Home > Electrolux > Dishwasher > Electrolux Esi 68050 Kazakh Version Manual

Electrolux Esi 68050 Kazakh Version Manual

    Download as PDF Print this page Share this page

    Have a look at the manual Electrolux Esi 68050 Kazakh Version Manual online for free. It’s possible to download the document as PDF or print. UserManuals.tech offer 208 Electrolux manuals and user’s guides for free. Share the user manual or guide on Facebook, Twitter or Google+.

    							Қолдану туралы
    нұсқаулары
    ыдыс жуатын машина
    ESI 68050
     
    						
    							Electrolux. Thinking of you.
    Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
    сайтынан танысыңыз.
    Мазмұны
    Жалпы мағлұмат бөлімдері    2
    Өнім сипаттамасы    4
    Басқару панелі    5
    Бірінші қолдану    8
    Су жұмсартқышты баптаңыз    9
    Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды
    қолдану    10
    Шайғыш затты пайдалану    11
    Әркүндік қолдану    12
    Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
     13
    Тазалау бұйымдарын қолдану    16
    Multitabфункция    17
    Жуу бағдарламасын таңдау және
    бастау    18Ыдыс жуу машинасын босату    19
    Жуу бағдарламалары    19
    Күтім және тазалау    21
    Келесі жағдайларда не істеу керек ...
     22
    Техникалық дерек    24
    Тексеру тест өткізетін институттар үшін
    кеңестер    24
    Орнату    25
    Су жүйесіне қосу    26
    Электртоғына қосу    28
    Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
    мағлұматтар    28
      Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
      Жалпы мағлұмат бөлімдері
    Ыдыс-аяқ жуғышты орнатып, ең
    алғаш пайдаланбас бұрын, өз
    қауіпсіздігіңіз бен бұйымды дұрыс
    қолдану мақсатында,
    пайдаланушыға арналған бұл
    нұсқауды, оның ішінде нұсқаудың
    кеңестері мен ескертулеріне назар
    салып оқып шығыңыз. Осы бұйымды
    пайдаланатын адамдардың
    барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен
    тұрмыстық апаттардың алдын алу
    үшін,оның пайдалану тәсілдерімен
    және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
    функцияларымен жете таныс болуы
    керек. Осы қолдану туралы
    нұсқауларды сақтап қойыңыз және
    ыдыс-аяқ жуғышты басқа адамдарға
    бергеніңізде немесе сатқаныңызда,
    оны пайдаланатын әрбір адамның
    бұйымның қолданыс мерзімі
    аяқталғанға дейін оған қатысты
    пайдалану және қауіпсіздік
    шараларынан хабардар болуы үшін,
    нұсқауларды қоса беруді
    ұмытпаңыз.Дұрыс пайдалану
    • Бұл ыдыс-аяқ жуғыш тек қана үйде
    пайдаланатын және ыдыс-аяқ
    жуғышта жууға болатын ыдыс-
    аяқтарды жууға арналған.
    • Ыдыс-аяқ жуғышқа ешқандай
    еріткіштерді салмаңыз. Ол бұйымның
    жарылып кетуіне алып келуі мүмкін.
    • Пышақтар және басқа да үшкір
    заттарды ас құралдарына арналған
    кәрзеңкеге олардың өткір ұштарын
    төмен қаратып салып, не болмаса
    жоғарғы кәрзеңкеге көлденең жатқыза
    салу қажет.
    • Ыдыс-аяқ жуғыштарда пайдалануға
    арналған өнімдерді (жуғыш
    ұнтақтарды, тұзды және шаю
    заттарын) ғана қолданыңыз.
    • Бұйым жұмыс істеп тұрған кезде, оның
    есігін ашпаңыз, ыстық бу шығып кетуі
    мүмкін.
    • Ыдыс жуу циклы бітпейінше, ыдыс-аяқ
    жуғыштан ыдыстарды шығаруға
    болмайды.
    2  electrolux
     
    						
    							• Бұйымды пайдаланып болғаннан соң,
    оны электр қуаты көзінен ажыратып,
    судың берілуін тоқтатыңыз.
    • Бұл өнімді осы бұйымды орнату
    немесе жөндеу үшін рұқсаты бар
    мамандар ғана жөндей алады және
    тек осы фирма шығарған бөлшектерді
    ғана пайдалануға болады.
    • Бұйымды ешқашан өзіңіз жөндемеңіз.
    Тәжірибесіз адам жүргізген жөндеу
    жұмыстары бұйымға зиян келтіреді, не
    болмаса оның дұрыс жұмыс істемеуіне
    алып келеді. Өзіңіздің жергілікті
    қызмет көрсету орталығыңызбен
    хабарласыңыз. Әрқашан осы фирма
    шығарған бөлшектерді пайдалануды
    талап етіңіз.
    Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар
    • Тазалауға арналған заттар көз бен
    ауыз қуысын және көмейді химиялық
    күйікке шалдықтыруы мүмкін. Бұндай
    жағдайдың өміріңізге қауіп төндіруі
    мүмкін! Ыдыс-аяқ жуғыштарға
    арналған жуу заттарын өндірушінің
    қауіпсіздік туралы нұсқауларын
    орындаңыз.
    • Ыдыс-аяқ жуғыштың ішіндегі су ішуге
    жарамсыз. Бұйымның ішінде жуу
    заттарының қалдықтары әлі де бар
    болуы мүмкін.
    • Егер бұйымның ішіне ыдыстарды
    салып, не оларды алып жатпасаңыз,
    ыдыс-аяқ жуғыштың есігі әрдайым
    жабық болуы керек. Осылай істесеңіз,
    кез келген адамның ашылып тұрған
    есікке сүрініп-шалынып, бір жерін
    жарақаттап алуына жол бермейсіз.
    • Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға
    немесе үстіне шығып тұруға
    болмайды.
    Бала қауіпсіздігі
    • Бұл машина тек ересек адамдардың
    пайдалануына арналған. Балаларға
    ыдыс-аяқ жуғышты бақылаусыз
    пайдалануға рұқсат бермеңіз.
    • Машинаның орауыштары мен
    қорабын балалардың қолы жетпейтін
    жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі
    бар.• Барлық жуу заттарын балалар жете
    алмайтын жерде сақтаңыз.
    •Ыдыс-аяқ жуғыштың есігі ашық тұрған
    кезде, балалардың жақын келуіне жол
    бермеңіз.
    Орнату
    • Ыдыс-аяқ жуғышты көлікпен
    тасымалдау барысында ешбір жерінің
    бұзылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
    Бұзылған бұйымды ешқашан электр
    желісінің көзіне қоспаңыз. Ыдыс-аяқ
    жуғышыңыз бұзылып қалса, бұйымды
    сатып алған сатушыңызбен
    хабарласыңыз.
    • Қолданар алдында, оның барлық
    орауыштары мен қорабын алып
    тастауыңыз қажет.
    • Осы бұйымға орнатуға қатысты
    электрлік және су жіберу мен
    қанализация жүйесіне қосу
    жұмыстарын, осы салада
    маманданған және білікті адам жүзеге
    асыруға тиіс.
    • Қауіпсіздік мақсатында осы бұйымның
    техникалық сипаттарына өзгерістер
    кіргізіп немесе өнімнің өзін қандай да
    бір болмасын жолмен өзгертуге
    болмайды.
    • Электр кабелі ақаулыққа ұшырағанда
    немесе су шлангысы бұзылған
    жағдайда; немесе басқару панелі,
    үстіндегі жұмыс алаңы, не ең астыңғы
    қатары бұзылып қалып, оның ішкі жағы
    ашық қалған жағдайда машинаны
    ешқашан пайдаланбаңыз. Қауіп-
    қатерді болдырмау үшін, жергілікті
    қызмет көрсету орталығымен
    хабарласыңыз.
    • Гидравликалық және электрлік
    құрамдас бөліктерге зиян келтірмес
    үшін, ыдыс-аяқ жуғыштың
    қабырғаларын ешқашан бұрғымен
    теспеңіз.
    Назарыңызда болсын! Электр
    желісіне және су құбырына қосарда,
    арнайы бөлімдерде берілген
    нұсқауларды мұқият орындаңыз.
    electrolux  3
     
    						
    							Өнім сипаттамасы
    1. Жоғарғы кәрзеңке
    2. Су қатаңдығы дискісі
    3. Тұзға арналған қорапша
    4. Жуу заттарына арналған қорапша
    5. Шаю заттарына арналған қорапша
    6. Техникалық сипаттары көрсетілген
    тақтайша
    7. Сүзгілер
    8. Төменгі бүріккіш
    9. Жоғарғы бүріккіш
    Ыдыс жуғыш машина есік ашқанда
    жанып, жабылғанда сөнетін ішкі
    шаммен жабдықталған.Ішкі жарықтандыру жүйесі EN
    60825-1 ережесіне сай келетін,
    CLASS 1 жарық диодының шамымен
    жабдықталған: 1994 + A1:2002 +
    A2:2001.
    Егер бұл шамды ауыстыру қажет
    болса, жергілікті қызмет көрсету
    орталығына хабарласыңыз.
    4  electrolux
     
    						
    							Басқару панелі
    1. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігі
    2. Жарықтандырғыш жолақ
    3. Сандық бейнебетте жоғары-төмен
    жылжу түймешігі
    4. Сандық бейнебет
    5. Жоғары-төмен жылжу түймешіктері
    6. OKтүймешік
    7. "Бастау" түймешігі
    8. "Бастапқы" түймешігі
    Сандық бейнебетте көрсетілетін
    хабарлар мен үзік-үзік естілетін
    сигналдар тізбегі, бұйымды
    орнатып, жуу бағдарламалары мен
    параметрлерді таңдау барысында
    басшылық көрсетіп отырады.
    Сандық бейнебетте пайда болатын
    нұсқауларды рет-ретімен
    орындаңыз.
    Жарықтандырғыш жолақ
    Жарықтандырғыш жолақ:
    • бұйым қосылған кезде жанады,
    • бұйым ажыратылған кезде өшеді.
    Ең алғаш рет қосу - тілді таңдау мен
    уақытты орнату
    • On/Off түймешігін басыңыз.
    • Бейнебетте әдепкі тіл туралы жазу
    пайда болады.
    Егер, әдепкі тілді таңдағыңыз келсе,
    OK түймешігін басыңыз.
    • Егер басқа тілді таңдағыңыз келсе;
    бейнебеттен қажетті тілкөрсетілгенше, жоғары және төмен
    түймешіктерінің бірімен тізімді
    аударыстырыңыз.
    OK түймешігін басып құптаңыз.
    • Бейнебетте уақыт параметрін
    орнатуға байланысты жазу пайда
    болады. Бейнебетте көрсетілген
    нұсқауларды рет-ретімен орындай
    отырып, дұрыс уақытты таңдап, OK
    түймешігін басу арқылы құптаңыз.
    Уақыт таңдалғаннан кейін, сандық
    бейнебет үш сегментке бөлініп
    көрсетіледі:
    –Aбағдарламалар мәзірінің сегменті
    –Bуақыт/кідіртіп бастау сегменті
    –Cпараметрлер мәзірінің сегменті
    • Сандық бейнебетте жоғары-төмен
    жылжу түймешігін басу арқылы
    сегментті таңдаңыз. Таңдалған
    сегмент ерекшеленген жиексызықпен
    қоршалып көрсетіледі.
    • Жоғары-төмен жылу түймешіктерінің
    бірін қолданып бар мәзірді ашыңыз.
    Бағдарламалар мәзірінің сегменті
    Бағдарлама және уақыт ұзақтығы
    көрсетіледі:
    electrolux  5
     
    						
    							• Сегментті жоғары-төмен жылу
    түймешіктерінің бірін басып таңдаңыз.
    Таңдалған сегмент жазылып, онда
    бағдарламалар тізімі мен ұзақтығы
    көрсетіледі.
    • Тізімді ашу үшін бағдарламаны
    аударыстыру түймешігін басыңыз.
    •OK түймешігін басып құптаңыз не
    параметрді сақтау үшін бірнеше
    секунд күте тұрыңыз.
    Сандық бейнебетте үш сегмент қайта
    пайда болады.
    Бағдарламалар мәзірі сегментінен,
    таңдалған бағдарлама мен оның
    ұзақтығы көрсетіледі.
    Уақыт сегментінен бағдарлама
    аяқталғанға дейін қалған уақыт шамасы
    көрсетіледі (уақыт + бағдарлама
    ұзақтығы).
    Уақыт сегменті
    Бағдарламаның басталуын 19 сағатқа
    дейін кешіктіруге мүмкіндік береді.
    • Сегментті таңдау үшін сандық
    бейнебетте жылжу түймешігін
    басыңыз.• Бағдарлама аяқталатын уақытты
    өзгерту үшін жоғары-төмен жылжу
    түймешіктерінің бірін басыңыз.
    – Сегменттің жоғарғы жағынан,
    орнатылған кідіртіп бастау уақыты
    ерекшеленіп көрсетіледі.
    – Сегменттің төменгі жағынан,
    бағдарламаның соңына дейін
    қалған уақыттың жаңартылып
    отырғанын көресіз.
    •OK  түймешігін басып құптаңыз не
    параметрді сақтау үшін бірнеше
    секунд күте тұрыңыз.
    Мәзір параметрлерінің сегменті
    Сегментті таңдау үшін, сандық
    бейнебетте жылжу түймешігін басыңыз.
    Параметрлер тізімін көру
    үшін(таңдалған параметр ерекшеленіп
    көрсетіледі) жоғары-төмен жылжу
    түймешіктерінің бірін басыңыз.
    Бұл сегментте келесі функциялар қамтылған:
    Параметрлер мәзіріҚосымша мәзір
    Экстра шаю
    Орнатылған бағдарламаға тағы бір шаю кезеңін қосады. Барлық
    жуу бағдарламаларының құрамына бірдей кірмейді ("Жуу
    бағдарламалары" кестесін көріңіз).Қосу(ON)
    Өшіру (OFF)
    Multitab
    Multitabфункциясы; құрама жуу таблеткаларын қолдануға
    мүмкіндік береді( "Multitab функциясы" туралы оқыңыз).Қосу(ON)
    Өшіру (OFF)
    • Параметрді өзгерту үшін OK
    түймешігін басыңыз.
    • Басқа параметрлер тізімін ашып көру
    үшін, жоғары-төмен жылжу
    түймешіктерінің бірін басыңыз.
    • Параметрлер мәзірінен шығу үшін,
    "бастапқы" түймешігін басыңыз не
    бірнеше секунд күте тұрыңыз.• Параметрлер таңдалғаннан соң,
    оларға қатысты белгіше, параметрлер
    мәзірі сегментінен тұрақты көрсетіліп
    тұрады.
    Параметрлер мәзіріҚосымша мәзірПараметр сипаттамасы
    Жуу гидіБағдарлама гидіЖуу бағдарламалары туралы
    мәлімет береді.
    Параметр гидіПараметрлер туралы
    мағлұмат береді.
    6  electrolux
     
    						
    							Параметрлер мәзіріҚосымша мәзірПараметр сипаттамасы
    ДеморежимБұл бұйымның басқару
    жүйесін қолдануды
    көрсететін қысқа деморежим.
    Қосу(ON)
    Өшіру (OFF)
    АртқаПараметрлер мәзіріне кері
    қайтуға мүмкіндік береді
    • Қосымша мәзірге кіру үшін OK
    түймешігін басыңыз.
    • Тізімді көрсету үшін, жоғары-төмен
    жылжу түймешіктерінің бірін басыңыз.
    • Қосымша мәзірді таңдау үшін OK
    түймешігін қайта басыңыз.
    Бағдарлама гиді  және Параметр гиді
    • Жоғары-төмен жылжу түймешіктерінің
    бірін басып мәліметті оқып шыға
    аласыз.
    •OK түймешігін басыңыз.
    •Артқа түймешігін таңдап, OK
    түймешігін басу арқылы параметрлер
    мәзіріне қайтып ораласыз.
    • Параметрлер мәзірінен шығу үшін,
    "бастапқы" түймешігін басыңыз не
    бірнеше секунд күте тұрыңыз.Деморежим
    • Әдепкі жағдайда деморежим белсенді
    күйде тұрмайды; белсенді күйге көшіру
    үшін OK түймешігін басыңыз. Сандық
    бейнебет үш сегментке бөлініп,оның
    сол жақ жоғарғы бұрышында DEMO
    жазуы пайда болады.
    • Енді жоғары-төмен жылжу
    түймешіктерін басу арқылы,әртүрлі
    баптаулар мен параметрлерді таңдап
    жаттығуға, әрі жуу бағдарламасын
    бастап жаттығып көру мүмкіншілігі
    бар.
    • Бұйымның қалыпты жұмыс істеу күйіне
    қайтып оралу үшін деморежимді
    ажыратып қою керек.
    Параметрлер
    мәзіріҚосымша мәзірПараметр сипаттамасы
    ПараметрлерТіл(*)Хабарлар көрсетілетін тілді
    таңдауға мүмкіндік береді.
    Дыбыс қатаңдығы(*)Естілерлік дыбыс сигналдарының
    қатаңдық деңгейін реттеуге
    мүмкіндік береді. 5 түрлі деңгейі
    бар
    Қосу(ON)
    Өшіру (OFF) (0 деңгейі)
    Уақыт(*)Уақытты орнатуға мүмкіндік береді.
    Жарықтылық(*)Сандық бейнебеттің
    жарықтылығын ұлғайтып не
    азайтуға мүмкіндік береді.
    10 түрлі деңгейді таңдауға болады.
    Контраст(*)Сандық бейнебеттің контраст
    деңгейін күшейтіп не азайтуға
    мүмкіндік береді.
    10 түрлі деңгейді таңдауға болады.
    Әдепкі параметрлерді орнатуӨндіруші орнатқан параметрлерді
    қайта орнатады.
    electrolux  7
     
    						
    							Параметрлер
    мәзіріҚосымша мәзірПараметр сипаттамасы
    Судың кермектігі(*)Су жұмсартқышты электрондық
    тәсілмен орнатуға мүмкіндік
    береді.
    Шайғыш затШайғыш зат үлестіргішін белсенді
    түрге көшіруге/өшіруге мүмкіндік
    береді.
    Өндіруші орнатқан параметрлер:
    қосылды
    Қосу(ON)
    Өшіру (OFF)
    Түймешік кілтіТүймешіктер басылып
    қалып,басқару жүйесі теріс
    қолданылып кетпес үшін оларды
    бекітіп қоюға мүмкіндік береді.
    Қосу(ON)
    Өшіру (OFF)
    АртқаПараметрлер мәзіріне қайта оралу
    үшін OK түймешігін басыңыз.
    • Параметрлер мәзірін Параметрлер
    пайда болғанша аударыстырыңыз.
    •Басыңыз OK.
    • Қосымша мәзірді қажетті параметр
    көрсетілгенше аударыстырыңыз.
    Жұлдызша(*)белгісі бар қосымша мәзір
    үшін
    •OK түймешігін басыңыз, ағымдық
    параметр жанып-сөніп, оны өзгертуге
    болатындығын білдіреді.
    • Жаңа параметрді таңдау үшін,
    жоғары-төмен жылжу түймешіктерінің
    бірін қайта-қайта басыңыз.
    • Параметрді сақтау үшін OK түймешігін
    басыңыз не бірнеше секунд күте
    тұрыңыз.
    Түймешік кілті
    Осы функция белсенді тұрған кезде, ең
    соңғы параметрді таңдағаннан кейін 15минөт өткенде түймешіктер бекітіліп,
    басқару жүйесін қолдану енді мүмкін
    болмайды.
    Функцияны уақытша ажыратып
    қоюға болады,ол үшін кез келген
    түймешікті басып ұстап тұрыңыз
    содан соң түймешіктерді кілттеу
    функциясын қалай ажыратуға
    қатысты көрсетілген нұсқауды
    орындаңыз.
    15 секунд уақыт өткен кезде функция
    қайта іске қосылады.
    Түймешік кілтін ажыратып қою үшін
    параметрлер мәзіріне барып,
    параметрді өзгертіңіз.
    Бірінші қолдану
    Ыдыс-аяқ жуғышты ең алғаш рет
    қолданар алдында:
    • Электр көзіне және су жүйелеріне
    қосылу жұмыстарының, орнату
    нұсқауларына сәйкес жүзеге
    асырылғандығына көз жеткізіңіз.
    • Бұйымның ішінен барлық
    орауыштарды алып тастаңыз
    • Суды жұмсартқышты баптаңыз• Тұз қорапшасының ішіне 1 литр су
    құйып, содан кейін ыдыс-аяқ жуғышқа
    арналған тұзды салыңыз
    • Шаю заттарына арналған қорапшаны
    толтырыңыз
    8  electrolux
     
    						
    							Егер таблетка пішіндес, келесі
    көрсетілгендегідей құрама жуу
    заттарын пайдаланатын болсаңыз:
    "3 қасиетке ие 1 зат", "4 қасиетке ие1 зат", "5 қасиетке ие 1 зат", т.б.,
    "мульти-таб" функциясын қосыңыз.
    ("Мульти-таб функциясы" бөлімін
    оқыңыз).
    Су жұмсартқышты баптаңыз
    Ыдыс-аяқ жуғышыңыз, қосылатын судың
    құрамындағы машинаға зиян келтірерлік
    немесе оның қызметінің тиімділігін
    төмендетерлік минералдар мен
    тұздарды алып тастауға лайықтап
    жасалған суды жұмсартқышпен
    жабдықталған.
    Осы минералды заттар мен тұздардың
    мөлшері неғұрлым көп болса, судың
    қатаңдығы да соғұрлым жоғары болады.
    Су қатаңдығы балама өлшемдер арқылы
    өлшенеді - Германияның өлшемі (°dH),
    Францияның өлшемі (°TH) және ммоль/л
    (бір литрдегі миллимоль - су қатаңдығын
    өлшейтін халықаралық өлшемі).
    Суды жұмсартқыш аймағыңыздағы су
    қатаңдығына сәйкес лайықтанған болуы
    керек. Аймағыңыздағы су қатаңдығы
    туралы мәліметтерді жергілікті су
    шаруашылығын басқаратын мекемеден
    ала аласыз.
    Суды жұмсартқыш екі тәсіл арқылы
    реттелуге тиіс: су қатаңдығы
    деңгейін өзгертетін сандық диск
    арқылы қолмен өзгертіледі және
    электронды түрде.
    Қолмен баптау
    Ыдыс жуғыш машинаның өндіруші
    орнатқан деңгейі - 2.1. Ыдыс жуғыш машинаның есігін
    ашыңыз.
    2. Ыдыс жуғыш машинадан астыңғы
    себетті шығарыңыз.
    3. Су кермектігі дискісін 1-ші немесе 2-
    ші орынға орнатыңыз (кестеге
    қараңыз).
    4. Астыңғы себетті орнына қойыңыз.
    Электрондық тәсілмен баптау
    Ыдыс жуғыш машинаның әдепкі деңгейі
    - 5.
    Параметрлер мәзірінен - Параметрлер  -
    Су кермектігі баптауын ашыңыз.
    Жоғары-төмен жылжу түймешіктерін
    қолдану арқылы су жұмсартқыштың
    деңгейін, аймағыңыздағы судың
    кермектігіне сәйкес орнатыңыз (суретті
    көріңіз).
    Су кермектігіСу кермектігіның параметрін баптауТұзды
    қолда
    ну
    °dH°THммоль/лқолменЭлектрондық
    тәсілмен
    51 - 7091 - 1259,1 - 12,5210-шы деңгейиә
    43 - 5076 - 907,6 - 9,029-шы деңгейиә
    37 - 4265 - 756,5 - 7,528-ші деңгейиә
    29 - 3651 - 645,1 - 6,427-ші деңгейиә
    23 - 2840 - 504,0 - 5,026-шы деңгейиә
    19 - 2233 - 393,3 - 3,925-ші деңгейиә
    15 - 1826 - 322,6 - 3,214-ші деңгейиә
    11 - 1419 - 251,9 - 2,513-ші деңгейиә
    4 - 107 - 180,7 - 1,812-ші деңгейиә
    electrolux  9
     
    						
    							Су кермектігіСу кермектігіның параметрін баптауТұзды
    қолда
    ну
    °dH°THммоль/лқолменЭлектрондық
    тәсілмен
    < 4< 7< 0,711-ші деңгейжоқ
    Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды қолдану
    Назарыңызда болсын!
    Ыдыс-аяқ жуғыш үшін өндірілген тұзды
    ғана пайдаланыңыз. Ыдыс-аяқ жуғыш
    машинада пайдалануға арналмаған
    басқа тұз түрлері, әсіресе, ас тұзы су
    жұмсартқышқа зиян келтіруі мүмкін. Тұз
    қорапшасын тұзбен толық жуу
    бағдарламаларының бірін қосар
    алдында ғана толтырыңыз. Бұл тұз
    түйірлерінің немесе тұзды судың
    машина түбіне төгіліп қалып, төгілген
    жерінде ұзақ уақыт жатып қалып
    коррозияны тудырудың алдын алу үшін
    қажет.
    Толтыру үшін:
    1. Есікті ашыңыз, төменгі кәрзеңкені
    алып тастап, тұз қорапшасының
    қақпақшасын сағат бағытына қарсы
    айналдырып ашыңыз.
    2. Қорапшаның ішіне 1 литр су құйыңыз
    (қорапшаны ең алғаш рет тұзбен
    толтырғанда ғана осылай істеңіз) .
    3. Берілген құйғышты пайдалана
    отырып, қорапшаны тұзбен әбден
    толтырыңыз.4. Қақпақшаны орнына салып,
    қақпақшаның бұранда жолақтарында
    немесе нығыздағышында тұздың
    тұрып қалмағанына көз жеткізіңіз.
    5. Қақпақшаны сағат тілінің бағытына
    қарай "сырт" етіп тоқтағанға дейін
    бұрай отырып, өз орнына келтіріп
    нықтап жабыңыз.
    Қорапша тұзбен толтырылып
    жатқанда, су шетінен асып төгілсе,
    алаң болмаңыз, бұл қалыпты
    жағдай.
    Тұз сауыты уақытылы толтырылып
    отыруға тиіс.
    Бұл туралы көрсетілген хабар ескертіп
    отырады.
    Бұл тек жуу бағдарламасының басы мен
    соңында ғана көрсетіліп отырады;
    бағдарлама орындалып тұрған кезде,
    тұзбен толтыруды ескертетін шам
    қосылып тұрмайды.
    Тұзбен толтыру жөніндегі хабар
    ыдыс жуғыш қосылулы тұрса, тұз
    толтырылғаннан соң 2 сағаттан 6
    сағатқа дейін көрсетіліп тұрады.
    Егер ұзақ еритін тұзды
    пайдалансаңыз, бұл уақыт шамасы
    да арта түседі. Машинаның
    жұмысына кері әсерін тигізбейді.
    10  electrolux
     
    						
    All Electrolux manuals Comments (0)

    Related Manuals for Electrolux Esi 68050 Kazakh Version Manual