Samsung Rl 57 Tte5k Russian Version Manual
Have a look at the manual Samsung Rl 57 Tte5k Russian Version Manual online for free. It’s possible to download the document as PDF or print. UserManuals.tech offer 1705 Samsung manuals and user’s guides for free. Share the user manual or guide on Facebook, Twitter or Google+.
Орнату және теңшеу _9 01 ОРНАТУ ЖӘНЕ ТЕҢШЕУ ТОҢАЗЫТҚЫШ ЕСІКТЕРІН ОРНАТУ (ЖАЛҒАСЫ) 6. Екі бұраманы алып тастап, алдыңғы аяғының қақпағын шешіңіз. 7. Астыңғы ілгекті ұстап тұратын екі бұрандама мен шешіп алынған төменгі ілгек бекітілетін алдыңғы аяғының жанындағы, сол жағындағы бұрандаманы бұрап алыңыз. Демонтаждау және құрастыру кезінде ыңғайлы болу үшін төменгі ілгекті шешіп аларда алдыңғы аяқтарын сәл ғана сағат тілі бойынша бұрап қойыңыз. 8. Төменгі ілгектегі осьтің қалпын өзгертіңіз. Автоматты бағыттауыштағы бұрама мен төменгі ілгектегі осьті 11 миллиметрлік сомын кілттің көмегімен алып тастаңыз. Төменгі ілгектің осін сол жағына бекітіп, автоматты бағыттауышты қарама- қарсы жаққа орнатыңыз. 9. Төменгі ілгекті 8-сатыда алып тасталынған бұрандама орналасқан жерге, тоңазытқыштың төмендегі сол жағына бекітіңіз. Келешекте пайдалау үшін бұрандаманы тоңазытқыштың төменгі оң жағындағы тесікке қайта бұрап салыңыз. 10. Төменгі ілгектің қақпағын басқа жағына орнатып, алдыңғы аяғының қақпағын тоңазытқыштың төменгі бөлігіне бекітіңіз. 11. Ортаңғы ілгек қақпағын, бұрама мен бұраманың қақпағын сол жақтан оң жаққа ауыстырыңыз. 12. Мұздату камерасының төменгі оң жақтағы есігіндегі бұраманы алып тастаңыз. Есіктің шектегіштері мен төлкені оң жағынан сол жағына ауыстырыңыз. 13. Ілгектің төлкесі мен төлкенің қақпағын тоңазытқыш есігінің жоғарғы бөлігіне ауыстырыңыз. БұрамаларАлдыңғы аяғының қақпағы 10mm 10mm Төменгі ілгек осі Автоматты бағыттауыш Бұрама Төменгі ілгектің қақпағы Бұраманың қақпағы Ортаңғы ілгектің қақпағы БұрамаБұрама Төлкенің қақпағы Ілгектің төлкесі Төлкенің қақпағы Колпачок втулки %# JOEC4FD%# JOEC4FD..
10_ Орнату және теңшеу ТОҢАЗЫТҚЫШ ЕСІКТЕРІН ОРНАТУ (ЖАЛҒАСЫ) 14. Мұздату камерасының есігін абайлап орнына орнатыңыз. Ортаңғы ілгекті сол жағынан екі бұрандамамен бекітіңіз. Мұздату камерасының есігін орнатқаннан кейін бір бұрандама артық болып қалады. Бұл тоңазытқыштың жұмысына ешқандай әсерін тигізбейді. 15. Мұздату камерасы есігінің төменгі оң жағындағы бұраманы алып тастаңыз. Есіктің шектеуіші мен ілгектің төлкесін оң жағынан сол жағына ауыстырыңыз. 16. Тоңазытқыш есігінің жоғарғы бөлігіндегі сымдар қақпағын жалпақ бұрауыштың көмегімен шешіп алыңыз және тоңазытқыш есігінің оң жағында орналасқан жоғарғы ілгек пен сымдарды алып тастаңыз. 17. Оң жақтағы жоғарғы ілгектен қақпақты ажыратып, ондағы сымдарды алып тастаңыз.18. 11-миллиметрлік сомын кілттің көмегімен жоғарғы ілгектің осін ажыратыңыз. Жоғарғы ілгекті ауыстырып, жоғарғы ілгек осінің орнына орнатыңыз. 19. Есіктің жоғарғы жағындағы есік қақпақтары мен ілгек төлкесінің орындарын ауыстырыңыз. 20. Жоғарғы ілгекті 19-сатыда көрсетілген кері тәртіппен демонтаждаңыз. (Жоғарғы қақпақтағы сол жақ жоғарғы ілгектің қақпағын пайдаланыңыз). Жиынтықтағы ілгекті тоңазытқыш есігінің сол жағынан бекітіңіз. Сымдардағы қызыл үлдір сол жақ жоғарыдағы ілгек қақпағының табанында орналасқандығына көз жеткізіңіз. Ілгектің төлкесі Есіктің шектеуіші Есік қақпағыІлгек төлкесі %# JOEC4FD%# JOEC4FD..
Орнату және теңшеу _11 01 ОРНАТУ ЖӘНЕ ТЕҢШЕУ ТОҢАЗЫТҚЫШ ЕСІКТЕРІН ОРНАТУ (ЖАЛҒАСЫ) 21. Тоңазытқыштың есігін абайлап орнына салыңыз. Содан кейін жоғарғы ілгекті бекіту үшін үш бұрандаманы бұраңыз. • Тоңазытқыштың есігін орнына қоймас бұрын В типтес есіктің тұтқасын орнатыңыз (12-бетті қараңыз). • А типтес есік тұтқасын пайдаланған кезде есіктің тұтқасын есікті орнатқаннан кейін ғана салу қажет. 22. Сымдарды жалғастыра қосып, тоңазытқыш есігінің жоғарғы бөлігіндегі сымдардың қақпағын бекітіңіз. 23. Жоғарғы ілгектің қақпағының қалпын өзгертіңіз. Сымдарды жоғарғы қақпақтың астына жалғап, оны бастапқы қалпына орнатыңыз. 24. Төрт бұраманы орнына бұрап салыңыз. 25. Тоңазытқыш пен мұздату камерасының тығыздауыштарын ажыратып, 180º- қа бұрып, орнына келтіріңіз. Есікті орнатып болғаннан кейін, тоңазытқыш пен мұздату камера тығыздауыштарының есікке берік жабысып тұрғандығына көз жеткізіңіз. Олай болмаған жағдайда шу деңгейі қатты шығып немесе конденсат түзілуі мүмкін, бұл тоңазытқыштың жұмысына кері әсерін тигізеді. ЕСІКТІҢ ТҰТҚАСЫН ОРНАТУ (А ТИПІ) 1. Тоңазытқыш есігінің төменгі жағындағы екі бұраманы алып тастаңыз, жауып тұратын екі тақтайшаны шешіп, мұздату камерасының есігіндегі екі бұраманы алып тастаңыз. 2. Тоңазытқыштың тұтқасын сәл ғана түсіріп, өзіңізге қарай тартып шешіп алыңыз. Мұздату камерасының тұтқасын сәл көтеріңкіреп, өзіңізге қарай тартып шешіп алыңыз. Есіктің тұтқасын абайлап алыңыз. Есік тұтқасының ішіндегі ілгіштер тез сынғыш келеді. Жоғарғы ілгектің қақпағы АБАЙЛАҢЫЗ %# JOEC4FD%# JOEC4FD..
12_ Орнату және теңшеу 3. Тоңазытқыш пен мұздату камерасы тұтқасының екі жағын аударып, құрастырыңыз. 4. Тоңазытқыш есігінің астын екі бұрамамен бекітіңіз де, мұздату камерасына екі бұраманы бұрап, жауып тұратын тақтайшаны орнатыңыз. ЕСІКТІҢ ТҰТҚАСЫН ОРНАТУ (В ТИПІ) 1. Тоңазытқыш есігінің астындағы екі бұраманы алып тастап, тұтқаның қақпағын тартыңыз. Тұтқаның қақпағын абайлап алыңыз. Қақпақтың ішіндегі ілгіштер тез сынғыш келеді. 2. Тұтқа төлкесіндегі екі бұраманы алып тастаңыз. Тұтқаның төлкелерін алып тастап, жылдам қол жететін тұтқаны бөлшектеп алыңыз. 3. Тұтқа сырғақшығы мен серіппенің қалпын сол жағынан оң жағына қарай өзгертіңіз. Сондай-ақ тұтқа сырғақшығының қалпағын оң жағынан сол жағына қарай өзгертіңіз. 4. 1 және 2-сатыларды кері тәртіппен орындап, есіктің тұтқасын жинаңыз. Бұл әрекетті «Тоңазытқыштың есіктерін орнату» атты 23-сатыны орындамас бұрын жасау қажет. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ТҮЗУЛЕУ Құрылғының алдыңғы бөлігі артқы бөлігіне қарағанда айтарлықтай жоғары тұрса, есікті ашып- жабу оңайырақ болады. Биіктігін жоғарылату үшін реттеуіш аяқтарын сағат тілі бойынша, керісінше төмендету үшін сағат тіліне қарама-қарсы етіп бұраңыз. 1-жағдай Құрылғы сол жаққа қарай қисайып тұр. • Сол жақ реттегіш аяқтарын құрылғы түзуленгенше көрсеткіш бағытымен бұраңыз. 2-жағдай Құрылғы оң жаққа қарай қисайып тұр. • Оң жақ реттегіш аяқтарын құрылғы түзуленгенше көрсеткіш бағытымен бұраңыз. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұрамалар Тұтқаның қақпағы Бұрамалар ТөлкеТұтқа Серіппе Сырғақшық Бұрамалар %# JOEC4FD%# JOEC4FD..
02 ПАЙДАЛАНУ Пайдалану _13 БАСҚАРУ ПАНЕЛІМЕН ТАНЫСУ Түймешелерді әрбір рет басқан сайын қысқа дыбыстық дабыл беріледі. БАСҚАРУ ПАНЕЛІН ҚОЛДАНУ (А ТИПІ) 1 Тоңазытқыш 1ºC-тан 7ºC-қа дейінгі диапазондағы тоңазытқышқа қажетті температураны белгілеу үшін Тоңазытқыш түймешесін басыңыз. Өздігінше 3ºC температура белгіленген. Тоңазытқыш түймешесін әрбір рет басқан сайын температура өзгеріп, индикатор қажетті температураны көрсетеді. Температураны белгілегеннен кейін бес секунд бойы көрініп тұрады, содан кейін индикатор тоңазытқыштың ағымдағы температурасын көрсетіп тұрады. 2 Мұздату камерасы -14ºC-тан -25ºC-қа дейінгі диапазондағы мұздату камерасының қажетті температурасын белгілеу үшін Мұздату камерасы түймешесін басыңыз. Өздігінше -20ºC температура белгіленген. Мұздату камерасы түймешесін әрбір рет басқан сайын температура өзгеріп, индикатор қажетті температураны көрсетеді.Температураны белгілегеннен кейін бес секунд бойы көрініп тұрады, содан кейін индикатор мұздату камерасының ағымдағы температурасын көрсетеді. Камералардың біреуіндегі температура аяқ астынан көтерілгенде тоңазытқыш немесе мұздату камерасының температура индикаторы жыпылықтайды, оның себебі – азық- түліктерді ыстық күйінде салу немесе есігін жиі ашу болуы мүмкін. Тоңазытқыш немесе мұздату камерасының ішіндегі температура бірқалыптанғанда, температура индикаторы жыпылықтауын қояды. Егер температураның индикаторы бірнеше сағат бойы жыпылықтауын қоймаса, қызмет көрсету орталығына жүгініңіз. 3 Жарық (дыбыстық хабарламаны қосу үшін 3 секунд бойы басып тұрыңыз) Тоңазытқыш есігінің астындағы жарық қызметін іске қосу үшін Жарық түймешесін басыңыз. Қызметтің бұл түрі өшірілмейінше жарық қосулы тұрады. Жарықтың жарықтылығын реттеу қажет болса, Жарық түймешесін тағы бір рет басыңыз. (Жарықтың жарықтылығын реттеу қызметі кейбір үлгілерде болмауы мүмкін). Жарықты өшіру үшін Жарық түймешесін үш секундтан астам басып тұрыңыз. Дыбыстық хабарлама қызметін іске қосу үшін Жарық түймешесін үш секундтан астам басып тұрыңыз. Дыбыстық хабарлама индикаторы жанады. Тоңазытқыштың есігі екі минуттан астам ашық тұрса, дыбыстық хабарлама беріледі. Дыбыстық хабарлама қызметін өшіру үшін Жарық түймешесін үш секундтан астам басып тұрыңыз. • Жарық қосулы: жарық үнемі жанып тұрады. • Жарық өшірулі: тоңазытқыш есігі жабық тұрып, мұздату камерасының есігі ашылса, жарық жанады. Тоңазытқышпен жұмыс істеу (А ТИПІ) 4512 3 (B ТИПІ) 21 Жарық өшірулі Жарық қосулы (жап-жарық)Жарық қосулы (орташа)Жарық қосулы (күңгірт) %# JOECÂÌ%# JOECÂÌ..
14_ Пайдалану 4 Демалыс режимі Демалыс режимін іске қосу үшін Демалыс режимі түймешесін басыңыз. Демалыс режимінің индикаторы жанады, сіз ұзақ уақыт бойы үйде болмаған кезде (демалыс, іссапар және т.б.) қуатты үнемдеу үшін тоңазытқышта 15ºC температура белгіленеді. Демалыс режимі қосулы тұрғанда мұздату камерасы жұмыс істеп тұрады. • Температура демалыс режимі қосылып тұрған кезде белгіленсе, демалыс режимі автоматты түрде өшіріледі. • Демалыс режимін қосқан кезде тоңазытқыштағы барлық азық-түліктерді шығару қажет. 5 Қатты мұздату Қатты мұздату қызметін іске қосу үшін Қатты мұздату түймешесін басыңыз. Қатты мұздату индикаторы жанып, тоңазытқыш ішіндегі азық-түліктерді мұздату барысын жылдамдатады. Қатты мұздату қызметі 72 сағат бойы іске қосылып тұрады, ал мұздату камерасының индикаторы -25ºC температураны көрсетіп тұрады. Қатты мұздату қызметі автоматты түрде өшіріледі. Қатты мұздату қызметі аяқталғаннан кейін индикатор өшеді, ал мұздату камерасындағы бұрынғы температура қалпына келеді. Бұл қызметті пайдаланған кезде қуатты тұтыну арта түседі.Жылдам мұздату қызметін өшіру үшін Қатты мұздату түймешесін тағы бір рет басыңыз. Егер сіз таяу уақытта азық-түліктің көп мөлшерін мұздату керектігін білсеңіз, қатты мұздату қызметін бір тәулік бұрын қосып қойыңыз. БАСҚАРУ ПАНЕЛІН ҚОЛДАНУ (В ТИПІ) 1 Өте суық Тоңазытқыштағы температураны төмендету үшін Өте суық түймешесін бір немесе бірнеше рет басыңыз. Индикатордағы температура суықтан өте суыққа өзгереді. Өздігінше орташа температура белгіленген. Жарықтың барлығы жанып тұрған кезде өте суық температура таңдалады. 2 Суық Тоңазытқыштағы температураны арттыру үшін Суық түймешесін бір немесе бірнеше рет басыңыз. Индикатордағы температура өте суықтан суыққа өзгереді. Өздігінше орташа температура белгіленген. Бір ғана шам жанғанда, суық температура таңдалады. • Бес температуралық режим бар, олардың әрқайсысына бір шам тиесілі. • Мұздату камерасындағы температура тоңазытқыштың температурасына сәйкес атвоматты түрде реттеледі (төменде көрсетілген). • Азық- түліктің көп мөлшерін мұздату үшін ең кемінде бір тәулік бұрын тоңазытқыштың өте суық температурасын белгілеп қойыңыз. • Камералардың біреуіндегі температура аяқ астынан көтерілгенде температура индикаторы жыпылықтайды, бұл азық- түліктерді ыстық күйінде салудан немесе есікті жиі ашқаннан болуы мүмкін. Тоңазытқыш немесе мұздату камерасындағы температура бірқалыптанғанда температура индикаторы жыпылықтауын қояды. Егер температура индикаторы бірнеше сағат бойы жыпылықтауын қоймаса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Суық Өте суық Мұздату камерасының (тоңазытқыштың) температурасы %# JOECÂÌ%# JOECÂÌ..
02 ПАЙДАЛАНУ Пайдалану _15 БАСҚАРУ ПАНЕЛІМЕН ТАНЫСУ (С ТИПІ) 1 НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІ Тоңазытқыштың негізгі қызметтері орналасқан негізгі экранға шыға аласыз. 2 ДАБЫЛ Егер тоңазытқыштың есігі екі минуттан артық ашық тұрса, дыбыстық хабарлама беріледі. Хабарламаны өшіру үшін Дыбыстық хабарлама түймешесіне тағы бір рет саусағыңызды тигізіңіз. Балалардан қорғауды қосу/өшіру үшін осы түймешені үш секунд бойы басып тұрыңыз. 3 ЖАРЫҚ Тоңазытқыш есігінің астындағы шамды қосуға немесе өшіруге болады. 4 СЛАЙД-ШОУ Бұл қызметтің көмегімен фотоальбомда сақталған суреттерді көруге болады. • Басқару панелін қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін (С типі) осы нұсқаулыққа тіркелген СК-экранның көмегімен басқару жөніндегі нұсқаулықты қараңыз. • Егер сіз таяу уақытта азық-түліктің көп мөлшерін мұздату керектігін білсеңіз, қатты мұздату қызметін бір тәулік бұрын қосып қойыңыз.• Кейбір мүмкіндіктер (мысалы, суға арналған ыдыс, Cool Select Zone қызметі, салқындату аймағы және фотосинтездің балғындық қызметі) кейбір үлгілерде ерекшеленуі немесе болмауы мүмкін. • Мұздатқыштың ішіндегі орынды кеңіту үшін тартпаларды 1 алып қоюға болады. Егер Мұздатқыштың қосымша сөресі (опция) 3 бар болса, астыңғы тартпадан 2 басқа тартпалардың барлығын алып қоюға болады. Бұл температуралық және механикалық сипаттамаларға әсер етпейді. Мұздату камерасы мен тоңазытқыштың көрсетілген көлемі аталған бөлімдерді қоспай есептелген. 1 2 4 3 Мұздатқыштың қосымша сөресі (опция) 2 1 3 %# JOECÂÌ%# JOECÂÌ..
16_ Пайдалану COOL SELECT ZONE™ ПАЙДАЛАНУ Қалыпты температурада азық-түліктердің дәмін сақтай отырып, мысалы, ірімшік, ет, құс еті, балық және т.б. тәрізді азық-түліктерді сақтауға мүмкіндік береді. Жылдам салқындату • Азық-түліктерді жылдам салқындату үшін оларды Cool Select Zone-ға салыңыз да, Жылдам салқындату түймешесін басыңыз. • Cool Select Zone азық-түліктерді 60 минут ішінде салқындатады. • Жылдам салқындату режимі жұмысын аяқтағаннан кейін Cool Select Zone жәшігі автоматты түрде қалыпты салқындату режимін белгілейді. Жеңіл мұздату • Жеңіл мұздату режимін таңдаған кезде Cool Select Zone температурасы -5ºC болып белгіленеді. Аймағы • «0ºC аймағы» режимін таңдаған кезде Cool Select Zone температурасы 0ºC болып белгіленеді. Салқындату • Салқындату режимін таңдаған кезде Cool Select Zone температурасы 3ºC болып белгіленеді. МҰЗ ДАЙЫНДАУ 1. Науаға 80% су құйыңыз. 2. Оны мұздату бөлігінің жоғарыдағы жылжымалы жәшігіне салыңыз. 3. Су мұзға айналғанша күте тұрыңыз. 4. Мұз шақпақтарын алу үшін науаны сәл ғана еңкейтіңіз. Қатыру уақыты Қатты мұздату қызметін іске қосып, мұз шақпақтарын қатыру үшін бір-екі сағат күте тұрыңыз. Жарылу қаупі • Тоңазытқыштың ең суық бөлігі артқы панелі болып табылады. Онда тез бұзылатын азық-түліктерді сақтауға болады. • Мұздату камерасында сусыны бар шыны бөтелкелерді сақтауға болмайды. Ішіндегісі қатқан кезде шыны жарылуы мүмкін. ЖЫЛЖЫМАЛЫ СӨРЕНІ ПАЙДАЛАНУ Бұл сөрені толығымен жинап тастауға болады, бұл оған көлемді азық-түліктерді қиналмай салуға мүмкіндік береді. 1. Сөрені көтеріңкіреңіз де итеріп жабыңыз. 2. Жиналған сөрені артқы қабырғаға қарай көтеріңіз. 3. Орнынан қозғалған сөрені пайдалану үшін осы әрекеттерді кері тәртіппен орындаңыз. Сөре тоңазытқыштан құлап кетуі мүмкін, сондықтан оны пайдаланған және тазалаған кезде абай болыңыз. СУҒА АРНАЛҒАН ДИСПЕНСЕРДІ ПАЙДАЛАНУ Су толтыру Суды тоңазытқыштың ішінде орналасқан суға арналған ыдысты алмай-ақ құюға болады. 1. Домалақ қақпақты ашып, ыдысқа ауызсу құйыңыз. • Суға арналған ыдысқа суды бетпе-бет құймаңыз (4,2 литрден асырмаңыз). Олай болмаған жағдайда есікті ашып-жапқан кезде су төгіліп кетуі мүмкін. 2. Домалақ қақпақты сырт етіп орнына түсетіндей етіп жабыңыз. Ыдысқа судан басқа ешқандай сұйықтық құймаңыз. ОСТОРОЖНО! АБАЙЛАҢЫЗ! АБАЙЛАҢЫЗ! %# JOECÂÌ%# JOECÂÌ..
02 ПАЙДАЛАНУ Пайдалану _17 Диспенсерден су алу 1. Стақанды суағардың астына қойыңыз. 2. Онымен диспенсердің иінтірегін сәл ғана басыңыз. • Суды төгіп алмас үшін стақанды диспенсерге қарай түзулеп қойыңыз. • Кейбір үлгілерде суға арналған диспенсер болмауы мүмкін. Қарапайым бөтелкелерді орнату 1. Бекітілген иінтіректі басыңыз да, суға арналған ыдысты көтеріңкіреп шығарып алыңыз. 2. Диспенсердің кранын суға арналған ыдыстан алыңыз. 3. Диспенсердің кранын минералды суы бар қарапайым бөтелкеге орнатыңыз да, кранды бекіту үшін сағат тілі бойынша бұраңыз. 4. Краны бар бөтелкені диспенсерге арналған тесікке орнатыңыз. • Минералды суы немесе басқа да сусындары бар қарапайым бөтелкеге ауа кіріп кеткен жағдайда сылдырлаған дыбыстар естілуі мүмкін. • Минералды суы немесе басқа да сусындары бар кейбір бөтелкелер көлемі жағынан кранға сәйкес келмеуі мүмкін. • Иінтіректі басқан кезде су ақырын құйылса, иінтіректі тағы бір рет басыңыз. • Кока-кола немесе содалы су тәрізді газдалған сусындарды пайдаланбаңыз. Иінтіректі басқан кезде сусыны бар бөтелкенің жоғарғы бөлігінде жиналған газ қысымының әсерінен сусын төгіліп кетуі мүмкін. • Гигиеналық мақсатта құрамында қанты көп сусындарды (шырындар, алкогольсіз сусындар) пайдалану ұсынылмайды. • Құрамында қатты бөлшектері болмаса, бөтелкедегі минералды суды немесе қайнаған суқұбырының суын пайдалануға болады. Егер суға арналған диспенсер пайдаланылмайтын болса, төмендегі әрекеттерді орындаңыз 1. Диспенсер кранын диспенсерге арналған тесікке мықтап орнатыңыз. • Егер диспенсердің краны ұзақ уақыт бойы орнынан алынып тұрса, суық ауаның шығуы себебінен тоңазытқыштың жұмысы бұзылуы мүмкін. 2. Суға арналған ыдыстың орнына шағын қоршау жасап, сусыны бар бөтелкелерді сақтаңыз. • Мөлшері 1,5 л екі бөтелкені сыйдыруға болады. ФОТОСИНТЕЗ – БАЛҒЫНДЫҚТЫ САҚТАУ ҚҰРАЛЫ (ҚОСЫМША) Жарық диодты жарықтандырудың ерекшеліктері Жарық болмаған кезде ғана өсімдіктер тыныс алады. Дегенмен, жарық түскен кезде фотосинтез үдерісі тыныс алу үдерісімен қатар жүруі мүмкін. Көкөністерді жарығы жоқ тоңазытқышта сақтасаңыз, олар тыныс алуын жалғастырады, бірақ тез бұзылып, қоректік қасиеттерін жоғалтады. Егер көкөністерді немесе жеміс-жидектерді Fresh Safe жәшігіне салсаңыз, бұл фотосинтез бен тыныс алу үдерістерінің бір уақытта жүзеге асырылу есебінен балғындықтың ұзағырақ сақталуына әсер етеді. Жарық диодты шамға ұзақ уақыт бойы көз алмай қарап отырмаңыз. Бұл көру қабілетінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Жарық диодты шамды пайдалану • Жарық диодты шам Fresh Safe жәшігінің артқы қабырғасында орналасқан. Жарық диодты жарықтандыру көкөніс пен жеміс- жидектің ұзағырақ сақталуына мүмкіндік береді. • Анағұрлым жақсы нәтиже алу үшін көкөніс пен жеміс-жидектерді мөлдір полиэтилен пакеттерде немесе қаптамасыз сақтаңыз. Егер көкөністер мен жеміс-жидектерді мөлдір емес ыдысқа, қорапқа немесе пакетке салсаңыз, шамның әсері соншалықты тиімді болмайды. Нажмите АБАЙЛАҢЫЗ! іііАБАЙЛАҢЫЗ! і %# JOECÂÌ%# JOECÂÌ..
18_ Пайдалану • Тоңазытқыштың есігі ашық тұрғанда жарық диодты шам үнемі қосулы тұрады да, есік жабық тұрғанда шам жүйелі түрде өшіп-жанып тұрады. Егер қысқы уақытта тоңазытқыш камерасының температурасын 1ºC деп белгілесеңіз, ұзақ уақыт бойы сақталған көкөніс пен жеміс-жидек үсіп кетуі мүмкін. ІШКІ БӨЛІКТЕРІН АЛУ Сөрелер Сөрелерді екі қолыңызбен абайлап көтеріңкіреп, өзіңізге қарай тартыңыз. (Шыны сөре/жиналмалы сөре) Есік қоршауы Есік қоршауын алу үшін оларды екі қолыңызбен мықтап ұстап көтеріңкіреңіз. Суға арналған ыдыс Суға арналған ыдысты алу үшін оны екі қолыңызбен мықтап ұстап, өзіңізге қарай көтеріңкіреңіз. Кейбір үлгілерде суға арналған ыдыс болмауы мүмкін. Жылжымалы жәшіктер Жәшіктерді шығару үшін оларды толығымен қозғалтып көтеріңкіреңіз. (жылжымалы Fresh Safe жәшігі, Cool Select Zone жәшігі, салқындату бөлігінің жәшігі, қатыруға арналған жәшіктер). Cooler Zone аймағы Cooler Zone аймағы қақпағының артқы сол жағында және артқы оң жағында орналасқан шығып тұрған жерді басып құлыпты ашыңыз. Өзіңізге қарай тартып қақпақты алыңыз. Электр энергиясын тұтынуды оңтайлы ету үшін сөрелерді, жәшіктерді және себеттерді 15 беттегі суретте көрсетілгендей бастапқы орындарында қалдырыңыз. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ТАЗАЛАУ Тазалау кезінде бензол, еріткіш немесе Clorox™ пайдаланбаңыз. Бұл құралдар құрылғының бетін зақымдауға немесе өрттің шығу қаупіне әкеп соғуы мүмкін. Желіге қосылып тұрған тоңазытқышқа су шашпаңыз – бұл электр тогымен зақымдануға әкеп соғуы мүмкін. Тазалау кезінде бензол еріткішін немесе автомобильдің жуу құралын пайдаланбаңыз – бұл өрттің шығуына әкеп соғуы мүмкін. ЖАРЫҚ ДИОДТЫ ШАМДЫ АУЫСТЫРУ Егер ішкі немесе сыртқы жарық диодты шам істен шықса, шамның қақпағы мен жарық диодты шамды өздігіңізше ашпаңыз. Қызмет көрсету орталығының көмегіне жүгініңіз. АБАЙЛАҢЫЗ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! %# JOECÂÌ%# JOECÂÌ..