Samsung Wf0600nbx Russian Version Manual
Have a look at the manual Samsung Wf0600nbx Russian Version Manual online for free. It’s possible to download the document as PDF or print. UserManuals.tech offer 1705 Samsung manuals and user’s guides for free. Share the user manual or guide on Facebook, Twitter or Google+.
Сақтандыру шаралары _11 - Бұл тығыздағыш резеңкенің деформацияланып, сыртқа су жіберу жағдайына әкелуі мүмкін. Ағылшын түйреуіші немесе шаш қыстырғыш немесе тюбиктегі ағартқыш сияқты темір заттарды барабанда ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. - Нәтижесінде, барабанды тот басып кетуі мүмкін - Егер барабан бетін тот баса бастаса, оған жуатын құрал (бейтарап) жағып, оны тазалау үшін губканы пайдаланыңыз. Темір щетканы ешқашан қолданбаңыз. Құрғақ химиялық тазалау құралдарын пайдаланбаңыз және құрғақ химиялық тазалау құралдарымен ластанған кірді жумаңыз, шаймаңыз және сықпаңыз. - Бұл мұнай тотығуынан болатын жоғары температураның салдарынан өздігінен тұтанып, өртенуі мүмкін. Салқындатуға/жылытуға арналған құрылғыдағы ыстық суды пайдаланбаңыз. - Бұл кір жуғыш машинаның бүлінуіне әкелуі мүмкін Кір жуғыш машинаға қол жууға арналған сабынды пайдаланбаңыз. - Егер ол қатып, кір жуғыш машинада жиналып қалса, машина бүлініп, түссізденіп, тот басып немесе жағымсыз иіс шығуы мүмкін. Төсек жабдықтары сияқты көлемді заттарды кір жууға арналған торда жумаңыз. - Шұлық және кеуде тартқышты кір жууға арналған торға салыңыз және оларды басқа кірлермен бірге жуыңыз. - Бұл талапты орындамау қатты дірілден жарақаттануға әкеп соғуы мүмкін. Қатып қалған кір жууға арналған құралдарды пайдаланбаңыз. - Олардың кір жуғыш машинада жиналуы судың ағып кетуіне әкеледі. Егер Сіздің кір жуғыш машинаңыздың астыңғы жағында желдеткіш тесіктері болса, осы тесіктердің ауаның жүруіне кедергі жасайтын кілеммен немесе басқа да затпен жабылмағанын тексеріңіз. Машинада жуылатын киімдердің қалтасы бос екендігіне көз жеткізіңіз. - Тиын, ағылшын түйреуіші, шеге, бұрандалы бекіткіш немесе тас сияқты қатты өткір заттар кір жуғыш машинаның бүлінуіне әкелуі мүмкін. Ірі тоқылған, үлкен түймелері немесе басқа да металл ауыр жабдығы бар киімдерді кір жуғыш машинада жумаңыз. ЕСКЕРТУ. КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ТАЗАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ Машинаға жай ғана су шашып, тазаламаңыз. Кір жуғыш машинаны тазалау үшін бензол, еріткіш немесе спиртті пайдаланбаңыз. - Бұл түссізденуге, деформацияға, сынуға, электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін. Кір жуғыш машинаны тазалау немесе оған техникалық қызмет көрсету алдында машинаны қуаттану көзінен қабырға розеткасынан қуаттану айырын суыру арқылы ажыратыңыз. - Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ WF0702NB-02801N-05_KK.indd 112011-9-6 10:11:57
12_ Мазмұны Мазмұны КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ 13 13 ЖИЫНТЫҒЫН ТЕКСЕРУ 14 ОРНАТУ ТАЛАПТАРЫН ТЕКСЕРУ 14 Электр жүйесіне қосу және жерге байланыстыру 14 Су жіберетін шлангті қосу 15 Су ағызатын шлангты қосу 15 Машинаны орнатуға орын таңдау 15 Үй-жайдағы температура 15 Шкафтар мен жабық орындарда орнату 15 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ КІР ЖУУ 21 21 АЛҒАШҚЫ КІР ЖУУ 21 ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛЫҚТАР 22 БАСҚАРУ ПАНЕЛІН ПАЙДАЛАНУ 24 Балалардан қорғайтын құлып 24 Жууды кейін бастау 25 Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу 26 Кір жуу режимін қолмен орнату 26 КІР ЖУУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ 28 КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАР МЕН ҚОСПАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 28 Кір жуу құралдарын пайдалану 28 Кір жуу құралдарына арналған бөлік КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ТАЗАЛАУ ЖәНЕ КүТІП БАПТАУ 29 29 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАДАН СУДЫ ЖЕДЕЛ АҒЫЗУ 29 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫҢ СЫРТЫН ТАЗАЛАУ 30 КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАР БӨЛІГІ МЕН ҚУЫСТАРДЫ ТАЗАЛАУ 31 ҚОҚЫСҚА АРНАЛҒАН СүЗГІНІ ТАЗАЛАУ 32 СУ ЖІБЕРЕТІН ШЛАНГТІҢ ТОР СүЗГІСІН ТАЗАЛАУ 32 ҚАТЫП ҚАЛҒАН КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ЖӨНДЕУ 32 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ САҚТАУ АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОю ЖәНЕ ҚАТЕ ТУРАЛЫ хАБАРЛАМАЛАРДЫ ОҚУ 33 33 АҚАУЛЫҚТАР МЕН ОЛАРДЫ ЖОю ТәСІЛДЕРІ 34 АҚПАРАТТЫҚ КОДТАР. БАҒДАРЛАМАЛАР КЕСТЕСІ 35 35 БАҒДАРЛАМАЛАР КЕСТЕСІ ҚОСЫМША 36 36 КИІМ ЖАПСЫРМАСЫНДАҒЫ МәНДЕРДІ СИПАТТАУ 36 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ 37 СТАНДАРТТАРҒА СәЙКЕСТІГІ ТУРАЛЫ хАБАРЛАУ 37 ТЕхНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ 39 ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЭФФЕКТІ WF0702NB-02801N-05_KK.indd 122011-9-6 10:11:57
Кір жуғыш машинаны орнату _13 01 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ Кір жуғыш машинаны орнату Кір жуғыш машина дұрыс жұмыс істеп, кір жуу кезінде жарақаттану қаупі туындамас үшін осы нұсқаулықты қатаң сақтаңыз. ЖИЫНТЫҒЫН ТЕКСЕРУ Кір жуғыш машинаны қаптамасынан шығарып, тасымалдау кезінде зақымданбағандығын тексеріңіз. Жиынтықта төменде көрсетілген бөлшектердің барлығы бар екендігіне көз жеткізіңіз. Егер кір жуғыш машина тасымалдау кезінде зақымданса немесе жиынтықта бөлшектері түгел болмаса, бірден Samsung қызмет көрсету орталығына немесе Samsung компаниясының дилеріне хабарласыңыз Сомын кілтіТасымалдау бұрандаларының тесіктерін бітеуіш Су жіберу шлангі Шлангті ұстағыш Бітеуіштер Кір жуғыш құралдар бөлігі Басқару панеліДверца Есігі Түзететін аяқтары Жоғарғы бөлігі Қуаттану айыры Су ағызатын шланг Қоқыс жинайтын сүзгі Апатты жағдай су ағызу түтігі Сүзгі қақпағы Барабан Босататын рычаг WF0702NB-02801N-05_KK.indd 132011-9-6 10:11:58
14_ Кір жуғыш машинаны орнату Кір жуғыш машинаны орнату ОРНАТУ ТАЛАПТАРЫН ТЕКСЕРУ Электр жүйесіне қосу және жерге байланыстыру Өртену, электр тоғының соғуы және жарақаттану қаупінің алдын алу үшін сымдар мен жерге байланыстыру ANSI/FNPA №70 стандарттарына және жергілікті нормалар мен ережелерге сәйкес орындалуы керек. Құрылғы иесі құрылғының электр жүйесіне дұрыс қосылуына өзі жауапты.Кір жуғыш машинамен берілетін қуаттану кабелін ғана пайдаланыңыз. Орнатуға дайындық кезінде электр қуаты желісінің төмендегі талаптарға сәйкестігін тексеріңіз: • 220-240 В, 50 Гц, сақтандырғыш немесе автоматты ажыратқыш 15 А. • Кір жуғыш машина басқа құрылғылар қосылмаған жеке қатарға қосылуы керек. Кір жуғыш машина жерге байланыстырылуы керек. Кір жуғыш машина бұзылған немесе сынған жағдайда жерге байланыстыру электр тоғының соғу қаупін азайтады. Егер кір жуғыш машина үш контактілі айырмен келсе, оны дұрыс орнатылған, жерге байланыстырылған розеткаға қосыңыз. Жерге байланыстыруды пластик қабатқа, газ құбырларына, жылыту және су құбырларына қоспаңыз. Жерге байланыстыру дұрыс жүзеге аспаған жағдайда электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін. Машинаны пайдаланар алдында кәсіби электрик жерге байланыстырудың дұрыс орындалғанын тексеру керек. Кір жуғыш машинамен бірге алынған айырды ауыстырмаңыз. Егер айыр розеткаға сәйкес келмесе, кәсіби электриктен сәйкес келетін розетка орнатып беруін сұраңыз. Су жіберетін шлангті қосу Су қысымы 50-800 кПа болған кезде кір жуғыш машина дұрыс жұмыс істейді. Су қысымы 50 кПа-дан төмен болса су клапаны толығымен жабылмай, істен шығуы мүмкін. Сондай-ақ кір жуғыш машинаның сумен толуы рұқсат етілген уақыттан ұзақ болуы салдарынан, құрылғы өшіп қалуы мүмкін. (Ішкі шлангтің жарылып кетуінен судың толып кетуін және су басып кетуін болдырмау үшін кір жуғыш машинаның басқару жүйесіне уақыт шектеуіші қойылған) Су құбыры крандары кір жуғыш машинаның артқы қабырғасынан 122 см –ден аспайтын қашықтықта болуы керек: бұл жағдайда қосылу үшін кір жуғыш машинамен бірге жеткізілген су жіберетін шлангтың ұзындығы жеткілікті болады. Егер шланг ұзындығы жеткіліксіз болса, қажет ұзындықтағы шлангті (305 см дейін) шаруашылық дүкенінен ала аласыз. Судың ағып кету қаупін азайту үшін: • крандарға ыңғайлы қосылуды қамтамасыз етіңіз; • кір жуғыш машина пайдаланылмаса, крандарды жауып жүріңіз; • су ағып кетпегендігін үнемі тексеріп тұрыңыз. Ескерту. Кір жуғыш машинаны алғаш пайдаланардың алдында барлық шлангтерден, клапандардан және крандардан судың ағып тұрмағандығына көз жеткізіңіз. ЕСКЕРТУ ЕСКЕРТУ WF0702NB-02801N-05_KK.indd 142011-9-6 10:11:58
Кір жуғыш машинаны орнату _15 01 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ Су ағызатын шлангты қосу Samsung компаниясы биіктігі 46 см тік құбырды пайдалануға кеңес береді. Су ағызатын шланг ұстағыш арқылы тік құбырға бағытталуы керек. Тік құбырдың ішкі диаметрі суды ағызатын шлангтің сыртқы диаметрінен үлкенірек болуы керек. Су ағызатын шланг кір жуғыш машинаға фабрикада жалғастырылған. Машинаны орнатуға орын таңдау Кір жуғыш машинаны мықты еденге орнатқан жөн. Ағаш еденге орнатқан кезде діріл мен үйлеспеген ауырлықты азайту үшін оны бекітіп қойған жөн. Кір жуғыш машинаны кілемнің немесе жұмсақ плитаның үстіне орнатқан кезде оның дірілі күшейе түседі; сыққан кезде кір жуғыш машина аздап қозғалады. Кір жуғыш машинаны тақтай тұғырға және қатты емес қабатқа орнатпаңыз. үй-жайдағы температура Кір жуғыш машинаны су қатып қалуы мүмкін орындарға орнатпаңыз, себебі машинада әрқашан (су клапанында, сорғыда және шлангтерде) аздаған су қалып қалады. Қатып қалған су жетек тартпасын, сорапты және басқа да бөліктерді бұзуы мүмкін. Шкафтар мен жабық орындарда орнату Кір жуғыш машина қауіпсіз жұмыс істеу үшін саңылаулар төмендегідей болуы керек: жандарынан — 25 мм арт жағынан — 51 мм жоғарғы жағынан — 25 мм алдынан — 465 мм Кептіргіші бар кір жуғыш машинаны орнатқан кезде алдынан кем дегенде 465 мм кем емес саңылау қалдыру керек. Бір кір жуғыш машинаға саңылау қажет емес. КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ 1-ҚАДАМ Машинаны орнатуға орын таңдау Кір жуғыш машинаны орнатпас бұрын. Орнатылатын орын төмендегі талаптарға сәйкес болуына көз жеткізіңіз: • желдетуге кедергі келтіретін кілем және басқа да жапқыштар жоқ тегіс, қатты еден; • орын тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғалуы керек; • оңай желдетілу керек; • температура 0°-тан төмен болмауы керек; • жылу көздерінен (маймен немесе газбен жылытқыштар) алыс орналасу керек; • электр қуаты кабелі кір жуғыш машинаның астында қалып қалмайтындай кең орын. WF0702NB-02801N-05_KK.indd 152011-9-6 10:11:59
16_ Кір жуғыш машинаны орнату 2-ҚАДАМ Тасымалдау бұрандаларын жою Кір жуғыш машинаны пайдаланбас бұрын құрылғының артқы панеліндегі барлық тасымалдау бұрандаларын алып тастау керек. 1. Барлық тасымалдау бұрандаларын кілттің көмегімен босатыңыз. 2. Бұранданы кілтпен ұстап, оны тесіктің үлкен бөлігі арқылы алып тастаңыз. Әр бұранда үшін осы жағдайды қайталаңыз. 3. Тесіктерді қосымша берілетін пластмасса бітеуіштермен жауып тастаңыз. 4. Тасымалдау бұрандаларын болашақта пайдалану үшін сақтап салыңыз. Қаптау материалдары материалдары балаларға қауіп төндіруі мүмкін. Барлық қаптау материалдарын (пластик және полиэтилен қалташалар) балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз. Қақпақ бекіткішін (қалташадағы бөлшектердің біреуі) қуаттану кабелін алған машинаның артқы жағындағы тесікке салыңыз. ЕСКЕРТУ Кір жуғыш машинаны орнату WF0702NB-02801N-05_KK.indd 162011-9-6 10:11:59
Кір жуғыш машинаны орнату _17 01 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ 3 – ҚАДАМ Аяқтарының биіктігін реттеу Кір жуғыш машинаны орнатқан кезде электр қуатының айырына, суды жіберетін және ағызатын шлангтерге ыңғайлы қол жетімді болуына көз жеткізіңіз. 1. Кір жуғыш машинаны керек орынға жылжытыңыз. 2. Егер еден тегіс болмаса, аяқтарын қажет бағытта бұрай отырып биіктігін реттеңіз. 3. Кір жуғыш машина түзу орнаған кезде, бекіткіш сомынды кілтпен тартып тастаңыз. 4 – ҚАДАМ Суды жіберетін және ағызатын шлангтерді қосу Суды жіберетін шлангті қосу 1. Г-пішіндес қондырмасы бар суық су жіберетін шлангты алыңыз да машинаның артқы жағындағы суық суды кіргізетін тесікке қосыңыз. Қосылған жерді қолмен тартып қойыңыз. Су жіберетін шлангтің бір жағы кір жуғыш машинаға, ал екінші жағы суық су құбыры кранына жалғанып тұруы керек. Су жіберетін шланг тартылып тұрмауы керек. Егер шлангтың ұзындығы жеткіліксіз болса, жоғары қысымды ұзын шлангты қолданыңыз. 2. Су жіберетін шлангтың екінші жағын суық су құбырына жалғап, жалғанған жерін қолмен тартып қойыңыз. Қажет болған жағдайда кір жуғыш машинадағы шлангтің орналасуын өзгертуге болады. Ол үшін жалғасып тұрған жерді босатып, шлангты түзеп, қайтадан тартып қойыңыз. Ыстық суға қосу (кейбір түрлерінде) 1. Қызыл Г-пішіндес қондырмасы бар ыстық суды жіберетін шлангты алып, оны машинаның арт жағында орналасқан ыстық су кіретін тесікке жалғаңыз. Жалғанған жерін қолмен тартып қойыңыз. 2. Ыстық суды жіберетін шлангтың екінші жағын ыстық су ағатын су құбырына жалғап, жалғанған жерін қолмен тартып қойыңыз. 3. Егер тек суық суды ғана пайдаланатын болсаңыз, Ү-пішіндес қондырманы пайдаланыңыз. WF0702NB-02801N-05_KK.indd 172011-9-6 10:12:01
18_ Кір жуғыш машинаны орнату Су жіберетін шлангті жалғау (барлық түрлеріне емес) 1. Су жіберетін шлангтен адаптерін шешіп алыңыз. 2. Алдымен крест пішіндес бұрағыштың көмегімен адаптердегі төрт бұранданы босатыңыз. Содан кейін адаптерді алып, адаптердің (2) бөлігін ені шамамен 5 мм саңылау пайда болғанша көрсетілген бағытта бұраңыз. 3. Су құбыры кранына адаптерді жалғап, бұранданы қаттылап тартыңыз. Содан кейін көрсетілген бағытта (2) бөлікті бұрап, (1) және (2) бөліктерді сәйкестендіріңіз. 4. Су жіберетін шлангті адаптерге жалғаңыз. Егер (3) бөлікті босатып жіберсе, шланг автоматты түрде шертпек дыбыспен адаптерге қосылады. Шлангті адаптерге қосқаннан кейін, дұрыс қосылғандығын тексеру үшін шлангті төмен қарай тартып көріңіз. 5. Су жіберетін шлангтің екінші жағын кір жуғыш машинаның артқы жағында орналасқан суға арналған енгізу клапанына жалғаңыз. Шлангтің сомынын сағат тілімен тірелгенше бұраңыз. Кір жуғыш машинаны орнату 3 Адаптер Су жіберетін шланг 1 25 мм 12 Су құбыры WF0702NB-02801N-05_KK.indd 182011-9-6 10:12:02
Кір жуғыш машинаны орнату _19 01 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ 6. Су жібергішті қосып, судың ағып тұрмағандығына көз жеткізіңіз. Егер су ағып тұрса, жалғау үрдісін қайтадан қайталаңыз. Су ағып тұрса, кір жуғыш машинаны пайдаланбаңыз. Бұл жарақаттануға және электр тогынің соғуына әкелуі мүмкін. • Егер кран қондырғысы бұрандалы болса, су жіберетін шлангті кранға суретте көрсетілгендей етіп жалғаңыз. Суды жіберу үшін осы мақсатқа ең ыңғайлысы су құбыры кранын қолданған жөн. Егер кранның диаметрі шектен тыс үлкен болса, адаптерді су құбыры кранына жалғамас бұрын аралық сақинаны алып тастаңыз. ЕСКЕРТУ WF0702NB-02801N-05_KK.indd 192011-9-6 10:12:03
20_ Кір жуғыш машинаны орнату Су ағызатын шлангті қосу Су ағызатын шлангтің ұшын үш түрлі жолмен қосуға болады: 1. Шұңғылша (раковина) жиегі арқылы өткізу. Су ағызатын шланг еденнен санағанда 90 см. жоғары және 60 см. төмен болмауы керек. Шланг майысып тұру үшін кір жуғыш машинамен бірге берілетін пластик шланг ұстатқышты пайдаланыңыз. Шлангті бекіту үшін ұстатқышты қабырғаға ілмекпен немесе кранға жіппен бекітіп қойыңыз. 2. Шұңғылшаның (раковинаның) су ағызатын құбырының бір тармағына қосыңыз. Су ағызатын құбырдың тармағы шлангтың ұшы еденнен 60 см төмен болмайтындай етіп шұңғылшаның (раковинаның) су ағызатын сифонынан жоғары орналасуы керек. 3. Су ағызатын құбырға қосыңыз. Құбырдың ұзындығы 60 см кем, 90 см артық болмауы керек. Биіктігі 65 см тік құбырды пайдалануға кеңес беріледі. 5 – ҚАДАМ Кір жуғыш машинаны электр желісіне қосу Айырды қуаты 220-240 В, жиілігі 50 Гц ауыспалы токтың розеткасына қосыңыз. Розетка 15-амперлі сақтандырғышпен немесе автоматты ажыратқышпен қорғалған болуы керек. (Электр қуаты және жермен байланыстыру талаптары бойынша қосымша ақпарат 14 бетте.) Кір жуғыш машинаны орнату Су ағызатын шланг Шланг ұстатқыш 60–90 см WF0702NB-02801N-05_KK.indd 202011-9-6 10:12:04