабдықтары, жаңбырдан қорғану үшін киетін 
    киімдер, балықшы киімі, шаңғышы шалбары, ұйықтайтын қап, балалар 
    жөргегі, тоқыма спорт киімдері, сондай-ақ велосипедтерді, 
    мотоциклдерді, автомобильдерді жабуға арналған тенттер және т.б. 
    Егер кір жуғыш заттар қорабы орнына қойылмаса, машинаны қоспаңыз.
    -  Бұл электр тоғының соғуына немесе судың ағуынан жарақаттануға 
    әкелуі мүмкін. 
    Кептіру кезінде немесе одан кейін де бактың ішкі жағын ұстамаңыз, 
    себебі ол ыстық.
    -  Бұл күйіп қалуға әкелуі мүмкін.
    Кір жуғыш құралдарды салатын қорапты ашқаннан кейін, қолыңызды 
    салмаңыз.
    -  Бұл жарақаттануға әкелуі мүмкін, себебі сіздің қолыңызды кір жуғыш 
    құралдарды енгізетін құрылғы орап кетуі мүмкін. Кір жуғыш машинаға 
    тек жууға болатын заттардан басқа заттарды (бәтіңке, тағам 
    қалдықтары, жануарлар сияқты) салмаңыз.
    -  Қатты дірілдің нәтижесінде кір машина сынып немесе үй жануарлары 
    жарақаттанып, өлуі де мүмкін.
    Түймешелерді шпилька, пышақ, шеге және т.б. сияқты үшкір заттармен 
    баспаңыз.
    -  Бұл электр тоғының соғуына немесе жарақаттануға әкелуі мүмкін.
    Теріні күтуге арналған заттарды сататын арнайы дүкендерде немесе 
    массаж жасайтын емханаларда сатылатын май, крем немесе лосьонмен 
    ластанған кірлерді жумаңыз.
    Сақтандыру шаралары
    WF0702NB-02801N-05_KK.indd   102011-9-6   10:11:57 
    						
    All Samsung manuals Comments (0)

    Related Manuals for Samsung Wf0600nbx Russian Version Manual