Home > Electrolux > Dishwasher > Electrolux Esf 47005 Kazakh Version Manual

Electrolux Esf 47005 Kazakh Version Manual

    Download as PDF Print this page Share this page

    Have a look at the manual Electrolux Esf 47005 Kazakh Version Manual online for free. It’s possible to download the document as PDF or print. UserManuals.tech offer 208 Electrolux manuals and user’s guides for free. Share the user manual or guide on Facebook, Twitter or Google+.

    							Ішін тазалау
    Есік айналасындағы тығыздағыштарды,
    жуғыш және шайғыш зат сауыттарын
    мезгіл-мезгіл дымқыл матамен тазалап
    тұрыңыз.
    Әр 3 ай сайын жуғыш затты пайдаланып,
    аса кірлеген ыдыс-аяқтарды жууға
    арналған бағдарламаны ешбір ыдыс-
    аяқсыз орындап тұруды ұсынамыз.
    Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
    Егер машинаны ұзақ уақыт
    пайдаланбасаңыз, сізге берер кеңесіміз:
    1. Машинаны электр желісінен
    ажыратып, содан кейін суды өшіріп
    тастаңыз.
    2. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін,
    есікті ашыңқырап қойыңыз.
    3. Машинаның ішін тазалап қойыңыз.
    Мұздап кетуден сақтау
    Машинаны температурасы 0°C төмен
    болатын жерге қоймаңыз. Егер ондайжағдайға мүмкіншілік жоқ болса
    машинаны босатыңыз да оның есігін
    жауып, су қабылдайтын түтігін
    ажыратып, оны босатыңыз.
    Машинаны көшіру
    Егер машинаны көшіру қажет болып
    қалса, (көшу себептеріне, т.б.):
    1. Электр желісінен ажыратыңыз.
    2. Су құбырының шүмегін жабыңыз.
    3. Су қабылдайтын және жуынды суды
    жіберетін түтіктерін ажыратыңыз.
    4. Машинаны түтіктерімен бірге
    шығарып алыңыз.
    Тасымалдау кезінде машинаның
    аударылып кетуіне жол бермеу керек.
    Не істерсіңіз, егер...
    Ыдыс жуғыш машина жұмысын
    бастамай жатыр немесе жұмыс жасап
    тұрған кезде тоқтап қалады.
    Кейбір мәселелер қарапайым
    техникалық қызмет көрсетілмегендіктен
    не бақылаудың жеткіліксіздігінен пайдаболатындықтан, оларды арнаулы
    маманды шақырмай-ақ, кестедегі
    нұсқауларды қолданып шешуге болады.
    Ақаулықты түзетуге бағытталған
    әрекеттерді жүзеге асыру үшін ыдыс
    жуғыш машинаны өшіріңіз.
    Қателер коды және дұрыс жұмыс істемеуМүмкін себептері және шешетін жолдары
    •
    сандық бейнебетте  пайда болады
    Ыдыс жуғыш машинаға су құйылмай тұр.• Су құбырының шүмегі толып қалған немесе
    оған қақ тұрған.
    Су құбырының шүмегін тазалаңыз.
    • Су құбырының шүмегі жабық тұр.
    Су құбырының шүмегін ашыңыз.
    • Су құятын түтікшедегі сүзгі(бар
    машиналарда) бітіп қалған.
    Су құятын түтікшедегі сүзгіні тазалаңыз.
    • Су құятын түтікше дұрыс
    орналастырылмаған немесе ол қысылып,
    суды жібермей тұр.
    Су құятын түтікшенің дұрыс қосылған не
    қосылмағанын тексеріңіз.
    •
    сандық бейнебетте  пайда болады
    Құрылғы суы сарқылмай тұр• Раковинаның түтікшесі бітеліп қалған.
    Раковинаның түтікшесін тазалаңыз.
    • Суды ағызатын түтікше дұрыс
    орналастырылмаған немесе ол қысылып,
    суды жібермей тұр.
    Су ағызатын түтікшенің дұрыс қосылған не
    қосылмағанын тексеріңіз.
    electrolux  21
     
    						
    							Қателер коды және дұрыс жұмыс істемеуМүмкін себептері және шешетін жолдары
    •
    сандық бейнебетте  пайда болады
    Су тасқынына қарсы құрал белсенді күйде тұр• Су құбырының шүмегін жауып, жергілікті
    қызмет көрсету орталығына
    хабарласыңыз.
    Дұрыс жұмыс істемеуМүмкін себептері және шешетін жолдары
    Бағдарлама басталмай тұр• Ыдыс-аяқ жуғыштың есігі дұрыс
    жабылмаған.
    Есікті жабыңыз.
    • Негізгі қосқыш электр қуаты көзіне
    қосылмаған.
    Негізгі қосқышты электр желісінің көзіне
    қосыңыз
    • Үйдегі сақтандырғыш қорабындағы
    сақтандырғыш күйіп кеткен.
    Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
    • "Бастауды кідірту" орнатылған.
    Егер ыдыс-аяқтарды дереу жуу қажет
    болса, "бастауды кідірту" функциясын
    ажыратып қойыңыз.
    Аталып өткен тексерулер аяқталғаннан
    соң, бұйымды қосыңыз.
    Бағдарлама тоқтап қалған жерінен әрі
    қарай жалғасады.
    Егер дұрыс істемеу, не ақаулық коды
    қайта көрсетілсе, жергілікті қызмет
    көрсету орталығыңызбен
    хабарласыңыз.
    Жоғарыда сипатталмаған қателер коды
    көрсетілсе, жергілікті қызмет көрсету
    орталығыңызбен хабарласыңыз.
    Қызмет көрсету орталығымен
    хабарласқан кезде, машинаның үлгісін
    (Mod.), өнімнің нөмірін (PNC) жәнесериялық нөмірін (S.N.) оларға мәлім
    етіңіз.
    Бұл ақпаратты ыдыс-аяқ жуғыштың
    қабырғасында орналасқан техникалық
    ақпарат тақтайшасынан табуға болады.
    Осы нөмірлер әрдайым алдыңызда
    болуы үшін, оларды мына жерге жазып
    қоюға кеңес береміз:
    Mod. (үлгі) : . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  .  .  .  .
    PNC (өнім
    нөмірі): . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
    S.N. (сериялық
    нөмір) : . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
    Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес
    Ыдыстар таза емес• Сай келерлік бағдарламадан басқа бағдарлама таңдалған.
    • Ыдыс-аяқтар су олардың барлық жерлеріне біркелкі тимейтіндей
    орналастырылған. Кәрзеңкелерге белгіленген мөлшерден артық
    ыдыс-аяқ салуға болмайды.
    • Ыдыс-аяқтар дұрыс салынбағандықтан, бүріккіштер еркін айнала
    алмай тұр.
    • Жуу бөлімінің төменгі жағындағы сүзгіштер кірленіп қалған немесе
    дұрыс орнатылмаған.
    • Жуу заты өте аз мөлшерде немесе мүлдем қолданылмаған.
    • Ыдыс-аяқтарға қақ тұрып қалса; тұз қорапшасы бос немесе суды
    жұмсартқыштың деңгейі дұрыс орнатылмаған.
    • Суды канализацияға жіберетін шланг дұрыс қосылған жоқ.
    • Тұзға арналған қорапшаның қақпақшасы жөндеп жабылған жоқ.
    Ыдыс-аяқтар сулы
    және олардың түсі
    ашылмаған• Шаю заты қолданылмаған.
    • Шаю заттарына арналған қорапша бос.
    22  electrolux
     
    						
    							Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес
    Ыдыс-аяқтарға
    жолақ-жолақ
    сызаттар мен
    ақшыл таңдақтар
    түскен немесе
    шыны ыдыстардың
    үсті көкшіл тартқан• Шаю затының мөлшерін азайтыңыз.
    Стакандар мен
    ыдыстарда құрғап
    қалған су
    тамшыларының
    іздері қалған• Шаю затының мөлшерін көбейтіңіз.
    • Бұның себебі жуу заты болуы мүмкін. Жуу затын өндірушінің
    тұтынушыларды қолдау бөлімімен хабарласыңыз.
    Егер осы тексерулерден соң ақаулық
    тағы да орын алса, жергілікті қолдау
    қызметімен хабарласыңыз.
    Техникалық сиппатама
    ӨлшемдеріЕні
    Биіктігі
    Тереңдігі45 см
    85 см
    63 см
    Электр желісіне қосылым -
    Кернеу - Жалпы қуат -
    СақтандырғышҚұрылғыны электр желісіне қосу туралы мәлімет, жуғыш
    есігінің ішкі бетінің шетіндегі техникалық ақпарат
    тақтайшасында берілген.
    Құйылатын судың қысымыЕң аз
    Ең көп0,05 МПа(0,5 бар)
    0,8 МПа(8 бар)
    Сыйымдылығы 9 кісіге арналған ыдыс-аяқ
    жинағы
    Тексеру тест өткізетін институттар үшін кеңестер
    EN 60704  ережесіне сәйкес тексеруді
    өткізу үшін, машина ыдыс-аяқпен
    толтырылған болуы керек және сынақ
    бағдарламасы пайдаланылуы тиіс
    ("Тұтыну параметрлері" бөлімін оқыңыз).
    EN 50242  ережесіне сәйкес тексеруді
    өткізу үшін, тұз және шаю затынаарналған қорапшалар тұзбен, шаю
    затымен жеке-жеке толтырылған болуы
    керек және тексеру бағдарламасы
    пайдаланылуы тиіс ("Тұтыну
    параметрлері" бөлімін оқыңыз).
    Толық толтыру: 9 кісіге арналған стандартты ыдыс-аяқ жинағы
    Жуғыш заттың қажетті мөлшері:5 г + 20 г (В түрі)
    Шайғыш зат параметрін орнату4-ші орын (III түрі)
    Сынақ келесі көрсетілгендегідей
    өткізілуге ТИІС:
    • Жұмсақ тірегіштер САЛЫНБАУЫ
    керек
    • Ас құралдарының шағын
    қорапшасы САЛЫНБАУЫ керек
    Бұл жабдықтарды үстіңгі себеттен
    АЛЫҢЫЗ.
    electrolux  23
     
    						
    							Үстіңгі себетті салат шыныаяғын салмай
    орналастыру
    Үстіңгі себетті салат шыныаяғын салып
    орналастыру
    Шыныаяқ торлары: А орны
    Астыңғы себетке ыдыс-аяқтарды
    орналастыру
    Ас құралдарының ас құралдары
    себетінде орналастырылуы
    Орнату
    Назарыңызда болсын! Осы
    машинаны орнату үшін керек болған
    электр және су беру мен
    канализация жүйесіне қосу
    жұмыстарын тек қана білікті
    электрик, сантехник немесе білікті
    маман атқаруы керек.
    Жиһаз астына орнату (раковина немесе
    ас үй үстелі)
    Машинаны орналастырмас бұрын орам
    материалдарының барлығын алыңыз.Мүмкін болса, машинаны су құбырының
    шүмегі мен канализацияға қосылатын
    жердің қасына орналастырыңыз.
    24  electrolux
     
    						
    							Машинаның үстіңгі жұмыс тақтасын
    алып тастап, оны раковинаның астына
    не алдын ала орнатылған жұмыс
    үстелінің астына, өлшемдері суретте
    көрсетілгендей қуысқа орналастырыңыз.
    Келесі әрекеттерді орындаңыз:
    • Машинаның жұмыс тақтасын екі артқы
    бұранданы(1)бұрап алу арқылы
    босатыңыз да, жұмыс тақтасын
    машинаның арт жағынан(2) тартып
    шығарып, көтеріп тұрған қалпы
    алдыңғы саңылаулардан сырғытып
    шығарыңыз(3).
    Машинаның биіктігін өзгертпелі аяқтар
    арқылы лайықтап алған соң, оны қуысқа
    туралап кіргізіңіз. Машинаны орнатқан
    кезде су құятын және жуындыны
    ағызатын түтікшелердің шиеленісіп
    немесе басылып қалмағанына көз
    жеткізіңіз.
    Ыдыс жуғыштың ішкі құрамдас
    бөлшектеріне қатысты жұмыстар
    жүргізілгенде, оны міндетті түрде электр
    желісінен ажыратыңыз.
    Машинаны орнатқаннан кейін, жөндеу
    қажет болған жағдайда жөндеу
    қызметкері оған оңайлықпен қол
    жеткізетіндей болуын тексеріңіз.
    Ыдыс-аяқ жуатын машина келешекте
    жеке тұрса, оның жұмыс тақтасы
    қайтадан өз орнына қондырылуы керек.
    Жеке тұрған машинаның қабырғасының
    төменгі жағы реттеуге келмейді.
    Тіктеп орнату
    Машинаның есігі жақсы жабылу үшін оны
    дұрыс тіктеп орнатудың маңызы зор.
    Машина дұрыс тіктеліп орнатылса, оның
    есігі ашылғанда, шкафтың екі жағы
    тұтылып қала бермейді.
    Егер есік дұрыстап жабылмаса,
    өзгертпелі аяқтар арқылы машинаны
    жөндеп тіктеп қойыңыз.
    Суға қосу
    Сұ құбырына қосылу
    Бұл құрылғыны не ыстық не (макс.
    60°С)суық су желісіне қосуға болады.
    Ыстық суға қосқан кезде тұтынылатын
    қуаттың көлемі әжептәуір азаяды. Бұл
    дегенмен, ыстық судың қалай
    алынатындығына байланысты. (Біз
    қоршаған ортаға неғұрлым зиянсыз
    қуаттың басқа да альтернативті түрлерін
    мысалы, күн қуатын, фотоэлектрліпанель мен жел қуатын пайдалануды
    ұсынамыз).
    Бұл тығырық су құбырына қосылымды
    жүзеге асыру үшін, машинаның су
    беретін түтігіне лайықтап жасалған,әрі ¾
    бұралып түтікке түйістіруге немесе
    жедел жалғастыратын шүмекке қосуға
    арналған.
    Су қысымы "Техникалық деректер"
    бөлімінде берілген шектер шегінен
    аспауға тиіс. Аймағыңыздағы су
    electrolux  25
     
    						
    							құбырларындағы орташа қысым туралы
    мәліметті жергілікті сумен қамтамасыз
    ететін мекемеден аласыз.
    Су беретін шлангты қосып жатқанда ол
    майысып, жаншылып, не шиеленісіп
    қалмаған болуы керек.
    Ыдыс жуғыш машинаның
    функциялары,контргайканың көмегі
    арқылы солға не оңға қарай бұрыла
    алатындай етіп орнатылған түтіктерді
    сумен толтырып және жуынды судан
    босатып беріп отырады. Су ағып кетпес
    үшін контргайка дұрыс орнатылуға тиіс.
    Назар аударыңыз! Ыдыс
    жуғыштардың барлық үлгілері
    бірдей контргайкамен жабдықталған
    су беру және жуындыны жіберу
    түтіктерімен ҚАМТАМАСЫЗ
    ЕТІЛМЕГЕН. Аталмыш жуғышта бұл
    құрылғы қарастырылмаған.
    Егер бұл құрылғы жаңа құбырларға
    немесе ұзақ уақыт пайдалануда
    болмаған құбырларға қосылмақ болса,
    су қабылдайтын түтікті қоспас бұрын,
    суды бірнеше минут ағызып қойыңыз.
    Ескі машиналарда қолданылған
    түтіктерді ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
    Бұл құрылғы аталмыш машинада
    қолданылған судың таза ауыз су
    жүйесіне қайта барып қосылуынан
    сақтандыратын қауіпсіздік
    құралымен жабдықталған. Бұл
    құрылғы қолданыстағы
    сантехникалық ережелерге сай
    келеді.
    Қорғауыш клапаны бар су қабылдайтын
    түтік
    Қос қабатты су қабылдайтын түтікті
    қосып болғаннан соң, қорғауыш клапан
    шүмектен кейін орналасады. Сол себепті
    су беретін түтік су ағып тұрған сәтте ғана
    қысымды болады. Суды қабылдайтын
    түтіктен су кетсе, қорғауыш клапан су
    беруді тоқтатады.
    Су қабылдайтын түтікті орнатқан кезде,
    келесі кеңестерге назар аударыңыз:
    • Қорғауыш клапанға келетін электр
    тоғының сымы қос қабатты түтіктің
    ішіне енгізілген. Су қабылдайтын
    түтікті немесе қорғауыш клапанды суға
    батырмаңыз.• Егер су қабылдайтын түтік немесе
    қауіпсіздік клапаны бұзылса,
    машинаны электр желісінен ажыратып
    қойыңыз.
    • Қорғауыш клапаны бар су
    қабылдайтын түтікті МІНДЕТТІ ТҮРДЕ
    жергілікті қызмет көрсету
    орталығының қызметкері ауыстырып
    беруге тиіс.
    Назарыңызда болсын! Қатерлі
    кернеу
    Кір су жүйесіне қосу
    Кір суды ағызатын түтікті келесі жолмен
    жалғауға болады:
    1. Оны раковинаның түтікшесінің
    сыртқы жағына бекіте орналастыру
    керек. Бұл раковинадан ағып жатқан
    жуынды судың машинаға құйылып
    кетуінен сақтайды.
    2. Вентиляциялық тесігі бар құбырға сай
    келу үшін, ішкі диаметрі ең кем
    дегенде 4 см болуы керек.
    max 85 cm
    min 40 cm
    max 400 cm
    Жуынды суды төгетін түтікше ыдыс
    жуғыш машинаның не сол жағына, не оң
    жағына қарап тұруы керек
    Түтіктің майысып, не болмаса
    жаншылып қалмағандығына көз
    жеткізіңіз, себебі бұл жуынды судың баяу
    ағуына әкеліп соғады.
    Раковина тесігін машина суын төгіп
    жатқанда тығындамау керек, себебі ағып
    жатқан кір су машинаға кері құйылып
    кетуі мүмкін.
    26  electrolux
     
    						
    							Егер кір су түтігін ұзартқышты
    пайдаланып отырсаңыз, оның ішкі
    диаметрі құрылғымен бірге жеткізілген
    түтіктің диаметрінен кіші болмауға тиіс.
    Машинаны кір су құбырына қосу үшін
    пайдаланылған муфталардың ішкі
    диаметрі де, құрылғымен қатар
    жеткізілген түтік диаметрінен кем
    болмауға тиіс.
    Кір суды ағызатын түтікті раковинаның
    астындағы түтікке қосар кезде, оның
    сыртындағы пластмасса қабықты
    тұтастай(A) алып тастау қажет. Бұл
    пластмасса қабықты алып
    тастамасаңыз, тамақ қалдықтары
    біртіндеп суды канализацияға жіберетін
    түтікті қосатын түтікшені толтырып қоюы
    мүмкін.Біздің құрылғыларымыз кір судың
    машинаға құйылып кетуіне жол
    бермейтін қауіпсіздік құралымен
    жабдықталған. Раковинаңыздың
    түтігі "қайтармайтын клапанмен"
    жабдықталса, онда бұл кір судың
    машинадан дұрыс ақпауына әкеліп
    соғуы мүмкін. Сондықтан да біз бұл
    клапанды алып тастауға кеңес
    береміз.
    Орнатқаннан кейін су ағып кетпес
    үшін су қосылымдарының берік
    екендігіне көз жеткізіңіз.
    Электртоғына қосу
    Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
    стандарттарының талабына сәйкес
    машина жерге қосылған болуы
    керек.
    Бұйымды бірінші рет пайдаланар
    алдында, жергілікті электр қуаты
    көзінің кернеуі және оның берілу түрі
    техникалық талаптар
    тақтайшасында көрсетілген
    талаптарға сай келетіндігіне көз
    жеткізіңіз. Сонымен қатар,
    сақтандырғыштың техникалық
    сипаттамасын да техникалық
    талаптар тақтайшасынан табуға
    болады
    Электр қосқышын әрқашан
    тұйықталудан сақтандырылған,
    дұрыс орнатылған розеткаға
    қосыңыз.
    Бірнеше құрылғыларды тоқ көзінен
    қоректендіретін қосқыштарды,
    біріктіргіштерді және ұзартқышкабельдерді пайдалануға
    болмайды. Олар қызып кетіп, өрт
    шығу қаупін тудыруы мүмкін.
    Егер қажет болса, үйіңіздегі электр
    желісіндегі розетканы ауыстырып
    алыңыз. Егер электр кабелін
    ауыстыру қажет болса, жергілікті
    қызмет көрсету орталығымен
    хабарласыңыз.
    Бұйымды орнатып болғаннан кейін,
    бұймды тоқ көзіне қосқыш қол жетер
    жерде болуы керек.
    Қосқышты электр желісінен ажырату
    үшін, ешқашан оның сымынан
    тартпаңыз. Әрдайым қосқышты
    қолмен тартып шығарыңыз.
    Жоғарыда көрсетілген сақтық
    шаралары жүзеге
    асырылмағандықтан орын алған
    ақаулықтар үшін өндіруші жауапты
    болмайды.
    electrolux  27
     
    						
    							Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар
    Бұйымдағы немесе бұйым
    қорапшасындағы  
      белгісі осы бұйым
    кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп
    білдіреді. Сондықтан оны ескі электр
    және электроникалық бұйымдарды
    жинап утилизация үшін арнайы
    контейнерлерге салуыңыз керек. Осы
    бұйымды дұрыс түрде утилизация
    арқылы Сіз қоршаған орта менен адам
    денсаулығына түсіп пайда бола алатын
    зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса
    аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс
    емес қолданғанда пайда болуы мүмкін.
    Осы бұйымның утилизациясы туралы
    көбірек білуіңіз үшін жергілікті
    әкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап
    әкететін мекемеңізбен немесе осы
    бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен
    хабарласыңыз.
    Буып-түйетін материал
    Буып-түйетін материалдар қоршаған
    ортаға зиян келтірмейді және оларды
    қайта өңдеуге болады. Пластмассадан
    жасалған құрамдас бөліктер олардағы
    белгілер бойынша анықталады,
    мысалы, >PEPS
    						
    							electrolux  29
     
    						
    All Electrolux manuals Comments (0)

    Related Manuals for Electrolux Esf 47005 Kazakh Version Manual