Samsung Rl 46 Rsctb Russian Version Manual
Have a look at the manual Samsung Rl 46 Rsctb Russian Version Manual online for free. It’s possible to download the document as PDF or print. UserManuals.tech offer 1705 Samsung manuals and user’s guides for free. Share the user manual or guide on Facebook, Twitter or Google+.
қауіпсіздік ақпараты _03 өлшемдері пайдаланылатын салқындатқыш құралдың көлеміне байланысты болады. - Зақымдалған белгілері бар құрылғыны ешқашан қоспаңыз. Күмәніңіз болса, делдалға хабарласыңыз. Тоңазытқыш орналастырылатын бөлме өлшемі бойынша құрылғыдағы R600a салқындатқыш құралының әрбір 8 г-на 1 м³ болуы керек. Белгілі бір құрылғыдағы салқындатқыш құралының мөлшері құрылғыдағы сипаттамалық тақтада көрсетілген. - Егер құрылғыда изобутан салқындатқыш құралы (R600a) болса, сыйымдылығы жоғары табиға газ да, дегенмен, тез тұтанғыш болады. Құрылғыны тасымалдағанда және орнатқанда, тоңазыту циклындағы бөлшектердің зақымдалмағанына көз жеткізу үшін күтім жасау керек. • Киото протоколында қамтылған фторланған жылыжай газы бар. • Герметикалық жолмен тұмшаланған жүйе. • Газды атмосфераға шығармаңыз. Салқындатқыштың түрі: R-134a Мөлшері: 0.145кг Ғаламдық жылынуға тигізер əсері (GWP) = 1300 • Фтор қосылған жылыжай газымен бірге шыққан көпіршік. ОРНАТУҒА АРНАЛҒАН КҮРДЕЛІ ЕСКЕРТУ ШАРАЛАРЫ • Құрылғыны ылғал, майды немесе шаң жерге, күн сәулесі тіке түсетін және су (жаңбыр тамшылары) тиетін жерге қоймаңыз. - Электр бөлшектерінің дұрыс изоляцияланбауы электр тогының соғуына немесе өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. • Бұл тоңазытқышты күн сәулесі тіке түсетін жерге қоймаңыз немесе пештерден, бөлме қыздырғыштарынан немесе басқа құрылғылардан бөлінетін ыстық көзіне жақын орналастырмаңыз. • Бірнеше құрылғыны бір розеткаға қоспаңыз. Тоңазытқышты әрдайым техникалық сипаттамасына сәйкес келетін кернеуі бар электр розеткасына жеке қосу керек. - Осылайша жұмыс өнімділігін арттырып, қызып кеткен сымдардан өрттің шығуы мүмкін болғандықтан, үйдегі сым желілеріне шамадан тыс күш салуға жол бермейді. Егер қабырғадағы розетка тар болса, электр ашасын сұқпаңыз. - Электр тогының соғу немесе өрттің шығу қаупі бар.• Бойында немесе ұшында жарылған немесе зақымдалған жерлері бар шнурды пайдаланбаңыз. • Электр шнурын қатты майыстырмаңыз немесе оның үстіне ауыр заттар қоймаңыз. • Тоңазытқыштың жанында аэрозольдар пайдаланбаңыз.- Тоңазытқыш жанында пайдаланылған аэрозольдар жарылуға немесе өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. • Құрылғыны газ шығуы мүмкін жерге орналастырмаңыз. - Оның салдарынан электр тогының соғуы немесе өрттің шығуы мүмкін. • Бұл құрылғыны білікті техника маманы немесе сервистік компания орнатуына немесе жөндеуіне кеңес беріледі. - Олай етпеген жағдайда, электр тогының соғуы, өрттің шығуы, жарылуы, өнімнің бұзылуы немесе адамның жарақаттануы мүмкін. • Бұл тоңазытқыш пайдаланылмай тұрып, нұсқаулыққа сәйкес дұрыс орнатылуы және орналастырылуы керек. • Электр шнурын төмен қарай салбыратып, дұрыстап жалғаңыз. - Егер электр ашасының төменгі жағын жоғары қаратып жалғасаңыз, сымы қиылып, өрттің шығуына не электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін. • Электр шнурының тоңазытқыш қысып қалмағанына немесе зақымдамағанына көз жеткізіңіз. • Тоңазытқышты қозғалтқанда, электр шнурын басып қалмаңыз немесе зақымдап алмаңыз. - Оның салдарынан өрт шығады. • Құрылғыны орналастырғаннан кейін, шнурына қол жеткізу оңай болуы керек. • Бұл құрылғыны ашасына қол жететін етіп орнату керек. - Бұлай орнатпаған жағдайда, жылыстап шыққан электр тоғы электр немесе өрт қатеріне ұшыратуы мүмкін. • Тоңазытқышты жерге қосу керек. - Электр тогының қашуына немесе тоңазытқыштан токтың қашуынан болатын ток соғу әрекеттеріне жол бермеу үшін тоңазытқышты жерге қосу керек. • Газ түтіктерін, телефон желілерін немесе сол сияқты найзағай қадаларын жерге қосуға пайдаланбаңыз. - Жерге қосатын ашаны дұрыс пайдаланбау салдарынан электр тогының соғуы мүмкін. • Егер электр шнуры зақымдалса, оны өндірушіге немесе қызмет көрсету орталығының маманына ауыстыртып алыңыз. • Тоңазытқыштың сақтандырғышын білікті техникалық маман немесе қызмет көрсетуші компания ауыстыруы керек. - Оны орындамау салдарынан электр тогының соғуы немесе адамның жарақаттануы мүмкін. ОРНАТУҒА АРНАЛҒАН САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ • Құрылғының желдетілетін жерлерінде немесе орнату құрылымында кедергілер болмасын. АБАЙЛАҢЫЗ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ %# JOEC%# JOEC..
04_ қауіпсіздік ақпараты • Орнатқаннан кейін құрылғы 2 сағат тұрсын. ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН КҮРДЕЛІ ЕСКЕРТУ ШАРАЛАРЫ • Электр шнурын су қолыңызбен ұстамаңыз. • Құрылғының үстіне заттар қоймаңыз. - Есігін ашқанда немесе жапқанда, ішіндегі заттар құлап, адамды жарақаттауы және/немесе материалдық шығын келтіруі мүмкін. • Су толтырылған ыдыстарды тоңазытқыштың үстіне қоймаңыз. - Егер төгіліп кетсе, өрт шығуы немесе электр тогының соғуы мүмкін. • Балаларды есігіне асылдырмаңыз. - Олай істемеген жағдайда, адам күрделі жарақат алуы мүмкін. • Тоңазытқыш қараусыз болғанда тоңазытқыштың есіктерін ашық қалдырмаңыз және балаларды тоңазытқыштың ішіне кіргізбеңіз. • Мұздатқыштың есігіне отырмаңыз. - Есік сынуы немесе адамды жарақаттауы мүмкін. • Балаларға ұстатқызбау үшін тартпадан бөлгіш алынған жағдайда тазалағаннан немесе басқа әрекеттерден кейін жинақтағы бұрандалармен бөлгішті қайта орнату керек. • Бензин, ерітінді, алкоголь, эфир немесе қысылған газ сияқты ауыспалы немесе тез тұтанатын заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз. - Мұндай өнімдерді сақтау жарылуға себеп болуы мүмкін.• Төмен температураға шыдамайтын фармацевтикалық өнімдерді, ғылыми материалдарды немесе төмен температураға шыдамайтын өнімдерді тоңазытқышта сақтамаңыз. - Қатаң температураны қажет ететін өнімдер тоңазытқышта сақталмауы керек. • Өндіруші ұсынған болмаса, электр құрылғыны тоңазытқышқа қоймаңыз немесе пайдаланбаңыз. • Тоңазытқыштың ішін кептіру үшін шаш кептіргішті пайдаланбаңыз. Жағымсыз иістерді кетіру үшін жағылған балауызды тоңазытқышқа қоймаңыз. - Оның салдарынан электр тогының соғуы немесе өрттің шығуы мүмкін. • Мұздатқыштың қабырғаларына немесе мұздатқышта сақталған өнімдерге су қолыңызбен тиіспеңіз. - Оның салдарынан қолыңызды мұздатып алуыңыз мүмкін. • Еріту процесін жылдамдату үшін механикалық құрылғыларды немесе өндіруші ұсынғандарынан басқа құралдарды пайдаланбаңыз. • Салқындату циклын бүлдірмеңіз. • Ультракүлгін LED шамына ешқашан ұзақ уақыт тура қарамаңыз. - Себебі ультракүлгін сəулелердің əсерінен көзіңіз талығуы мүмкін. • Бұл бұйым тұрмыста тек тағам сақтауға арналған. • Бөтелкелер бір-біріне жақын қойылуы керек, сонда олар құлап кетпейді. • Газ (пропан, төмен қысымды газ, т.б.) шыққан жағдайда қуат ашасына тиіспей, бірден желдетіңіз. Құрылғыға немесе электр шнурына тиіспеңіз. - Желдеткішті пайдаланбаңыз. - Ұшқын жарылысқа не өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. • Өндіруші немесе қызмет көрсетуші маман қамтамасыз еткен жарық диодты шамдарды ғана пайдаланыңыз. • Балалардың құрылғымен ойнап жатпағанына және/немесе оған мініп алмағанына көз жеткізу үшін оларды қадағалап отыру керек. • Тоңазытқышты өзіңіз бөлшектемеңіз немесе жөндемеңіз. - Өрттің шығуына, дұрыс істемей қалуына және/ немесе адамның жарақаттануына себеп болуы мүмкін. Дұрыс істемеген жағдайда қызмет көрсетуші маманға хабарласыңыз. • Егер құрылғыдан бір түрлі дыбыс, күйген иіс немесе түтін шықса, дереу электр шнурын суырып, жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. - Орындамау салдарынан электр тогының соғуына немесе өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. • Егер шамды ауыстырған жағдайда қиындық туындаса, қызмет көрсетуші маманға хабарласыңыз. • Егер бұйым жарық диодты шаммен жабдықталса, шамның қақпағы және жарық диодты шамды өзіңіз шешпеңіз. - Қызмет көрсетуші маманға хабарласыңыз. • Егер тоңазытқышта шаң немесе су болса, электр шнурын суырып, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. - Өрт шығу қаупі бар. ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ • Бұйымның жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндік беру үшін - Құрылғының артындағы жел кіретін тесіктердің алдына тағамдарды тым жақын қоймаңыз, себебі тоңазытқыш бөлімінде ауаның еркін айналуына кедергі болуы мүмкін. - Тоңазытқышқа тағам салмас бұрын оны жақсылап ораңыз немесе ауа кірмейтін ыдыстарға салыңыз. - Мұздату үшін жаңадан салынған тағамды АБАЙЛАҢЫЗ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ %# JOEC%# JOEC..
қауіпсіздік ақпараты _05 бұрыннан тұрған тағамның жанына қоймаңыз. • Көмірқышқыл газына толы немесе галдалған сусындарды мұздатқыш бөлімге қоймаңыз. Бөтелкелерді немесе шыны ыдыстарды мұздатқышқа қоймаңыз. - Ішіндегісі қатқанда, шыны сынып, адамды жарақаттауы немесе мүлікті бүлдіруі мүмкін. • Тоңазытқыштың функцияларын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. - Ауыстыру немесе өзгерту салдарынан адамның жарақаттануы және/немесе мүліктің бүлінуі мүмкін. Бұл толық құрылғыда 3-ші тарап жасаған өзгертулер не Samsung кепілдігінде қамтылмайды, не Samsung компаниясы 3-ші тарап өзгертулерінен келген қауіпсіздік мәселелірен және зақымдарына жауап бермейді. • Ауа тесіктерін жаппаңыз. - Егер ауа тесіктері, әсіресе, пластикалық сөмкемен жабық болса, тоңазытқыш салқындамауы мүмкін. Егер салқындау уақыты ұзақ болса, су сүзгісі бүлініп, соның салдарынан су аққан болуы мүмкін. - Мұздату үшін жаңадан салынған тағамды бұрыннан тұрған тағамның жанына қоймаңыз. • Мұздатылған тағамдардың максималды сақтау уақытын және жарамдылық мерзімдерін көріп алыңыз. • Су ыдысын, мұз жәшігін, су текшелерін ауыз суға толтырыңыз. • Бұл тоңазытқышты сумен қамтамасыз ету жүйесін тек білікті маман орнатуы/жалғауы және ол ауыз суға ғана қосылуы керек. • Мұз жасағыштың дұрыс істеуі үшін су қысымының 138-862 кПа (1,4-8,8 кгк/см3) болуы талап етіледі. • Жәндіктерге қарсы құралдар сияқты ұшатын затты құрылғының бетіне шашпаңыз. - Сондай-ақ, ол адамдарға зиян келтіре отырып, электр тогының соғуына, өрттің шығуына немесе бұйымға қиындықтар тудыруы мүмкін. ТАЗАЛАУҒА ЖӘНЕ ЖӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ • Тоңазытқыштың ішіне не сыртына суды тікелей сеппеңіз. - Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар. • Тез тұтанатын спрейлер, тез тұтанатын заттар, құрғақ мұз, дәрі-дәрмек немесе химиялық заттар сияқты температураға сезімтал заттарды тоңазытқыштың жанында пайдаланбаңыз немесе қоймаңыз. Ұшатын немесе тез тұтанатын заттарды (бензин, ерітінді, пропан, т.б.) тоңазытқышта сақтамаңыз . - Бұл тоңазытқыш тек тағамдар сақтауға арналған. - Оның салдарынан өрттің шығуы не жарылыс орын алуы мүмкін. • Тазалағыш заттарды дисплейге тікелей сеппеңіз. - Дисплей басып шығарылған әріптер өшіп қалуы мүмкін. • Электр шнуры ашаларының шаңын немесе басқа да заттарын кетіріңіз. Бірақ ашаны тазалағанда су не дымқыл шуберекті пайдаланбаңыз, электр шнуры ашаларының шаңын немесе басқа да заттарын кетіріңіз. - Әйтпесе, өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар. • Тазалау және жөндеу жұмыстарының алдында тоңазытқышты ажыратыңыз. ҚОҚЫСҚА ТАСТАУҒА АРНАЛҒАН КҮРДЕЛІ ЕСКЕРТУ ШАРАЛАРЫ • Құрылғының артындағы түтіктердің ешқайсысының қоқысқа тастағанға дейін зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. • R600a немесе R134a салқындатқыш құрал ретінде пайдаланылады. Тоңазытқышқа пайдаланылған салқындатқыш құралды көру үшін құрылғының артындағы компрессор жапсырмасын немесе тоңазытқыштың ішкі жағындағы сипаттамалық тақтаны қараңыз. Бұл бұйымда тез тұтанатын газ (R600a салқындатқыш құралы) болғанда, бұл бұйымды қоқысқа қауіпсіз тастау үшін жергілікті билік органына хабарласыңыз. Циклопентан изоляциялық үрлейтін газ ретінде пайдаланылады. Изоляциялық материалдағы газдарға арнайы қоқысқа тастау процедурасы қажет. Бұл бұйымды экологиялық жағынан қауіпсіз етіп тастау үшін жергілікті билік органдарына хабарласыңыз. Құрылғының артындағы түтіктердің ешқайсысының қоқысқа тастағанға дейін зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Түтіктер ашық жерінен сынып кетеді. • Бұл бұйымды немесе басқа тоңазытқыштарды қоқысқа тастағанда, есігін, есік тығыздағышын, есік топсасын алып тастаңыз, сонда кішкентай балалар немесе жануарлар ішінде қалып қалмайды. Балалардың ішіне кіре алмауы үшін сөрелерін қалдырыңыз. Балалардың ескі құрылғымен ойнап жатпағанына көз жеткізу үшін оларды қадағалау керек. • Бұл бұйымның қорап материалын экологияға зиян келтірмейтін жолмен тастаңыз. АБАЙЛАҢЫЗ АБАЙЛАҢЫЗ %# JOEC%# JOEC..
06_ қауіпсіздік ақпараты Мазмұны ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ ………………………………………………………………………………… 07 ТОҢАЗЫТҚЫШПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ………………………………………………………………………… 08 АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ……………………………………………………………………………………… 16 ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША КЕҢЕСТЕР • Электр ақауы орын алған жағдайда жергілікті электрмен қамтамасыз етуші компнаияға хабарласып, қанша уақытқа созылатынын сұраңыз. - Бір не екі сағат ішінде қалпына келтірілетін ақаулар тоңазытқыш температураларына әсер етпейді. Дегенмен, өшірулі кезде есіктің ашылуын азайту керек. - Электр ақауы 24 сағаттан асатын жағдайда, барлық мұздатылған тағамды шығарыңыз. • Егер тоңазытқышпен бірге кілттер берілсе, кілттерді балалардың қолы жетпейтін жерде ұстау керек, бірақ құрылғыға жақын болмауы керек. • Тоңазытқышқа арналған ең суық температурадан төменіне ұзақ уақытқа қойылғанда құрылғы тұрақты істемеуі мүмкін (тоңазытқыштағы температураның тым жылынып кетуі мүмкін). • Банан, қауын сияқты төмен температурада тез бұзылатын тағамды сақтамаңыз. • Құрылғыңыз оңай ериді, ол автоматты түрде орындалатындықтан, құрылғыңызды қолмен ерітудің қажет жоқ дегенді білдіреді. • Еру кезінде температураның көтерілуі ISO талаптарына сай болуы керек. Егер құрылғыны еріткен кезде мұздатылған тағам температурасын бірден көтерткіңіз келмесе, мұздатылған тағамды бірнеше қабат газетпен ораңыз. • Еріту кезіндегі мұздатылған тағам температурасының көтерілуі оны пайдалану мерзімін қысқартуы мүмкін. Электр энергиясын үнемдеу бойынша кеңестер - Тоңазытқышты жеткілікті дәрежеде желдетілетін салқын, құрғақ бөлмеге орнатыңыз. Оған күн сәулесінің тікелей түспегендігін қамтамасыз етіңіз және оны тікелей жылу көздерінің жанына орнатпаңыз (мысалы, жылыту батареялары). - Тоңазытқыштың тесіктерін немесе шарбақтарын ешқашан жаппаңыз. - Жылы тағамды тоңазытқышқа салмас бұрын бөлме температурасына дейін суытып алыңыз. - Мұздатылған азық-түліктерді еріту үшін тоңазыту камерасына салыңыз. Бұл жағдайда сіз мұздатылған азық-түліктің төмен температурасын тоңазыту камерасындағы азық-түліктерді суыту үшін қолдана аласыз. - Тоңазытқышқа азық-түлікті салу немесе одан азық-түлікті алу кезінде оның есігін ұзақ уақыт ашып қоймаңыз. Есік барынша сирек ашылса, мұздату камерасында мұздың қатуы да барынша аз болады. - Тоңазытқыштың артқы жағын ұдайы тазартып отырыңыз. Шаң электр энергиясын тұтынуды арттырады. - Температураны қажетті деңгейден төмен қоймаңыз.- Тоңазытқыштың асты мен артқы жағында ауа алмасуы үшін жеткілікті орын қалдыру керек. Желдету тесіктерін жаппаңыз. - Тоңазытқышты орнату кезінде оң, сол, артқы және үстіңгі жақтарынан саңылау қалдырыңыз. Бұл сіздің электр энергиясын тұтынуыңызды азайтады және осыған сәйкес электр энергиясына төлем сомасын да азайтады. %# JOEC%# JOEC..
Орнату және теңшеу _07 01 ОРНАТУ ЖӘНЕ ТЕҢШЕУ ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУҒА ДАЙЫНДАУ Samsung тоңазытқышын сатып алуыңызбен құттықтаймыз. Сіз озық ұсыныстарымыздың рақатын көреді деп үміттенеміз. Тоңазытқышқа ең оңтайлы орын таңдау • Күн көзі тікелей түспейтін орын. • Тегіс (немесе тгс дерлік) еденді орын. • Тоңазытқыштары еркін ашылуына жеткілікті бос кеңістігі бар орын. • Ауа айналымы болуы үшін оң, сол, артқы және үстіңгі жағынан жеткілікті бос орын қалдырыңыз. Тоңазытқыш жеткілікті бос орынға қойылмаса, ішкі салқындату жүйесі тиісінше жұмыс істемеуі мүмкін. • Техникалық қызмет немесе қызмет көрсету жағдайында құралдың еркін жылжуына көз жеткізіңіз. • Орнату кезінде оң, сол, артқы және үстіңгі жағынан ашық орын қалдырыңыз. Бұл қорек тұтынуды азайтып, қуат есебі көрсеткішінің төмен болуына көмектеседі. • Тоңазытқышты температурасы 50ºF (10ºC) деңгейінен төмен орындарға орнатуға болмайды. ТОҢАЗЫТУ/ МҰЗДАТУ КАМЕРАЛАРЫНЫҢ СЫРТҚЫ ТҮРІ 1 Тоңазыту камерасы2 Тоңазыту камерасының сөресі (мықты шыны, үлгісіне қарай) 3 Бастапқы күйінде сақтау бөлімі/ cool select zone (барлық үлгілерде жоқ) 4 Жаңа тағамды қауіпсіз сақтайтын тартпа /Салқын бөлік /Coolselect аумағы (барлық үлгілерде жоқ) 5 Мұздату камерасы6 Мұз сақтау бөлігі7 Мұздату камерасындағы жәшік8 Тоңазыту камерасының шамы9 Сүт өнімдеріне арналған бөлік (барлық үлгілерде жоқ)10 Қоршауы бар әмбебап бөлік (барлық үлгілерде жоқ)11 Су жіберу жүйесі (барлық үлгілерде жоқ)12 Мұздатқыштың қосымша сөресі (барлық үлгілерде жоқ) Тоңазытқышты орнату 900mm 1050mm 595mm 560mm50 мм кем емес50 мм кем емес Есік ашық тұрғандағы тереңдігі 100mm 50mm2000mm or 1920mm or 1815mm 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 %# JOEC%# JOEC..
08_ Пайдалану Жылы тамақты сақтауға қою немесе есіктің жиі ашылуына байланысты тоңазытқыш немесе мұздатқыш бөліктеріндегі температура күрт артқан жағдайда тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың температура көрсеткіші жыпылықтайды. Тоңазытқыш немесе мұздатқыш температурасы қалыпты күйге келгенде тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың температура көрсеткіші жыпылықтауды тоқтатады. Егер температура көрсеткіші бірнеше сағаттан кейін жыпылықтауды тоқтатпаса, қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз. Қатты мұздату функциясын іске қосу үшін осы түймені басыңыз. Қатты мұздату көрсеткіші () жанады және тоңазытқыш мұздатқыштағы өнімдерді мұздату уақытын жеделдетеді. Бұл функция 72 сағатқа іске қосылады және мұздатқыш көрсеткіші -23°C мәнін көрсетеді. Бұл функция автоматты түрде өшеді. Қатты мұздату процесі аяқталған кезде Қатты мұздату функциясы өшіп, мұздатқыш алдыңғы температура параметріне оралады. Бұл функцияны пайдаланған кезде қуат тұтыну артады. Бұл функцияны өшіру үшін “Мұздатқыш” түймесін 3 секунд басыңыз. Егер мұздатқышта көп көлемді азық- түлікті мұздатқыңыз келсе, Қатты мұздату функциясын 24 сағат бұрын іске қосыңыз. 3 Дабыл Дабыл функциясын іске қосу үшін осы түймені басыңыз. Тоңазытқыш есігі 2 минуттан аса ашық қалған жағдайда дабыл индикаторы ( ) жанады және тоңазытқыш дабыл беріп, ескерту жасайды. Дабыл функциясын өшіру үшін осы түймені басыңыз. БАСҚАРУ ПАНЕЛІН ТЕКСЕРУ Түйме басылғаннан кейін қысқа дыбыс естіледі. 1 Тоңазытқыш Тоңазытқышты 1°C мен - 7°C арасындағы қалаған температураға орнату үшін “Тоңазытқыш” түймесін басыңыз. Әдепкі мәні бойынша температура 3°C мәніне орнатылады, “Тоңазытқыш” түймесі басылғаннан кейін температура келесі тәртіппен өзгереді және температура көрсеткіші қалаған температурны көрсетеді. Демалыс функциясын іске қосу үшін түймені 3 секунд басып тұрыңыз.(A ТИПТІ) 2 Мұздатқыш Мұздатқышты 14°C мен - 25°C арасындағы қалаған температураға орнату үшін “Мұздатқыш” түймесін басыңыз. Әдепкі мәні бойынша тем ература -20°C мәніне орнатылады және “Мұздатқыш” түймесі басылғаннан кейін температура келесі тәртіппен өзгереді және температура көрсеткіші қалаған температурны көрсетеді. Тоңазытқышпен жұмыс істеу (A ТИПТІ) (B ТИПТІ) 2 3 45 15 %# JOEC%# JOEC..
Пайдалану _09 02 ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ 1 Operation (Жұмыс) түймешесі • Егер сіз тоңазытқышты сөндіргіңіз келсе, осы түймешені 3 минут бойы басып тұрыңыз. • Қосылып тұрған тоңазытқышты құрастыруға тырыспаңыз. - Ол электр тоғының соғуына немесе тоңазытқыштың бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. 2 Temp. Control (Температураны реттеу) түймешесі • Тоңазытқыштың температурасын реттеу үшін Temp. Control түймешесін басыңыз. • Тоңазытқышты қосқан кезде оның температурасы орташа бағамға қойылады. • Температураның бес индикатордан көрсетілетін ( ➀) бес деңгейі бар. Мұздату камерасындағы температура тоңазыту камерасына қойылған температураға сәйкес өзгеріп отырады. Барлық индикаторлар жанып тұрса, онда ең төменгі температураға қойылған. • Қажетті температураға қою үшін Temp. Control түймешесін бір немесе бірнеше рет басыңыз. • Мұздату камерасының температурасы тоңазыту камерасының температурасына сәйкес автоматты түрде өзгеріп отырады. • Егер көп мөлшердегі азық-түлікті мұздату қажет болса, 24 сағат бұрын мұздату камерасын ең төменгі температураға қойыңыз. 4 Салқын таңдау аумағы Жылдам салқындату () • Егер азық-түлікті жылдам салқындатқыңыз келсе, оны салқындату деңгейін таңдау аймағына қойып, жылдам салқындату режимін таңдаңыз. • Салқындату деңгейін таңдау аймағы азық-түлікті 60 минут суытады. • Жылдам салқындату режимі уақыты аяқталғанда, Салқындату деңгейін таңдау аймағының жәшігі Салқын режиміне автоматты түрде өтеді. Жеңіл мұздату ( ) • Жеңіл мұздату режимін таңдаған кезде Cool Select Zone температурасы -5ºC болып белгіленеді. Нөл аумағы ( ) • Нөлдік аймақ режимі таңдалған кезде Салқындату деңгейін таңдау аймағының температурасы 0°C мәніне орнатылады. Салқын ( ) • Салқын режимін таңдаған кезде Салқындату деңгейін таңдау аймағының температурасы 3°C мәнінде орнатылады. 5 Демалыс Демалыс функциясын іске қосу үшін “Демалыс” түймесін басыңыз. Демалыс көрсеткіші ( ) жанады және сіз ұзақ демалысқа не іскери сапарға шығатын жағдайда немесе тоңазытқышты пайдалану қажеттігі болмаған кезде тоңазытқыш температураны 15°C мәніне орнатады. Демалыс функциясы іске қосулы болғанда мұздатқыш бөліктері қосулы сақталады. Демалыс функциясы қосулы болғанда тоңазытқыш температурасы реттелген жағдайда демалыс функциясы автоматты түрде өшеді. Демалыс функциясын пайдалану алдында тоңазытқыштағы тамақтың алып тасталғанына көз жеткізіңіз. 12➀ %# JOEC%# JOEC..
10_ Пайдалану • Егер сізге көкөністер мен жеміс-жидектерді сақтауға көп орын керек болса, бөлімдегі жылжымалы жәшікті алып тастауға болады. • Тоңазыту камерасының көрсетілген көлемі жаңа піскен көкөністерге арналған бөлімнің жылжымалы жәшіктерін алып тастаған кезде есептелген. 3 Cool Select Zone бөлімі (барлық үлгілерде жоқ) • Бұл бөлімді пайдалану азық-түліктердің дәмі мен бастапқы күйін ұзаққа дейін сақтауға мүмкіндік береді. Ол жерде ірімшік, ет, құс етін, балықты немесе жақын арада пайдаланатын кез-келген азық-түлікті сақтауға болады. Салқын бөлік (барлық үлгілерде жоқ) • Балықты, етті және сарделькаларды сақтауға қолайлы. • Бұл бөлімнің температурасы тоңазыту камерасының температурасынан төмен. Оның температурасы 0°C-тан төмендеуі мүмкін. • Жаңа тағам сақтайтын бөліктің сыйымдылығы Салқын бөлік алынып тұрғанда есептелген. Салқын бөлікке жеміс немесе көкөністерді қоймаңыз. Жемістер мен көкөністер үсіп кетуі мүмкін. 4 Сүт өнімдеріне және ұсақ қаптамадағы азық- түлікке арналған бөлім • Сарымай мен ірімшік сияқты майлы сүт өнімдерін сақтауға қолданылады. • Сүт, йогурт және алкогольсіз сусындарды сияқты ұсақ қаптамадағы азық-түліктерді сақтауда қолданылады. 5 Бөтелкелерге арналған қоршауы бар бөлік • Сыраның, сүттің, шырынның аса үлкен емес бөтелкелері мен қағаз каптамаларын (1 литр) жоғарғы бөлігінде сақтаңыз, ал үлкен бөтелкелер мен қағаз қаптамаларды (1,5 литр) астыңғы бөлігінде сақтаңыз. ТОҢАЗЫТУ НЕМЕСЕ МҰЗДАТУ КАМЕРАСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК САҚТАУ Тоңазыту камерасы Тоңазытқышта азық-түлікті сақтау кезінде төменде келтірілген ұсыныстарға жүгініңіз. • Жылы сусындар мен тағамдарды тоңазытқышқа салмас бұрын оларды бөлме температурасында суытып алыңыз. • Азық-түлікті тоңазытқышқа салмас бұрын оларды тығыздап ораңыз немесе герметикалық контейнерлерге салыңыз. Ол азық-түліктің түсін, сөлін және хош иісін жоғалтудың алдын алады, сонымен қатар оларды ұзақ уақытқа дейін бастапқы күйінде сақтайды. Сонымен қатар ол бір азық- түліктің иісінің басқасына сіңіп кетудің алдын алады. • Тоңазытқыш пластмас фитингтері мен есік тығыздағыштарына май жағылып қалуына жол бермеңіз, себебі бұл материалдар тез жұмсарып кетеді. • Тоңазытқышта ешқашан өртке қауіпті заттарды сақтамаңыз. Күшті спирттік сусындар тығыны мықты бөтелкеде тік тұрған қалпында сақталуы керек. 1 Мықты шыныдан дайындалған тұнық сөре (барлық үлгілерде жоқ) • Азық-түлікті сақтауға арналған контейнерлерге салыңыз және олардың арасынан жеткілікті орын қалдырыңыз. • Ол соққыға төзімді тұнық материалдан жасалғандықтан пайдалану барысында қауіпсіз. 2 Жаңа піскен көкөністерге арналған жылжымалы жәшік (барлық үлгілерде жоқ) • Көкөністер мен азық-түліктерді осы бөлімде сақтауға болады. 2 3 4 1 5 %# JOEC%# JOEC..
Пайдалану _11 02 ПАЙДАЛАНУ МҰЗ ДАЙЫНДАУ 1. Мұзға арналған ыдысқа су құйыңыз. • Ыдыстың шамамен 80 пайызын суға толтырыңыз 2. Мұзға арналған ыдысты мұздату камерасының жылжымалы жәшігіне қойыңыз. 3. Ыдыстан мұз текшелерін алу үшін: • Мұзға арналған ыдысты ақырын майыстырыңыз. Өрт болу қаупі • Тоңазыту камерасының артқы панелі оның ең суық бөлігі болып табылады. Ол деликатес тағамдарды сақтауға болатын ең жақсы жер. • Ішінде сұйықтығы бар, қатып қалуы мүмкін бөтелкелер ешқашан мұздату камерасында сақталмауы тиіс, себебі оның ішіндегісі қатып қалған кезде бөтелке жарылуы мүмкін. Мұзды тез дайындау • Көп мөлшердегі мұзды дайындау үшін «Тез тоңазыту» түймешесін басу арқылы тез тоңазыту режимін қосыңыз. Мұздату камерасы Мұздату камерасындағы жоғарғы жәшік • Қаптамадағы мұздатылған азық-түліктерді сақтаңыз, мысалы балмұздақ, бекон және пиццаны. • Мұз жақсы қатуы үшін мұзға арналған науаны осы жәшікке қойыңыз. Мұздату камерасындағы ортаңғы/астыңғы жәшік • Жас ет пен балықты немесе кептірілген азық- түлікті сәйкес көлемді бөлікке бөліп сақтаңыз. • Төмен температурада тез бұзылатын банан, қауын сияқты азық-түліктерді сақтамаңыздар. • Жаңа азық-түліктерді мұздату үшін бұрын мұздатылған азық-түліктердің жанына қоймаңыз. • Мұздату камерасына газдалған немесе көпіршікті сусындарды қоймаңыз. • Сіздің тоңазытқышыңыз «қыраусыз» жүйесімен жабдықталған, қырау автоматты түрде еритіндіктен, оны қолмен ерітудің қажеті жоқ. • Автоматты еріту кезінде температураның көтерілуі ISO стандарттарының талаптарына сәйкес келеді, егер сіз тоңазытқышты еріту барысында мұздатылған азық-түліктердің температурасының шамадан тыс көтерілуінің алдын алғыңыз келсе, мұздатылған азық- түліктерді бірнеше қабат қағазға орап қойыңыз. • Тоңазытқыш белгіленген температура ауқымының минималды шегінен төмен температуралы үй-жайда ұзақ уақыт бойы тұрса, онда тоңазытқыш бірқалыпты жұмыс істемеуі мүмкін (мұздату камерасындағы заттардың еріп кетуі немесе мұздату камерасы температурасының қатты жоғарылауы мүмкін). • Мұздатқыштың ішіндегі орынды кеңіту үшін тартпаларды 1 алып қоюға болады. Егер Мұздатқыштың қосымша сөресі (барлық үлгілерде жоқ) бар болса, астыңғы тартпадан 2 басқа тартпалардың барлығын алып қоюға болады. Ол оның температуралық және механикалық сипаттамаларына әсер етпейді. Мұздатылған азық-түліктерді сақтауға арналған бөліктің көрсетілген көлемі бұл жәшіктер алынған кездегіге сәйкес өлшенген. • Электр энергиясын тұтынуды оңтайлы ету үшін сөрелерді, жәшіктерді және себеттерді 7 беттегі суретте көрсетілгендей бастапқы орындарында қалдырыңыз. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ Мұздатқыштың қосымша сөресі (барлық үлгілерде жоқ) 2 1 %# JOEC%# JOEC..
12_ Пайдалану • Минералды суы немесе басқа да сусындары бар қарапайым бөтелкеге ауа кіріп кеткен жағдайда сылдырлаған дыбыстар естілуі мүмкін. • Минералды суы немесе басқа да сусындары бар кейбір бөтелкелер көлемі жағынан кранға сәйкес келмеуі мүмкін. • Иінтіректі басқан кезде су ақырын құйылса, иінтіректі тағы бір рет басыңыз. • Кока-кола немесе содалы су тәрізді газдалған сусындарды пайдаланбаңыз. Иінтіректі басқан кезде сусыны бар бөтелкенің жоғарғы бөлігінде жиналған газ қысымының әсерінен сусын төгіліп кетуі мүмкін. • Гигиеналық мақсатта құрамында қанты көп сусындарды (шырындар, алкогольсіз сусындар) пайдалану ұсынылмайды. • Құрамында қатты бөлшектері болмаса, бөтелкедегі минералды суды немесе қайнаған суқұбырының суын пайдалануға болады. Егер суға арналған диспенсер пайдаланылмайтын болса, төмендегі әрекеттерді орындаңыз 1. Диспенсер кранын диспенсерге арналған тесікке мықтап орнатыңыз. • Егер диспенсердің краны ұзақ уақыт бойы орнынан алынып тұрса, суық ауаның шығуы себебінен тоңазытқыштың жұмысы бұзылуы мүмкін. 2. Суға арналған ыдыстың орнына шағын қоршау жасап, сусыны бар бөтелкелерді сақтаңыз. • Мөлшері 1,5 л екі бөтелкені сыйдыруға болады. ЖАРЫҚТАНДЫРҒЫШ ШАМДЫ АУЫСТЫРУ Бұны алып тастау үшін қызмет көрсету инженеріне хабарласыңыз. ІШКІ ЖАБДЫҚТАРЫН ШЫҒАРУ Тартпалар Тартпаның артқы сол жəне оң жақтағы бұғаттау құрылғысын басып тұрып шығарыңыз. (барлық үлгілерде жоқ) СУҒА АРНАЛҒАН ДИСПЕНСЕРДІ ПАЙДАЛАНУ Су толтыру Суды тоңазытқыштың ішінде орналасқан суға арналған ыдысты алмай-ақ құюға болады. 1. Домалақ қақпақты ашып, ыдысқа ауызсу құйыңыз. • Суға арналған ыдысқа суды бетпе-бет құймаңыз (4,2 литрден асырмаңыз). Олай болмаған жағдайда есікті ашып-жапқан кезде су төгіліп кетуі мүмкін. 2. Домалақ қақпақты сырт етіп орнына түсетіндей етіп жабыңыз. Ыдысқа судан басқа ешқандай сұйықтық құймаңыз. Диспенсерден су алу 1. Стақанды суағардың астына қойыңыз. 2. Онымен диспенсердің иінтірегін сәл ғана басыңыз. • Суды төгіп алмас үшін стақанды диспенсерге қарай түзулеп қойыңыз. • Кейбір үлгілерде суға арналған диспенсер болмауы мүмкін. Қарапайым бөтелкелерді орнату 1. Бекітілген иінтіректі басыңыз да, суға арналған ыдысты көтеріңкіреп шығарып алыңыз. 2. Диспенсердің кранын суға арналған ыдыстан алыңыз. 3. Диспенсердің кранын минералды суы бар қарапайым бөтелкеге орнатыңыз да, кранды бекіту үшін сағат тілі бойынша бұраңыз. 4. Краны бар бөтелкені диспенсерге арналған тесікке орнатыңыз. АБАЙЛАҢЫЗ АБАЙЛАҢЫЗ Нажмите %# JOEC%# JOEC..