Home > Samsung > Fridge freezer > Samsung Rl 30 Cscsw Kazakh Version Manual

Samsung Rl 30 Cscsw Kazakh Version Manual

    Download as PDF Print this page Share this page

    Have a look at the manual Samsung Rl 30 Cscsw Kazakh Version Manual online for free. It’s possible to download the document as PDF or print. UserManuals.tech offer 1705 Samsung manuals and user’s guides for free. Share the user manual or guide on Facebook, Twitter or Google+.

    							қауіпсіздік туралы ақпарат_1 Тоңазытқышпайдаланушы нұсқаулығыМүмкіндіктерді елестетіңіз«Samsung» өнімін сатып алғаныңызға алғыс білдіреміз.
    Толығырақ қызмет алғыңыз келсе, өніміңізді келесі 
    мекенжайда тіркеңізwww.samsung.com/global/register
    Еркін тұратын құрал Қазақша RL32CE**
    RL32CS**
    RL30CE**
    RL30CS** from  Manual–  
    						
    							2_мүмкіндіктержаңа тоңазытқыштың 
    мүмкіндіктеріЖАҢА ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ НЕГІЗГІ МҮМКІНДІКТЕРІ«Samsung» тоңазытқышы көптеген орын сақтайтын, жаңартып сақтайтын жəне энергия үнемдейтін 
    мүмкіндіктермен жабдықталған түрде келеді.• Сандық түрі (RL32CE**/RL30CE**) Сырттай бақылау жəне тоңазытқыштың жұмыс күйі мен ішкі температураларын 
    көрсетеді.• Жартылай электрондық түрі (RL32CS**/RL30CS**) Сырттай бақылау, сəуле шығаратын диод жарығы тоңазытқыштың жұмыс күйін көрсетеді.• Фторидсіз жəне қоршаған ортаға жағымды модель Қоршаған ортаны қорғаудың қанағатсыз өнімі.• Тұрақты жұмыс Атақты брендпен, толықтай жақын жəне өте тиімді компрессормен жабдықталған, 
    тамаша өнімділікпен жəне тұрақты жұмыспен қызмет атқарады.• Маңызды құрылым Жоғарғы тоңазытқыштың бөлігі жəне төменгі мұздатқыш мұздату тиімділігін азайтпай, 
    энергияны үнемдейді.
     Тоңазытқыш жиі қолданылады, сондықтан оңай қолданудың ыңғайлылығы үшін ол 
    жоғары бөлікке орналасқан. Тоңазытқыштың сөрелерінің орналасуын ыдыстың өлшеміне 
    қатысты бекітуге болады.• Бүлдірмейді Мұздатқыш қорап құрылымымен беріледі, ол бүлдіруді болдырмайды, сақтауға тиімді 
    жəне тамақ жəне тағамдардың бастапқы иісін қорғай алады.• Артқы жағының тегіс түрі Кірістірілген конденсатор оңай тазалауға мүмкіндік береді.Болашақта анықтамалық мақсат үшін, 
    моделі мен сериялық нөмерін жазып алыңыз 
    жазыңыз. Модель нөмірін тоңазытқыштың 
    түбінен қараңыз.Модель нөмірі _________Сериялық нөмірі _______ 
    						
    							қауіпсіздік туралы ақпарат_3
    қауіпсіздік туралы ақпарат
    ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
    WARNING
    • Құралды пайдаланбас бұрын осы пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз жəне 
    анықтамалық мақсатпен сақтаңыз.
    WARNING
    • Себебі осы төмендегі жұмыс істеу нұсқаулары əртүрлі модельдерге арналған, 
    тоңазытқыштың сипаттамасы осы нұсқаулықта сипатталғаннан аздап басқаша болуы 
    мүмкін.
    ҚОЛДАНЫЛАТЫН «АБАЙ БОЛЫҢЫЗ/ЕСКЕРТУ» БЕЛГІЛЕРІ
    WARNINGӨлім қаупі немесе күрделі қатердің бар екенін көрсетеді.
    CAUTION
    Жеке басқа қауіп төну мүмкіндігін немесе материалдық зақымдалуы мүмкін 
    екенін көрсетеді.
    ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАСҚА БЕЛГІЛЕР
    Сіздің жасауыңызға БОЛМАЙТЫН əрекетті білдіреді.
    Сіздің бөлшектеуіңізге БОЛМАЙТЫН əрекетті білдіреді.
    Сіздің ұстауыңызға БОЛМАЙТЫН əрекетті білдіреді.
    Сіздің орындауыңызға БОЛМАЙТЫН əрекетті білдіреді.
    Розеткадан қуат ашасын ажырату қажеттігін көрсетеді.
    Жердің электрикалық ток тартуды болдырмау қажеттігін білдіреді.
    Бұл белгіні арнайы маманның орындауы ұсынылады.
    Осы ескерту белгілері сізге жəне басқаларға зақым келтіруді болдырмау үшін осы 
    жерде берілген.
    Оларды міндетті түрде орындаңыз.
    Бұл бөлімді оқып шыққаннан кейін оны қауіпсіз жерде болашақта анықтамалық 
    мақсатта пайдалану үшін сақтаңыз.
    • Осы тоңазытқышты дұрыс орнатылуы жəне оны пайдаланбас бұрын нұсқаулыққа 
    сəйкес орналастырылуы тиіс.
    • Осы құралды пайдалану нұсқаулығында сипатталғандай ғана пайдалану қажет.
    • Қызметті білікті маман арқылы көрсету ұсынылады.
    • R600a немесе R134a затын мұздатқыш зат ретінде қолдануға болады. Тоңазытқыш үшін 
    қолданылатын мұздатқыш заттың түрін құралдың артқы жағындағы компрессордың 
    жапсырмасынан немесе тоңазытқыштың төлқұжат тақтайшасынан қараңыз.
    • R600a мұздатқыш заты қолданылса, бұл газ қоршаған орта талаптарына сəйкес 
    келетін табиғи газ болып табылса да, ол жарылуға қауіпті. Құралды тасымалдау 
    жəне орнату кезінде тоңазыту жүйесінің ешбір бөлігіне зақым келетіндігінен 
    аулақ болыңыз.
    • Түтіктерден шығатын мұздатқыш зат тұтануы немесе көзге жарақат келтіруі 
    мүмкін. 
    Газдың жылыстауы орын алған жағдайда от жақпаңыз немесе тұтану 
    көздерінен аулақ болыңыз жəне құрал орналасқан бөлмені бірнеше минут 
    ішінде желдетіңіз.
     
    						
    							4_қауіпсіздік туралы ақпарат
    қауіпсіздік туралы ақпарат
    WARNING
    • Тоңазытқыштың айналасында жылыстау пайда болса, жанатын ауадағы газ араласуын 
    жасауды болдырмау үшін, құрылғы қойылған бөлменің өлшемі қолданыстағы 
    салқындатқыштардың мөлшеріне байланысты болады.
    • Зақымның кез келген белгілері көрінетін болса, құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз. Егер 
    сенімді болмасаңыз, сатушымен хабарласыңыз.
    • Бөлме құрылғының ішіндегі əрбір R600a салқындатқышының 8 г өлшемі үшін 1м3 болуы 
    қажет.
    • Нақты құрылғыдағы
     тоңазытқыштың мөлшері құрылғының ішіндегі техникалық деректер 
    тақтасында көрсетіледі.
    • Осы өнімге арналған орама материалдарды қоршаған ортаға зиян келтірмейтін мəнерде 
    тастаңыз
    • Тоңазытқыштың ішкі шамын өзгертпес бұрын розеткадан қуат ашасын алыңыз.
    - Əйтпесе, ток соғу қаупі бар.
    ҚАТАЛ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
    WARNING
    • Тоңазытқышты ылғал немесе сумен байланысы бар жерде орнатпаңыз.
    - Электрикалық бөліктерінің нашарлаған изоляциясы ток соғу немесе өрт қаупін 
    тудыруы мүмкін.
    • Тоңазытқышты тікелей күн көзіне қоймаңыз немесе пештен, бөлме жылытқыштарынан 
    немесе басқа құрылғыдан шығатын ыстыққа жақын орналастырмаңыз.
    • Тоңазытқышты тегіс бетке орналастыру үшін жеткілікті орынды қамтамасыз етіңіз.
    - Тоңазытқыштың деңгейі көрсетілмесе, ішкі 
    салқындату жүйесінің дұрыс жұмыс 
    істемеуі мүмкін.
    • Бірдей бірнеше қуат көзіне бірнеше құралдарды жалғамаңыз. Тоңазытқыш əрқашан 
    бағалау тақтасына сəйкес келетін кернеу өлшемі бар жеке электрикалық қуатына 
    жалғануы керек.
    - Бұл ерекше өнімділікті қамтамасыз етеді жəне сымдардың ысып кетуінен өрт қаупін 
    тудыруы мүмкін үйдегі электр сымының шектен асып кетуін болдырмайды.
    • Тоңазытқышты қуат 
    көзінен ажырату кезінде қуат сымынан тартпаңыз. Əрқашан қуат 
    ашасын ұстап, тікелей розеткадан суырыңыз.
    - Зақымдалған қуат сымы ток тұйықталуына, өрт шығуына немесе электр тогының 
    соғуына əкелуі мүмкін.
    • Қуат ашасын тоңазытқыштың артқы жағының басып қалмауын немесе оған зақым 
    келтірмеуін қамтамасыз етіңіз.
    • Қуат сымын шамадан тыс имеңіз немесе оған ауыр заттар қоймаңыз.
    - Бұл өрт қаупін тудырады.
    • Қуат сымы тозса немесе оған зақым келсе, оны жөндеңіз немесе жедел түрде 
    өндірушіден немесе қызмет агентінен ауыстырып алыңыз.
    • Қуат сымының ұзындығы бойына немесе оның соңында қиылып қалған немесе 
    сырылған жері болса, сымды қолданбаңыз.
    • Зақымдалған қуат сымы өндіруші немесе техникалық қызмет маманы арқылы бірден 
    ауыстырылуы тиіс
    .
    • Тоңазытқышты жылжытқан кезде, қуат сымын орамау немесе оны зақымдау үшін мұқият 
    болыңыз.
    • Қуат ашасын су қолыңызбен жалғамаңыз.
    • Тазалаудың жəне жөндеуді жүргізудің алдында тоңазытқышты қуат көзінен ажыратыңыз.
    • Ашаны су немесе ылғал шүберекпен тазалауға болмайды.
    • Аша істікшелерін басқа заттардан немесе шаңнан тазалаңыз.
    - Əйтпесе, өрт шығу қаупі бар.
    • Тоңазытқышты қуат
     көзінен ажыратқаннан кейін оны токқа қайта қоспас бұрын кемінде 
    бес минут күткеніңіз жөн.
    • Қабырғадағы розетка тығыз орнатылмаған жағдайда қуат ашасын жалғамаңыз.
    - Электр тогының соғуы немесе өрт қаупі бар.
    • Құралды орнатқаннан кейін аша қолыңыз оңай жететін жерде болуы қажет.
     
    						
    							қауіпсіздік туралы ақпарат_5
    қауіпсіздік туралы ақпарат
    • Бұл тоңазытқышты жерге қосу қажет.
    - Тоңазытқыштан ағымдағы жылыстау арқылы туындайтын қуаттың жылыстауын 
    немесе токтың соғуын болдырмау үшін, тоңазытқышты жерге жалғау қажет.
    • Газ түтіктерінің, телефон сымдарының немесе басқа ықтимал жалғастыру 
    өзектерін жерге қосу құралдары ретінде қолданбаңыз.
    - Жерге қосылған ашаны дұрыс қолданбау ток соғуға əкелуі мүмкін.
    • Тоңазытқышты өзіңіз бөлшектемеңіз немесе өзіңіз жөндемеңіз.
    - Өрт, дұрыс жұмыс істеу немесе жеке басыңызға зақым қаупін тудырыңыз мүмкін.
    • Фармацевтикалық немесе түтін иісін сезсеңіз, жедел түрде қуат 
    ашасын алып, «Sam-
    sung» электроникалық қызмет орталығымен байланысыңыз. 
    • Құрал ішіндегі желдеткішті ашық ұстаңыз немесе құрастыру құрылымын бітеліп қалудан 
    сақтаңыз.
    • Өндіруші ұсынғаннан басқа еріту үрдісін жеделдету үшін, техникалық құрылғыларды 
    немесе кез келген басқа құралдарды қолданбаңыз.
    • Мұздату жүйесіне зақым келтіруге болмайды.
    • Тоңазытқыш/ мұздатқыш ішіне өндіруші ұсынғаннан басқа электрикалық құрылғының 
    түрін орнатпаңыз немесе 
    қолданбаңыз.
    • Сəуле шығаратын диод лампасын өзіңіз орнатпаңыз жəне қажет болса, білікті жөндеу 
    маманына хабарласыңыз. 
    • Құрылғы (балаларды қамтығанда) физикалық қабілеті, сезу немесе ойлау қабілеті 
    төмен, тəжірибесі жəне білімі аз адамдар арқылы қолдануға арналмаған, тек 
    қауіпсіздігіне жауапты адам құрылғыны сəйкес қолдану туралы нұсқау берген жағдайда 
    ғана оларға қолдануға рұқсат беріледі.
    • Балалардың 
    құралмен ойнамауын қадағалау қажет.
    • Қуат сымы зақымдалған жағдайда, апат жағдайын болдырма үшін оны өндіруші, оның 
    қызмет агенті немесе сəйкесінше білікті маман ауыстыруы қажет.
    • Балалардың есігіне асылып тұруына жол бермеңіз. Олай болмаса, күрделі зақым 
    туындауы мүмкін.
    • Мұздатқыштың ішкі қабырғаларын немесе мұздатқыштың ішіндегі сақталған өнімдерді 
    су қолдарыңызбен ұстамаңыз.
    - Қатып қалуы мүмкін
    .
    • Тоңазытқыш ұзақ уақытқа қолданылмаса, қуат ашасын токтан ажыратыңыз.
    - Изоляцияның нашарлауы нəтижесінде өрт туындауы мүмкін.
    • Құрылғының үстіне зат қоймаңыз.
    - Есікті ашып-жапқанда зат құлап, жеке өзіңізге немесе басқа заттарға зақым келтіруі 
    мүмкін.
    «АБАЙ БОЛЫҢЫЗ» БЕЛГІЛЕРІ
    CAUTION
    • Өнім үйдегі ортада тағам сақтауға ғана арналған.
    • Өндірушінің ұсынған сақтау уақыттары сақталуы қажет.
     Қатысты нұсқауларға сүйеніңіз.
    • Бөтелкелер құлап кетпес үшін қатар сақталуы қажет.
    • Тоңазытқышты тағаммен шамадан тыс толтырмаңыз.
    - Есікті ашқанда зат құлап, жеке өзіңізге немесе басқа заттарға зақым келтіруі мүмкін.
    • Мұздатқышқа бөтелкелер немесе шыны контейнерлерді салмаңыз.
    - Ішіндегі
     зат қатып қалса, шыны сынып, жеке басыңызға зақым келтіруі мүмкін. 
    • Тоңазытқыштың қасында жанатын газды шашпаңыз.
    - Жарылыс немесе өрт қаупі бар.
    • Тоңазытқыштың ішіне немесе сыртына тікелей су шашпаңыз.
    - Электр тогының соғуы немесе өрт қаупі бар.
     
    						
    							6_қауіпсіздік туралы ақпарат
    қауіпсіздік туралы ақпарат
    • Тез буланатын немесе жанатын заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.
    - Бензин, ерітінді, спирт, эфир, қысылған газ жəне басқа осы сияқты өнімдерді сақтау 
    тұтану қаупін тудыруы мүмкін.
    • Толығымен еріген қатырылған тағамдарды қайтадан қатырмаңыз.
    • Фармацевтикалық өнімдерді, ғылыми материалдарды немесе температураға сезімтал 
    өнімдерді тоңазытқышта сақтамаңыз.
    - Тоңазытқышта қатал температурада бақылануы талап етілетін өнімдер сақталуы 
    керек.
    • Суға толтырылған контейнерді тоңазытқышқа салмаңыз.
    - Төгіліп кетсе, электр тогының соғуы немесе өрт қаупі бар.
    ТАЗАРТУҒА АРНАЛҒАН «АБАЙ БОЛЫҢЫЗ» БЕЛГІЛЕРІ
    • Құрылғының астыңғы жағындағы аймаққа қолыңызды салмаңыз.
    - Кез келген үшкір ұштары жеке басыңызға зақым келтіруіңіз мүмкін.
    • Диспенсер тесігіне саусағыңызды немесе басқа заттарды тықпаңыз.
    - Бұл адамға жарақат немесе материалдық зиян келтіруі мүмкін.
    • Тоңазытқышты қуат көзінен ажыратқаннан кейін оны токқа қайта қоспас бұрын кемінде 
    бес минут күткеніңіз жөн.
    ҚОЛДАНЫСТАН АЛЫП ТАСТАУҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
    • Осы немесе басқа тоңазытқышты қолданыстан алып тастау кезінде, есігін/ есіктегі 
    резеңкелерді, есіктің суырмасын, кішкентай балалар немесе жануарлар құрылғының 
    ішінде қалып қалмау үшін алып тастаңыз.
    • Ішіне балалар оңай өрмелемеу үшін сөрелерін ішінде қалдырыңыз. R600a немесе 
    R134a газдары мұздатқыш зат ретінде қолданылады. Тоңазытқыш үшін қолданылатын 
    мұздатқыш заттың түрін құралдың артқы жағындағы компрессордың жапсырмасынан 
    немесе тоңазытқыштың төлқұжат тақтайшасынан қараңыз. Өнімде тұтанғыш газ 
    (R600a мұздатқыш заты) болса, өнімді қауіпсіз алып тастау үшін, жергілікті өкілмен 
    байланысыңыз.
    • Циклопентан шығарылатын газ изоляциясы ретінде қолданылады. Изоляция 
    материалындағы газ арнайы алып тастау іс рəсімін талап етеді. Осы өнімді қоршаған 
    ортаға қауіпсіз түрде жою үшін, жергілікті өкілдермен байланысыңыз. Құрылғылардың 
    артындағы түтіктердің ешбірі
     жоймас бұрын зақымдалмағанын тексеріңіз. Түтіктер 
    ашық ортада сынып кетуі мүмкін.
    CAUTION
    Қуат қатесі болса, электр компаниясының жергілікті кеңсесіне қоңырау шалып, оның 
    қанша уақытқа жалғасатынын сұраңыз.
    Бір немесе екі сағатқа созылатын көптеген қуат қателері тоңазытқыштың 
    температурасына əсер етпейді.
    Дегенмен, қуат сөніп қалған кезде есікті ашу санын азайту қажет. Бірақ қуат 24 сағатқа 
    өшіп қалса, барлық қатырылған тағамдарды алып тастаңыз.
    Құлыпталатын есіктер немесе қақпақтар үшін
     балалардың ішінде құлыпталып қалуын 
    болдырмау мақсатында кілттерді балалардың қолы жетпейтін жерге қойып, мұздатқыш 
    құрылғының айналасында сақтамау қажет.
     
    						
    							қауіпсіздік туралы ақпарат_7
    қауіпсіздік туралы ақпарат
    ДҰРЫС ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОСЫМША КЕҢЕСТЕР
    • Орнатқаннан кейін құрылғыны 2 сағатқа қойып қойыңыз.
    • Өнімнің жақсы жұмыс істеуі үшін,
    - Мұздатқыш бөлігіндегі бос ауа айналымына кедергі келтірмеу үшін, құрылғының 
    артқы жағындағы желдеткіштердің алдына тағамдарды тым жақын қоймаңыз.
    - Тоңазытқыш мұздатқышына тағамдарды салмас бұрын, оларды сəйкесінше ораңыз 
    немесе ауа шығарылатын тесіктері бар контейнерлерге салыңыз.
    - Бұрыннан қатырылған тағамның қасына енді 
    қатырылатын жаңа тағамды қоймаңыз.
    • Мұздатқыш бөліміне көмір қышқылды немесе қышқылды сусындарды салмаңыз.
    • Ең көп сақтау уақытын жəне қатырылған тағамдардың қолданыстан шығатын күнін 
    сақтаңыз.
    • Үш аптадан аз уақытқа бір жерге кетіп бара жатсаңыз, тоңазытқышты ток көзінен 
    ажыратудың қажеті жоқ. Бірақ, егер үш апта немесе одан да көп уақытқа кетіп бара 
    жатқан болсаңыз, барлық тағамдарды алып тастаңыз. Тоңазытқышты токтан ажыратып, 
    оны тазартып, шайып, құрғатыңыз.
    • Бір немесе екі сағатқа созылатын көптеген қуат қателері тоңазытқыштың 
    температурасына əсер етпейді. Дегенмен, қуат сөніп қалған кезде есікті ашу санын 
    азайту қажет. Бірақ қуат 24 сағатқа өшіп қалса, барлық қатырылған тағамдарды алып 
    тастаңыз.
    • Кілт тоңазытқышпен бірге берілген болса
    , кілттерді балалардың қолы жетпейтін жерге 
    қойып, құрылғының айналасында сақтамау керек.
    • Тоңазытқыш құрылғының жасалып шығарылған температура ауқымының салқындық 
    шегінен төмен уақыт аралығынан асырылған мерзімге қойылған, құрылғы сəйкесінше 
    жұмыс істемеуі мүмкін (тағамдардың еруі мүмкін немесе қатырылған тағам бөлігіндегі 
    температура тым жылып кетуі мүмкін).
    • Төмен температурада тез оңай көнеріп кететін банан, қауын 
    сияқты тағамдарды 
    сақтамаңыз.
    • Оптималды мұзды қатыруға қол жеткізу үшін, мұз салғышты өндіруші берген бастапқы 
    орынға қойыңыз.
    • Еріту кезіндегі температураның көтерілуі халықаралық стандартизация ұйымының 
    талаптарына сəйкес келуі қажет. Бірақ құрылғыны еріту кезінде қатырылған тағамның 
    температурасының аса көтерілуін болдырмау үшін, қатырылған тағамды газет сияқты 
    қағаздың бірнеше беттеріне ораңыз.
    • Еріту кезінде қатырылған 
    тағамның температурасының көтерілуі, оның сақталу 
    мерзімін азайтады.
    ЭЛЕКТР ҚУАТЫН САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕР
    • Тоңазытқышты тікелей күн көзіне жəне жылу көздерінің (пеш, радиатор, т.б.) қасына 
    орнатпаңыз.
    • Тоңазытқышқа жылы тағам жəне сусын салмаңыз, оларды алдымен сыртта 
    салқындатып алыңыз.
    • Тоңазытқыш есігін мүмкіндігінше қысқа уақытқа ашыңыз.
    • Тоңазытқыштың артқы жағын жиі тазартыңыз. Шаң энергияның жұмсалуын арттырады.
    • Температураны қажеттіден салқынырақ етіп орнатпаңыз.
    • Қатырылған тағам ерісе, оны
     тоңазытқышқа салыңыз. Одан кейін қатырылған тағамның 
    төмен температурасы тоңазытқышты салқындату үшін қолданылады.
    • Тоңазытқыш негізінде жəне тоңазытқыштың артқы қабырғасында сəйкес ауа 
    шығарылуын қамтамасыз етіңіз. Ауа желдеткішінің тесіктерін бітемеңіз.
    • Орнатқан кезде оң, сол, артқы жəне жоғарғы жағында бос орынның болуын қамтамасыз 
    етіңіз. Бұл қуаттың жұмсалуын азайтып, энергия төлемдерін азайтуға көмектеседі.
     
    						
    							8_мазмұнымазмұны09 Тоңазытқышты орнату
    11  Пайдаланудың алдында дайындық
    11   Басқару панелі 
    (RL32CE**/RL30CE**)
    13 Бастапқыда қуат қосу жəне температура реттеу
    14  Басқару панелі 
    (RL32CS**/RL30CS**)
    15  Тоңазытқыштың көрінісі 
    (RL32CE**/RL30CE**)
    16  Тоңазытқыштың көрінісі 
    (RL32CS**/RL30CS**)
    17 Тағамды сақтау
    18 Күтім көрсету жəне тазалау
    18 Керек-жарақтарды бөлшектеуТОҢАЗЫТҚЫШТЫ 
    ОРНАТУ09ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ 
    ПАЙДАЛАНУ11АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ20ТЕХНИКАЛЫҚ 
    СИПАТТАМАЛАРЫ22 
    						
    							орнату_9 01 ОРНАТУтоңазытқышты орнатуТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ
    Есіктің өлшемдерін тексеруТоңазытқыштың оған сəйкес келуіне көз жеткізу үшін, есіктің өлшемдерін алыңыз;Тоңазытқыштың өлшемдеріӨлшемі (мм) Модель
    Ені 596 (тұтқасыз)/600 (тұтқамен) БАРЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР
    Тереңдігі 633 (тұтқасыз)/666 (тұтқамен) БАРЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР
    Биіктігі1742 RL32C**
    1650 RL30C**
    Тоңазытқыштың шыны сөрелерінің екі бірдей жағындағы ішкі жабысқыш заттарды жəне 
    губканы қамтитын барлық орама заттарын алып тастаңыз.
    Алғаш рет қолданған кезде, сөрелерді дұрыс орнатыңыз. Дұрыс орналасудың 
    ыңғайлылығы үшін сөрелердің екі жағын да ойықтарына салыңыз.
    Тоңазытқыштың көбік сияқты мақта бөлігін қолданған кезде алып тастау керек.
    1. Тоңазытқыш тегіс орнатылмаса, пайдаланушылар бұралатын бөліктің төменгі 
    жағындағы аяғын (оларды айналдыру үшін сағат тіліне қарсы бұрау арқылы) реттей 
    алады. Сəйкес аяғының төменгі бөлігінде сəйкес келетін тесіктер болады. Қайшы 
    бұрауыштарды немесе басқа қарапайым құралды бекіту үшін тесіктерге тығуға 
    болады. (Оң жақтағы суретке қараңыз)Тоңазытқыш қойылатын жер тегіс жəне берік болу қажет, əйтпесе, шу жəне дірілдеу 
    дыбыстары шығарылады.• Оны тегіс емес еденге қойған кезде, көбірек шу 
    шығарылады.• Түсінің өзгеруін немесе төменгі бөлігінің ысуына 
    байланысты қызудың таралуына кедергі 
    келтірілмес үшін, тоңазытқышты кілемнің үстіне 
    қойған кезде, қатты қойылатын плита қолдану 
    қажет.• Берік орнату үшін, сəйкес аяғын еденге жақын 
    бекіту қажет. Жабылатын есіктің ыңғайлылығы 
    үшін, тоңазытқышты шамалап артқы еңкейту 
    қажет.кемінде 300 мм
    дейін
    кемінде 55 мм кемінде 
    55 мм кемінде 
    55 мм
    кемінде 
    55 мм кемінде 
    55 ммкемінде 
    55 мм кемінде 
    55 мм есіктер ашылғанда 
    тереңдігі 1034,5 мм
    есіктер ашылғанда 
    тереңдігі 1034,5 мм2. Тоңазытқыштың арты жəне жаны қабырғадан кемінде 55 мм 
    арақашықтықта болу қажет.
     Оның жоғарғы жағы төбеден кемінде 300 мм алыс болу қажет.928.5 125
    946.5 125  
    						
    							10_орнатутоңазытқышты орнатуТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ3. Тоңазытқыштың ішкі жəне сыртқы жағын жылы ылғал шүберекпен сүртіңіз (жылы суға 
    бейтарап қоспаның аз бөлігін қосуға болады).4. Тоңазытқышты берік орналастырып, шамамен 1 сағаттан кейін қуатқа қосыңыз.Тоңазытқыш 2-3 сағатта салқындағаннан кейін, тағамдар салуға 
    болады жəне тоңазытқыш жұмысын бастайды. Тағамдарды 2-3 
    сағаттан кейін салу ұсынылады. 
    						
    All Samsung manuals Comments (0)

    Related Manuals for Samsung Rl 30 Cscsw Kazakh Version Manual