Electrolux Enb 34933 X Kazakh Version Manual
Here you can view all the pages of manual Electrolux Enb 34933 X Kazakh Version Manual. The Electrolux manuals for Fridge freezer are available online for free. You can easily download all the documents as PDF.
Page 1
Қолдану туралы нұсқаулары Инструкция по эксплуатации kullanma kılavuzu Інструкція Тоңазытқыш-мұздатқыш Холодильник-морозильник Buzdolabı Холодильник-морозильник ENB34933W ENB34933X ENB38933W ENB38933X
Page 2
Electrolux. Thinking of you. Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб- сайтынан танысыңыз. МАЗМҰНЫ Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2 Басқару панелі 5 Бірінші қолдану 8 Əркүндік қолдану 8 Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер 10Күту менен тазалау 12 Не істерсіңіз, егер... 12 Техникалық сиппатама 14 Орнату 14 Қоршаған орта мəселелері 16 Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен...
Page 3
тамақты жəне/немесе сусындарды сақтау үшін арналған. •Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында ешқандай механикалық немесе кез келген басқа жасанды құралды пайдаланушы болмаңыз. •Өндіруші рұқсат бермеген болса, тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа электр құрылғыларды (балмұздақ жасайтын құрылғы сияқты) салып қолданушы болмаңыз. •Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым келтірмеңіз. •Құрылғының салқындатқыш зат ағатын жүйесінде изобутан (R600a) жəне қоршаған ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ сонда да жанғыш...
Page 4
Күтім жəне тазалау •Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр желісіндегі розеткадан суырып алыңыз. Егер желідегі розеткаға қолыңыз жетпесе, ток желісін өшіріп қойыңыз. •Құрылғыны металл заттармен тазаламаңыз. •Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір заттарды пайдаланбаңыз. Пластик қырғышты пайдаланыңыз. •Еріген суды жинайтын табақшаны мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет болса, табақшаны тазалап отырыңыз. Табақша толып қалған жағдайда су құрылғының астыңғы жағына жиналады....
Page 5
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ 1 7 6 5 2 3 4 1Тоңазытқыш температурасын реттеу тетігі Минус түймешігі 2Тоңазытқыш температурасын реттеу тетігі Плюс түймешігі 3ON/OFF түймешігі OK түймешігі 4Мұздатқыш температурасын реттеу тетігі Плюс түймешігі Таймер тетігі 5Бейнебет 6Мұздатқыш температурасын реттеу тетігі Минус түймешігі Таймер тетігі 7Mode түймешігі Түймешіктердің алдын ала қойылған дыбысын қаттырақ етіп өзгерту үшін Mode түймешігін 7 жəне минус түймешігін 6 бірнеше секунд бірге басу керек. Осыны қайта өзгертуге...
Page 6
Өшіру Құрылғыны сөндіру үшін, мына əрекеттерді орындаңыз: 1.Мына ON/OFF түймешікті 5 секунд басыңыз. 2.Бейнебет сөнеді. 3.Құрылғыны электр желісінен ағыту үшін, ашаны розеткадан суырыңыз. Тоңазытқышты сөндіру Тоңазытқышты сөндіру үшін: 1.Тиісті белгіше көрінгенше Mode түймешігін басыңыз. Тоңазытқыш сөндірулі индикаторы жыпылықтайды. Тоңазытқыш индикаторында үзік сызықшалар көрінеді. 2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз. 3. Тоңазытқыш сөндірулі индикаторы көрсетіледі. Тоңазытқышты іске қосу Тоңазытқышты...
Page 7
3.Балалар құлпы индикаторы өшеді. Демалыс функциясы Бұл функция ұзақ демалысқа кетерде жағымсыз иіс пайда болмастан тоңазытқышты жабық əрі бос ұстауға мүмкіндік береді. Өте маңызды! Демалыс функциясы іске қосулы тұрғанда, тоңазытқыш камерасы бос болуға тиіс. Функцияны іске қосу үшін: 1.Тиісті белгіше пайда болғанша Mode түймешігін басыңыз. Демалыс индикаторы жыпылықтайды. Тоңазытқыш температурасының индикаторы орнатылған температураны бірнеше секунд көрсетеді. 2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз. Демалыс...
Page 8
Өте маңызды! Функция тоңазытқыштың басқа орнатылған температурасын таңдау арқылы ажыратылады. Action Freeze функциясы Функцияны іске қосу үшін: 1.Тиісті белгіше пайда болғанша Mode түймешігін басыңыз. Action Freeze индикаторы жыпылықтайды. Мұздатқыш температурасының индикаторы белгішесін бірнеше секунд көрсетеді. 2.Құптау үшін OK түймешігін басыңыз. Action Freeze индикаторы көрсетіледі. Анимация басталады. Бұл функция 52 сағат өткенде автоматты түрде тоқтайды. Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай...
Page 9
бөлме температурасында жылытуға болады. Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ болады. Жылжымалы сөрелер Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді қажетті қатарға орналастыруға арналған бірнеше бағыттағыш жолдар бар. Бөтелке сөресі Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып) алдын ала орналастырылған сөреге қойыңыз. Өте маңызды! Сөре көлденең орналастырылған болса, тек жабық бөтелкелерді ғана қойыңыз. Ашылған бөтелкелерді сақтау...
Page 10
Суырманың астында құрылғының астыңғы бетінде түзілуі мүмкін ылғалдан жеміс-жидек пен көкөністі бөліп тұратын тор (егер бар болса) бар. Тартпаның ішіндегі бөлшектердің барлығын тазалау үшін алуға болады. FreshZone тартпа Тартпа FreshZoneбалық, ет, теңіз өнімдері сияқты жас тағамдарды сақтауға қолайлы, себебі бұл жердің температурасы, тоңазытқыштың басқа жеріндегі температурадан төмен. Мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан алу Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ алынып қалуға немесе құлап кетуге жол бермейтін...