Electrolux Esi 68050 Kazakh Version Manual
Have a look at the manual Electrolux Esi 68050 Kazakh Version Manual online for free. It’s possible to download the document as PDF or print. UserManuals.tech offer 208 Electrolux manuals and user’s guides for free. Share the user manual or guide on Facebook, Twitter or Google+.
Шайғыш затты пайдалану Назарыңызда болсын! Тек жуғыштарға арналған, сапалы шаю заттарын пайдаланыңыз. Шаю заттарының қорапшасын ешбір басқа заттармен (мысалы, ыдыс-аяқ жуғышқа арналған тазалағыш затпен, сұйық тазалағыш заттармен) толтырмаңыз. Ол бұйымыңызға зиян келтіруі мүмкін. Шаюға арналған зат ыдыс- аяқтардың әбден шайылып, дақсыз, жолақсыз құрғатылуын қамтамасыз етеді. Шаю заты ең соңғы шаю кезеңінде автоматты түрде қосылады. 1. (A) ашу түймесін басып, қорапшаны ашыңыз. 2. Қорапшаға шаю затын қосып салыңыз. "max" көрсеткіші, шаю затымен толтыру мөлшерінің шегін көрсетеді. Қорапша жуу затын қаншалықты мөлшерде қосатындығыңызға байланысты 16-дан 40-қа дейінгі жуу циклдарына жетерлік 110 мл шаю затын сыйдыра алады. 3. Әрбір толтырудан соң қақпақшаның жабылғанына көз жеткізіңіз. Келесі жолы ыдыстарды жуған кезде көпіршудің алдын алу үшін, шаю затымен толтыру барысында төгілген шаю затын су тартатын матаға сіңіріп алыңыз. Ыдысты жуудың соңғы және құрғату кезеңдеріндегі нәтижелерге қарап,шаю затының қосылу мөлшерін 6 түрлі деңгейге қоятын диск көмегімен көрсетіңіз (1-ші деңгей - ең аз мөлшері, 6-шы деңгей - ең көп мөлшері). Үлестірілу мөлшерінің өндіруші орнатқан деңгейі - 4. Жуғаннан кейін ыдыс-аяқтың үстінде су тамшылары немесе әк дақтары қалса, шайғыш зат мөлшерін көбейтіңіз. Ыдыс-аяқ үстінде ақшыл жолақтар болса немесе шыны ыдыс-аяқ үстінде және пышақтардың жүзінде көкшіл дақтар қалса, шайғыш зат мөлшерін азайтыңыз. electrolux 11
Тұз сауыты уақытылы толтырылып отыруға тиіс. Бұл туралы көрсетілген хабар ескертіп отырады. Бұл тек жуу бағдарламасының басы мен соңында ғана көрсетіліп отырады; бағдарлама орындалып тұрған кезде, тұзбен толтыруды ескертетін шам қосылып тұрмайды. Әркүндік қолдану • Ыдыс-аяқ жуғышқа арналған тұз не шаю затымен толтыру қажеттілігінің бар - жоқтығын тексеріңіз. • Ыдыс-аяқ жуғышқа ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды салыңыз. •Ыдыс-аяқ жуғышты жуу затымен толтырыңыз. • Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды жууға сай келетін жуу бағдарламасын таңдаңыз. • Жуу бағдарламасын бастаңыз. Пайдалы кеңестер Сорғыштарды, үй тазалау шүберектерін және кез келген суды сіңіріп алатын затты ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды. • Ыдыс-аяқты салар алдында: – Тамақ қалдықтары мен басқа қалдықтарды ыдыстардан кетіріңіз. – Жанып жабысып қалған тағам қалдықтарын қазаншаларға салып жібітіп алыңыз • Ыдыс-аяқ пен ас құралдарын машинаға салған кезде, келесі кеңестерге назар аударыңыз:– Ыдыс-аяқ пен ас құралдары айналып тұратын бүріккіш түтіктерге кедергі жасамауы керек. – Су жиналмау үшін кәстрөлдер, стакандар, шыны аяқтар, т, б. сияқты шұңғыл ыдыстардың ауыздарын төмен қаратып салыңыз. – Ас құралдары ыдыс-аяқтардың ішінде, не олар бірінің ұстінде бірі жатпауы керек. – Стакандарға зиян келтірмеу үшін, олар бір-біріне тимеуі керек. – Кішкентай заттарды ас құралдарына арналған себетке салыңыз. • Отқа төзімді пластмасса заттардың және кәстрөлдердің қабырғалары су тамшыларын ұстап қалуға бейім келеді; бұл заттар фарфор немесе темір заттар сияқты тез құрғамайды. • Жеңіл заттар (пластик сауыттар, т.б.) үстіңгі себетке салынып, қозғалмайтындай етіп орналастырылуы керек. 12 electrolux
Ыдыс жуғышта келесі ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жууға болмайды:сыймайтын: • Сабы ағаштан, мүйізден, фарфордан немесе ақықтан жасалған ас құралдары. • Отқа төзімді емес пластик заттар. • Отқа төзімді емес ескі және бөліктері желімделіп құрастырылған ас құралдары. • Байлаулы ас құралдары немесе ыдыс-аяқ. • Қалайы немесе мыс заттар. • Қорғасынды хрусталь. • Тоттануға бейім темір заттар. • Ағаш табақтар. • Синтетикалық талшықтардан жасалған заттар.• Керамикалық заттарды, тек қана өндірушінің нұсқаулығында ыдыс жуғышта жууға болады деп көрсетілген жағдайда ғана жуыңыз. • Жалатылған ыдыс-аяқтар ыдыс жуғыш машинада жиі жуылса әрі кетуі мүмкін. • Күміс және алюминий бөлшектер жуған кезде, түсін өзгертуге бейім келеді: Қыша, жұмыртқаның ағы мен сарысы сияқты қалдықтар, көп жағдайларда күміс заттардың түсінің өзгеруіне себеп болады. Сондықтан жууды кейінге қалдырсаңыз, күміс ыдыс-аяқтардан тамақ қалдықтарын дереу тазалаңыз. Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs Төменгі кәрзеңке Төменгі кәрзеңке кастрюльдерді, қақпақтарды, тәрелкелерді, салат табақтарын және ас құралдарын салуға арналып жасалған. Ыдыс-аяқтар және үлкен қақпақтар, бүріккіштердің еркін қозғалуына мүмкіндік беру үшін, кәрзеңкенің шет жағын жағалата орналастырылуы тиіс. Кастрюльдер, шыны аяқтар мен табақтарды салуға ыңғайлы болу үшін,төменгі кәрзеңкедегі ілгек қатарларын төмендетуге болады. Ас құралдарына арналған қорапша Тігінен орналастырылған ұзын жүзді пышақтар - қауіп-қатердің бірден бір көзі. Ұзын және/не болмаса, ет бұзатын не турайтын өткір пышақтар тәрізді заттар, үстіңгі себетте көлденеңінен орналастырылуы қажет. Пышақ тәрізді өткір заттарды салу немесе шығару кезінде абай болғаныңыз жөн. Шанышқылар мен қасықтарды алынбалы-салынбалы ас құралдары себетіне саптарын төмен қаратып, ал пышақтардың саптарын жоғары қаратып салу керек. electrolux 13
Егер саптар себеттің түбінен шығып қалып, төменгі бүріккішке кедергі жасап тұрса, ас құралдарының саптарын жоғары қарата салыңыз. Қасықтар бір-біріне жабысып қалмау үшін оларды басқа ас құралдарымен араластырып салыңыз. Ас құралдарына арналған себетке ас құралдарын оңай салу үшін ас құралдары себетінің тұтқасын төмендетіңіз. Жақсы нәтижелерге жету үшін ас құралдарына арналған торды пайдаланыңыз. Егер ас құралдарының өлшемі бұл торды қолдануға мүмкіндік бермесе, оны оңайлықпен жасырып қоюыңызға болады. Ас құралдарына арналған себет, осы құралдарды салып орналастыруды ыңғайлы ету үшін бөлуге болатын екі бөліктен тұрады. Қос бөліктің ара жігін ажырату үшін оларды қарама қарсы жақтарға көлденең жылжытып, содан кейін бірінен бірін ажыратыңыз. Себетті қайта құрастыру үшін жоғарыдағы әрекеттерді керісінше орындаңыз. Үстіңгі себет Үстіңгі себет табақшалар, салат сауыттары, шыныаяқтар, стакандар, кәстрөлдер мен қақпақтарды салуға арналып жасалған. Шыныаяқ сөрелеріндегі және олардың астындағы ыдыс-аяқтарды, су барлық жерлеріне жақсылап тиерліктей орналастырыңыз. 14 electrolux
Ұзын бокалдарды шыныаяқтар сөресіне төңкеріп орналастыруға болады. Ұзынырақ заттар үшін ыдыс-аяқ ілгектерін жоғары қарай жиып қоюға болады. Ұзын бокалдарды (көлемдеріне байланысты) орналастыру үшін, ілгектісолға немесе оңға бағыттап орналастырыңыз. Ыдыстарды салуды ыңғайлы ету үшін ілгек қатарларының ортаңғысын еш қиындықсыз төмендетуге болады. Есікті жабар алдында бүріккіш түтіктердің айналуына ешнәрсенің кедергі жасамайтындығына көз жеткізіңіз. Үстіңгі себеттің биіктігін реттеу Егер үлкен тәрелкелерді жуғыңыз келсе үстіңгі себетті жоғары көтергеннен кейін, оларды астыңғы себетке салыңыз. Төменгі себеттегі ыдыстардың ең үлкен биіктігі Үстіңгі себетті көтергенде31 см Үстіңгі себетті түсіргенде27 см Жоғарыға көтеру үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз: 1. Себет тоқтағанға дейін сыртқа қарай тартыңыз. electrolux 15
2. Механизмі өз орнына орнығып себет тұрақтанғанға дейін оның екі жағынан еппен ұстап, жоғары қарай көтеріңіз. Себетті бастапқы орнына түсіру үшін келесі әркеттерді орындаңыз: 1. Себет тоқтағанға дейін сыртқа қарай тартыңыз. 2. Екі жағынан еппен ұстап жоғары қарай жылжыта отырып, механизмдісүйемелдей отырып, жаймен өз орнына қондырыңыз. Сақтандыру туралы ескерту! Себетті ешқашан тек бір жағынан ғана ұстау арқылы көтеруге немесе түсіруге болмайды. Себет ең жоғарғы орынға қойылған кезде: • кеселерді кесе қоятын торға қоймаңыз, • кесе қоятын торлардың жоғары емес төмен қарай жиылып тұрғандығына көз жеткізіңіз. Ашық есіктің қауіп көзі екендігін ескеріп оны ыдыс-аяқтарды салғаннан кейін әрқашан жауып отырыңыз. Тазалау бұйымдарын қолдану Ыдыс-аяқ жуғыш машиналарда пайдалану үшін арнайы шығарылған жуу заттарын ғана пайдаланыңыз. Орауыштың сыртында көрсетілген, өндіруші ұсынып отырған жуу затының қолданылатын мөлшері мен оны сақтау туралы кеңестерге назар аударыңыз. Жуу затын көрсетілген мөлшерден артық пайдаланбау арқылы зиянды заттардың бөлініп, қоршаған ортаны ластамауына өз үлесіңізді қосасыз. Жуғыш затты салу 1. Қақпақшаны ашыңыз. 2. Жуғыш зат сауытына (1) жуғыш заттан салыңыз. Таңбаламалар жуғыш затты қосу мөлшерін көрсетеді: 20 = шамамен 20 г жуғыш затқа тең 30 = шамамен 30 г жуғыш затқа тең. 16 electrolux
3. Алдын ала жуу кезеңінен тұратын барлық бағдарламалар үшін, алдын ала жуғыш зат сауытына (2) жуғыш заттың қосымша(5/10 г)мөлшерін салу керек. Ж у ғ ы ш з а т т ы ң б ұ л қ о с ы м ш а м ө л ш е р і , алдын ала жуу кезеңінде қосылады. Таблетка пішіндес жуу заттарын пайдалану; таблеткаларды сауытқа (1)салыңыз 1 2 4. Қақпақшаны қойып, оны жабылғанға дейін үстінен басыңыз. Әртүрлі өндірушілер өндірген таблетка тәрізді жуу заттарының еру уақыты да әртүрлі болады. Сол себепті, қысқа мерзімдік жуу бағдарламалары қолданылғанда кейбір таблетка пішіндес заттарды пайдалану күткен нәтижеге жеткізбейді. Сондықтан таблетка пішіндес жуу заттарын қолданған кезде, жуу заттарының қалдығы әбден кету үшін ұзақ мерзімдік жуу бағдарламаларын қолданыңыз. Multitabфункция Бұл бұйым құрама жуу таблеткаларын қолдануға мүмкіндік беретін Multitab функциясымен жабдықталған. Бұлар - жуу, шаю және тұзбен жұмсарту тәрізді қасиеттердің барлығын бір өзінде қамтыған жууға арналған заттар. Таблетка пішіндес жуу заттарының ("3in1", "4in1", "5in1", т.с.с.) қандай түрін қолданып отырғаныңызға байланысты,олардың құрамында басқа да қасиетке ие заттардың бар болуы мүмкін. Бұл жуу өнімдерінің судың кермектігіне сай келер-келмесін тексеріңіз. Өндірушінің нұсқауларын оқыңыз. Осы бағдарлама бірден таңдалғаннан кейін, бұдан былай орындалар бағдарламалардың барлығы үшін де белсенді болып тұра береді. electrolux 17
Осы функция таңдалған кезде, шаю заты мен тұздың тиісті контейнерлерден қосылуы тоқтатылып,сандық бейнебеттен көрсетілер шаю заты мен тұзды қосу туралы хабарлар да өшеді. Бүл функцияны қолданған кезде, цикл ұзақтығы өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайда, бағдарламаның орындалу уақыты автоматты түрде сандық бейнебетте жаңартылып отырады. Бағдарлама бірден басталып кеткеннен соң, параметрді өзгертуге БОЛМАЙДЫ. Егер, Multitab функциясын ажыратып қойғыңыз келсе, бағдарлама параметрін тоқтатып барып, функцияны ажыратуыңызға болады. Бұл жағдайда, жуу бағдарламасын қайта орнатуыңыз қажет. Егер құрғату нәтижелері ойдағыдай болмаса, біздің берер кеңесіміз: 1. Шаю затының контейнерін шаю затымен толтырыңыз.2. Шаю затын құюшы құралды белсенді күйге көшіріңіз. 3. Шаю затының қосылатын мөлшерін 2-ші орынға қойыңыз. Егер жеке-жеке шаю заттарын пайдаланғыңыз келсе, біздің берер кеңесіміз: 1. Multitabфункциясын ажыратып қойыңыз. 2. Тұз бен шаю затының контейнерлерін қайта толтырыңыз. 3. Су кермектігінің ең жоғарғы деңгейін орнатып, қалыпты жууға арналған 1 бағдарламаны ыдыс- аяқсыз орындаңыз. 4. Су кермектігінің параметрін аймағыңыздағы су кермектігіне сай орнатыңыз. 5. Шаю затын қосу мөлшерін белгілеңіз. Жуу бағдарламасын таңдау және бастау 1. Кәрзеңкелердің дұрыс толтырылғандығын тексеріп, бүріккіштердің еркін айналуына ешнәрсенің кедергі келтірмейтіндігін тексеріңіз. 2. Су құбырының шүмегінің ашық тұрғандығына көз жеткізіңіз. 3. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басыңыз. Соңғы орындалған жуу бағдарламасы автоматты түрде таңдалады. 4. Ыдыс-аяқ жуғыштың есігін жабыңыз. 5. Жуу бағдарламасын таңдаңыз ("Жуу бағдарламалары" суретін көріңіз). OK түймешігін басып құптаңыз. 6. Қажет болса, бағдарламаны кешіктіріп бастаңыз(кешіктіріп бастау). OK түймешігін басып құптаңыз. 7. Қажет болса, параметрлерді орнатыңыз. 8. Бастау түймешігін басыңыз, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады. "Бастау" түймешігі басылғаннан кейін, сандық бейнебетте тұз/шаюзатының біреуі не екеуіне де қатысты хабар пайда болса, онда бағдарлама басталмайды. Бағдарламаны бастау үшін OK түймешігін басыңыз. • Егер "кешіктіріп бастау" функциясы таңдалса, онда сандық бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы мен аяқталу уақыты пайда болады. Бағдарлама бірден басталып кеткеннен кейін, сандық бейнебеттен: – бағдарламаның кезеңдері, – бағдарламаның қанша уақыт жұмыс істеп тұрғандығы мен оның соңына дейін қалған уақыт шамалары жаңартылып көрсетіледі. Орындалып тұрған "кідіртіп бастау" функциясын болдырмау • "Бастау" түймешігін басып, көрсетілген нұсқауларды орындай отырып, "кешіктіріп бастау" функциясын ажыратасыз да, бағдарламалар мәзіріне қайта ораласыз. 18 electrolux
• "Бастау" түймешігін басыңыз, орнатылған жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады. Назарыңызда болсын! Орындалып тұрған жуу бағдарламасын ТЕК аса қажетті жағдайда ғана тоқтатыңыз не болдырмаңыз. Назар аударыңыз! Есік ашылған кезде ыстық бу шығып кетуі мүмкін. Есікті абайлап ашыңыз. Орындалып тұрған жуу бағдарламасын тоқтату • Машинаның есігін ашыңыз; бағдарлама тоқтайды. Есікті жабыңыз; бағдарлама тоқтаған жерінен әрі қарай жалғаса түседі. Орындалып тұрған жуу бағдарламасын біржола тоқтату • "Бастау" түймешігін басып, көрсетілген нұсқауларды орындай отырып, жуу бағдарламасын тоқтатыңыз да, параметрлерді орнату күйіне қайта оралыңыз. • Егер жаңа жуу бағдарламасын таңдау қажет болса, жуу затына арналғанконтейнерде жуу затының бар- жоқтығын тексеріңіз. Жуу бағдарламасының соңы • Ыдыс-аяқ жуғыш автоматты түрде тоқтайды. • Сандық бейнебетте пайда болған жазу, бағдарламаның аяқталғандығын хабарлайды. Егер сандық бейнебетте тұз/шаю затының біріне не екеуіне де қатысты хабар пайда болып және оларды толтыруды кейінге қалдырып отырсаңыз да бұйымды ажыратып қоюға болады. 1. Машинаның есігін ашыңыз, ыдыс- аяқтарды шығармас бұрын есікті жартылай ашқан күйде бірнеше минут күтіңіз; осылайша ыдыс-аяқтар суыңқырап, құрғату нәтижесі де жақсара түседі. 2. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басып, машинаны ажыратыңыз. Ыдыс жуу машинасын босату • Қызып тұрған ыдыс-аяқ, елеусіз салмақтың әсерінен де сынып кетуі мүмкін. Сондықтан, ыдыс-аяқты жуғыштан шығармас бұрын, суытып алу керек. • Ең алдымен, төменгі кәрзеңкені, сонан соң жоғарғы кәрзеңкені босатыңыз; сонда төмендегі ыдыс-аяққа жоғарғы кәрзеңкеден су тамып кетпейді. • Тот баспайтын темір, ыдыс-аяқтарға қарағанда біртіндеп суыпбасылатындықтан, ыдыс-аяқ жуғыш машинаның қабырғаларында және есігінде су пайда болуы мүмкін. Жуу бағдарламасы аяқталғаннан соң, ыдыс-аяқ жуғышты электр қуаты көзінен ажыратып тастап, су құбырының шүмегін жауып қоюға қенес береміз. Жуу бағдарламалары БағдарламаКірдің ауқымыЫдысты салу түріБағдарлама сипаттамасы 70° ҮдемеАса ластанған Ыдыс-аяқтар, ас құралдары, кастрюльдер мен табақтарАлдын ала шаю Негізгі жуу, 70°C дейін 1 немесе 2 рет аралық шаю Соңғы шаю Құрғату electrolux 19
БағдарламаКірдің ауқымыЫдысты салу түріБағдарлама сипаттамасы Автоматты 1)Кез келген Ыдыс-аяқтар, ас құралдары, кастрюльдер мен табақтарАлдын ала шаю 45°C немесе 70°C дейінгі негізгі жуу 1 немесе 2 рет аралық шаю Соңғы шаю Құрғату 60° Жылдам 2)Қалыпты не аздап кірленгенЫдыс-аяқтар мен ас құралдарыНегізгі жуу, 60°C дейін Соңғы шаю 55° ЖылдамҚалыпты кірленгенЫдыс-аяқтар мен ас құралдарыНегізгі жуу, 55°C дейін 1 рет аралық шаю Соңғы шаю 50° Эко 3)Қалыпты кірленгенЫдыс-аяқтар мен ас құралдарыАлдын ала шаю Негізгі жуу, 50°C дейін 1 рет аралық шаю Соңғы шаю Құрғату 45° Шыны ыдысҚалыпты кірленгенМорт сынғыш ыдыс-аяқтар мен шыны ыдыстарНегізгі жуу, 45°C дейін 1 рет аралық шаю Соңғы шаю Құрғату Табақ жылытқыш4) Бұл бағдарлама, үстелге қоюдан бұрын ыдыстарды жылыту және ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған ыдыстардың шаңын арылту функцияларын қатар атқаруға арналған. 1 рет ыстық сумен шаю Бұл бағдарлама жуу затын қажет етпейді. Алдын ала шаю4) Кез келген.Жартылай толтыру (кешке дейін толтыруды аяқтау үшін).1 рет суық сумен шаю (тамақ қалдықтарының жабысып қалуын болдырмау үшін). Бұл бағдарлама жуу затын қажет етпейді. 1) "Автоматты" жуу бағдарламасы орындалғанда, ыдыс-аяқтардың қаншалықты ластанғаны, судың қаншалықты лайланғанына қарап анықталады. Бағдарламаның ұзақтығы, тұтынылатын су мен қуаттың көлемі де әртүрлі болуы мүмкін; бұл жуғыштың толықтай не жартылай толтырылғандығына, не ыдыс-аяқтардың жеңіл-желпі не өте қатты ластанғанына байланысты. Судың температурасы автоматты түрде 45°C мен 70°C аралығында орнатылады. 2) Жартылай толтырылған ыдыс-аяқ жуғыш үшін тамаша жарайды. Бұл таңертеңгі және кешкі астан қалған ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғысы келетін, 4 адамнан тұратын жанұяның қажеттілігін қанағаттандыруға арналған, күнделікті колдануға жарайтын тамаша бағдарлама. 3) Тексеру өткізетін мекемелер үшін тексеру бағдарламасы 4) Бұл бағдарламаларды қолданғанда, Экстра шаю параметрін таңдау мүмкін емес. Тұтыну параметрлері БағдарламаБағдарлама ұзақтығы (минөт өлшемімен)Қуатты тұтыну (кВт/с)Суды тұтыну (литр өлшемімен) 70° Үдеме110 - 1201,8 - 2,012 - 23 Автоматты90 - 1301,1 - 1,712 - 23 60° Жылдам300,99 55° Жылдам45 - 551,0 - 1,211 - 12 50° Эко 1)150 - 1601,0 - 1,214 - 16 20 electrolux