LG Ga B439 Bvca Ukrainian Version Manual
Have a look at the manual LG Ga B439 Bvca Ukrainian Version Manual online for free. It’s possible to download the document as PDF or print. UserManuals.tech offer 1069 LG manuals and user’s guides for free. Share the user manual or guide on Facebook, Twitter or Google+.
41 ІСКЕ ПАЙДАЛАНУ Тоңа зытқыш жəне мұздатқыш бөлімшел ердегі те мперат ураны қалай р етте у керек • Тоңа зытқы ш жəне мұз датқы ш бөлімше лердегі баст апқы темпера ту ра тиісінше 3 °C жəне −20 °C. Енді тү рлі бөлімше лердегі темпера ту раны қала уыңыз бойы нша ре ттеуг е бо лады. Сыр тқы дисплейi, 1-тұрпа т Сыр тқы дисплейi, 2-тұрпа т Ішкі дисплейi ЕСКЕРIМ Ж арық дио дты (LED) б ейнебетт е көрсе тілетін т емпера ту ра т оңазытқы штың ішіндегі нақ ты т емпера ту ра емес, жоспа рлы темпера ту ра бо лып табылады, се бебі нақт ы темпера ту ра а зық-түлі ктің күй іне қарай өз геріп о тырады. Баст апқы ке зеңде мұ зда ту ф ункциясы бəсең жұмыс іст ейді. Т оңа зытқы ш кем де генде 2~3 күн жұмыс іст егеннен кейін т емпера ту раны жоғарыда к е лтіріл ген су реттемег е сəйк ес реттеңіз. Оңтайлы те мпература айм ағы (жылдам суыт у) • Түйм ешік ті б асып, көкөністі немесе жеміс-жидек ті (едəуір төме н сақтау т емпера ту расы бо лғанда) немесе ет сияқ ты, мұзын жібі ту қаже т басқа а зық -түлі кті сақт ау үшін оң тайлы т емпера ту раны таңда уға бо лады. • Мұнда қандай азық -түлік сақт алатынына қарай, т емперату ралар дың оң тайлы а уқымы н т аңд ауға бо лады. Сыр тқы ре ттегіш, 1-тұрпа т • Екі р ежим ұсынылады: көкөніс пен жеміс-жидек ті (2 °C) жəне е т немесе б алық ты (−1 °C) сақт ау үшін. • Осының арқасында көкөніс жəне суық та сақ тала тын, ылғалдылық ты ре ттеуді қаже т е те тін а зық-түлік, жəне ет пен балық көбірек балғын күй інде қала алады. • VEGE шамы (көк өніс) жапнып тұрғанда, OPTI T emp Zone (оң тайлы т емпера ту ра айм ағында) көкөніс пен жеміс-жидек ті сақ та у үшін оң тайлы т емпе ра ту ра орна тылған. MEA T шамы (е т) жанып тұрғанда, OPTI Temp Zone (оң тайлы т емпера ту ра айм ағында) етті немесе б алық ты сақ та у үшін оң тайлы т емпера ту ра орн атылған. • Жылдам суы ту бөлімшесіндегі т емпера ту ра қ оршаған о ртаның т емпера ту расынан тə уе лсіз, −2 °C~3 °C деңг ейінде сақ талады. Жылдам суы ту бөлімшесі ерекше темпера ту ралық айм ақ бо лып табылады. ҚАЗАҚША
42 • Сіз жылдам мұздату функциясын пайдалана аласыз. • Бұл функция азық-түлікті жылдам мұздату қажет болғанда қолданылады. «EXPRESS FRZ.» (жылдам мұздату) түймешігін бір рет басыңыз. «EXPRESS FRZ.» (жылдам мұздату) шамы жанады да, жылдам мұздату басталады. • Жылдам мұздатуға шамамен 24 сағат кетеді. Осы операция аяқталғаннан кейін тоңазытқыш алдыңғы күйіне (бұрын орнатылған температуралық режимге) автоматты түрде ауысады. Егер сіздің жылдам мұздату операциясын тоқтатқыңыз келсе, «Express Frz.» түймешігін тағы бір рет басыңыз, шам сөнеді де, жылдам мұздату операциясы тоқтайды, ал тоңазытқыш алдыңғы күйіне (алдыңғы температуралық режимге) оралады.Жылдам мұздату «EXPRESS FRZ.» Сыртқы дисплейi, 1-тұрпат Сыртқы реттегіш, 2-тұрпат Ішкі реттегіш Жылдам мұздату режимін іске қосу үшін жарық диодты коллектив индикаторы бар 1-тұрпатты сыртқы реттегіштегі «EXPRESS FRZ./ECO FRIENDLY» түймешігін басыңыз. «ECO FRIENDLY» режимін іске қосу үшін түймешікті тағы бір рет басыңыз. Түймешікті үшінші рет басқан кезде екі режим де ажыратылады да, тоңазытқыш алдыңғы температуралық режимге оралады. ЕСКЕРIМ «Eco Friendly» режимі іске қосулы тұрғанда («ON» (қосу) шамы жанады), басқа түймешіктер жұмыс істемейді. Егер бұл функция Сізге енді керек болмаса, аспапты алдыңғы температуралық режимге қайтару үшін «Eco Friendly» түймешігін басыңыз да, басқа түймешіктерді іске қосыңыз. «ECO FRIENDLY» • Бұл функция электр қуатын үнемдеу режимін іске қосады, ол Сіз демалыс күндері үйден кеткен жағдайда ыңғайлы. Ол қуат тұтыну көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл функцияны іске қосу үшін «ECO FRIENDLY» түймешігін басыңыз, шам жанады. Түймешікті қайтадан басқан кезде, бұл функциясы ажыратылады. Сыртқы дисплейi, 1-тұрпат Сыртқы дисплейi, 2-тұрпат Ішкі реттегіш ІСКЕ ПАЙДАЛАНУ
43 77 Өзін өзі тексеру • Бұл функция тоңазытқышта ақаулықтар барын автоматты түрде анықтайды. • Ақаулық пайда болған жағдайда, немесе түймешік жұмыс істемесе немесе дисплейі дұрыс жұмыс істемесе, тоқ көзінен ажыратпастан, дереу жергілікті сервис орталығына хабарласыңыз. • Егер тоңазытқышты тоқ көзінен суы рып қойсаңыз, соңынан қызметтер көрсетуші инженерге ақаулы элементті анықтау үшін көп уақыт керек болады. Бұғаттау Жарық диодты бейнебет бар үлгі үшін: • «CHILD LOCK» түймешігін басқан кезде басқа түймешіктердің жұмысы тоқтайды. • «СHILD LOCK» түймешігі – бұғатты іске қосады жəне ажыратады. Тоңазытқыштың бейнебетін бұғаттау/бұғатын ағыту үшін «CHILD LOCK» түймешігін басып, 3 секунд бойы ұстап тұрыңыз. • «СHILD LOCK» түймешігі іске қосулы тұрғанда басқа түймешіктер жұмыс істемейді жəне басқан кезде қосылмайды. Ашу Жабу Ашу Тығыз жабылмаған есік туралы ескерту сигналы • Егер тоңазытқыштің есігі біраз уақыт ашық тұрса, дыбыстық белгі іске қосылады. • Егер ескерту сигналы есік жабылғаннан кейін де жалғаса берсе, сервис орталығына хабарласыңыз. • Тығыз жабылмаған есік туралы ескерту сигналын «Door Alarm» түймешігін қысқа- қысқа басу арқылы іске қосуға жəне ажыратуға болады Қосу/Өшіру • Осы түймешіктің көмегімен тоңазытқыш іске қосылады жəне өшіріледі. • «ON/OFF» түймешігі келесі əрбір басылған сайын тоңазытқыш іске қосылады жəне өшіріледі. (Тоңазытқышты өшіру үшін «ON/OFF» түймешігін басыңыз да, 7 секунд бойы ұстап тұрыңыз. Тоңазытқышты іске қосу үшін осы түймешікті қысқа ғана басыңыз). Қосу Өшіру Тоңазытқыш бөлімше (тек кейбір үлгілерге қолданылады) 1. Көкөніс салатын тартпалы жəшік 2. Тағамды саумал сақтау аймағы «0» 1. Көкөніс салатын тартпалы жəшікКөкөніс пен жеміс-жидекті сақтауға арналған. 2. Тағамды саумал сақтау аймағы «0» Тек етті немесе балықты сақтауға арналған. Көкөніс немесе жеміс-жидек бұл бөлімшеде үсіп кетуі мүмкін. Тағамды саумал сақтау «0» аймағындағы температураны былайша өзгертуге болады: • Тоңазытқыш бөлімшеде 6 °C температура орнатылғанда, тағамды саумал сақтау «0» аймағындағы температура 4 ± 2 °C болады. • Тоңазытқыш бөлімшеде 3 °C температура орнатылғанда, тағамды саумал сақтау «0» аймағындағы температура 0 ± 2 °C болады. • Тоңазытқыш бөлімшеде 0 °C температура орнатылғанда, тағамды саумал сақтау «0» аймағындағы температура –3 ± 2 °C болады. Қосу Өшіру Қосу ІСКЕ ПАЙДАЛАНУ ҚАЗАҚША
44 Тартпалы жəшікті немесе оңтайлы температура аймағындағы тартпалы жəшікті (негізгі жинаққа кірмейді) қалай алу керек • Тартпалы жəшікті алып шығу үшін оны өзіңізге қарай түгел тартыңыз да, содан кейін екі қолыңызбен жоғары көтеріңкіреңіз. Тартпалы жəшіктің қақпағын қалай алу керек • Көкөніске арналған тартпалы жəшікті алып шығу үшін оны өзіңізге қарай тартып, жоғары көтеріңіз. Қақпақтың алдыңғы жағын көтеріп, өзіңізге қарай тартыңыз. ІСКЕ ПАЙДАЛАНУ Əуелі астыңғы себетті сəл жоғары көтеріп есіктен алып шығыңыз. Жəшікті түбіне дейін бері тартыңыз, оның алдыңғы жағын сəл көтеріп, өзіңізге тартыңыз да, алып шығыңыз. Көкөніс салатын тартпалы жəшікті
45 Шөлмектерді сақтауға арналған тұғыр Шөлмектерді сақтауға арналған тұғырда шөлмектерді сақтауға болады. Шөлмектерге арналған тұғырды аударып, сөренің астына қоюға болады. Бұл астыңғы сөреде көп орын босатуға мүмкіндік береді. Тұғыр пайдаланылады Тұғыр пайдаланылмайды Алмалы шыны сөре Сөрені тоңазытқыштан алып шығу үшін əуелі сəл көтеріңкіреңіз 1, содан кейін алып шығыңыз 2 . Сөрені алған кезде дұрыс əрекет етпеген жағдайда, тоңазытқыштің ішкі беттерін бүлдіріп алуға болады. 1 2 ІСКЕ ПАЙДАЛАНУ ҚАЗАҚША
46 Тоңазытқышқа биік заттарды, мысалы, шөлмектерді қою үшін сөренің алдыңғы жартысын көтеріп, оны артқа сырғыту қажет. Сөрені бастапқы қалпына қайтару үшін оны көтеріңіз де, өзіңізге қарай тартыңыз.Жиналмалы шыны сөре Мұз дайындау Мұз салатын науасы бар сауытты алып шығыңыз. Мұз салатын науаның көрсетілген деңгейіне дейін су құйыңыз да, орнына қойыңыз. Мұз салатын науасы бар сауытты мұздатқыш бөлімшенің үстіңгі немесе ортаңғы жəшігіне қоюға болады. Егер мұз текшелері тез қажет болса, «EXPRESS FRZ.» (жылдам мұздату) түймешігін немесе «EXPRESS FRZ./ECO FRIENDLY» (жылдам мұздату/қоршаған орта үшін қауіпсіз) (үлгісіне қарай) түймешігін басыңыз. Мұз текшелерін алып шығу үшін науаны екі шетінен ұстап, сəл ғана бұраңыз. КЕҢЕС Мұз текшелері оңай алынуы үшін əуелі науаның үстінен су құйыңыз. ІСКЕ ПАЙДАЛАНУ
47 12 2 3 1 Мұздатқыш бөлімшедегі тартпалы жəшіктерді алып шығу жəне орнату • Тоңазытқышта жақсы ауа айналымын қамтамасыз ету үшін мұздатқыш камерадағы жəшіктерді түбіне дейін тіреп қою керек. • Егер мұздатқыш камерада азық-түліктің көп мөлшерін сақтау қажет болса, мұздатқыш бөлімшенің үстіңгі жəне ортаңғы жəшіктерін алып шығып, азық-түлікті тікелей торлы сөреде сақтауға болады. • Мұздатқыш камерада торлы сөрелер бар, олар азық-түлік сақтайтын орынды барынша үлкейтуге мүмкіндік береді. • Мұздатқыш камераның жəшіктерінің бірін алып шығу үшін, төмендегі əрекеттерді іске асырыңыз: 1. Жəшікті өзіңізге қарай түгел тартыңыз; 2. Жəшіктің алдыңғы бөлігін көтеріңіз де, алып шығыңыз. • Жəшікті мұздатқыш камераға қайта орнату үшін сол əрекеттерді кері реттілікпен орындаңыз: 1. Жəшікті бағыттауыштарға 45° градус еңістеп орнатыңыз; 2. Оның алдыңғы жағын бағыттауыштармен бір деңгейге түсіріңіз; 3. Жəшіктің қисайып тұрмағанын тексеріңіз. Жəшікті түбіне дейін итеріп кіргізіңіз. Жəшіктер мен сөрелерді шығарған кезде артық күш салмау керек – бұл тоңазытқыштың бұзылуына себеп болуы мүмкін. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ІСКЕ ПАЙДАЛАНУ ҚАЗАҚША
48 Азық сақтау • Тоңазытқышта банан мен қауын сияқты, төмен температурада жылдам бүлінетін азық-түлікті сақтамаған дұрыс. • Ыстық тамақты тоңазытқышқа қоярдан бұрын суытып алыңыз. Суымаған ыстық тағамдар тоңазытқышқа қойылғанда, басқа тағамдардың бүлінуіне əкелуі мүмкін. • Азық-түлікті сақтаған кезде қақпағы бар ыдыс-аяқты пайдаланыңыз. Бұл ылғалдың буланып ұшуына кедергі жасайды жəне азық-түліктің дəмі мен нəрлі заттарын сақтауға көмектеседі. • Желдеткіш саңылауларды азық-түлікпен бөгеп тастамаңыз. Суық ауаның үздіксіз айналуы тоңазытқыштағы тұрақты температураны ұстауға мүмкіндік береді. • Есіктерді жиі аша беруге болмайды. Есіктер ашылған кезде ішіне жылы ауа кіреді де, бұл температураның жоғарылауына əкеледі. • Есікке орнатылған науаларда тым көп азық-түлік сақтамаған жөн, себебі бұл есіктің тығыз жабылуына кедергі жасауы мүмкін. • Шөлмектерді мұздатқыш бөлімшеде сақтамаңыз – қатқан кезде олар сынып кетуі мүмкін. • Бұрын жібіген азық-түлікті қайта мұздатпаңыз. Бұл дəмдік сипаттары мен пайдалы заттарының ысырабына əкеледі. • Тоңазытқышта фармацевтік өнімдерді, ғылыми зерттеулерге арналған материалдарды немесе температураға осал келетін басқа өнімдерді сақтамау керек. Тоңазытқышта температуралық режимнің қатаң сақталуын талап ететін азық-түлікті сақтауға болмайды. • Егер жылы тағамдарды жылдам мұздату қажет болса, оларды мұздатқыш камераның астыңғы жəшігіне салыңыз да, «Express Frz.» (жылдам мұздату) түймешігін басыңыз. • Тоңазытқышта жақсы ауа айналымын қамтамасыз ету үшін мұздатқыш камерадағы жəшіктерді түбіне дейін тіреп қою керек. Тазалау 1. Тазалау алдында. Электр қуатының ажыратылғанына көз жеткізіңіз. 2. Сырты мен іші. Тоңазытқыш-мұздатқыштың сыртқы жағын ыстық суға малынған таза шүберекпен немесе сұйық жуғыш затпен жуу керек. Жуғыш зат қолданылған жағдайда, оны соңынан таза сулықпен сүрту қажет. 3. Тазалағаннан кейін. Қуат сымының бүлінбегенін, ашаның қатты қызып кетпегенін, оның розеткаға мықтап сұғылғанын тексеріңіз. Тоңазытқышты жуғаннан кейін оны құрғақ сулықпен əбден құрғатып сүрту қажет. Түрпілі заттарды, бензинді, бензолды, еріткішті, хлоргидратты, ыстық суды, қатты шөткені жəне т.с.с. пайдалануға тыйым салынады, себебі бұл тоңазытқыш- мұздатқыштың бұзылуына əкелуі мүмкін. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! САҚ БОЛЫҢЫЗ! АЗЫҚ САҚТАУ НҰСҚАМАЛАРЫ КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
49 Жалпы мəлімет• Протиконденсатну трубку прокладено навколо лицьового боку холодильника, з метою не допущення конденсації. Электр қуатының ажыратылуы: Электр қуатының 1~2 сағаттық үзілісі сақталатын азық-түлікке зиян келтірмейді. Осы уақытта тоңазытқыштің есігін сирек ашып-жабуға тырысыңыз. Көшіп-қонған кезде: • Тоңазытқыштан барлық азық-түлік пен басқа заттарды алып шығыңыз. Ішіндегі алмалы бөліктерін (сөрелер, жəшіктер, есіктегі науалар) мықтап бекітіңіз. • Тоңазытқыштың реттелмелі аяқтарын бүлдіріп алмас үшін, тасымалдау алдында оларды сағат тілінің бағытына қарсы бұрап қойыңыз. • Тоңазытқыш жабық көлікпен, тігінен тұрған қалыпта тасымалдау керек. Тасымалдау кезінде машинаның ішінде соғылуын немесе құлауын болдырмау үшін тоңазытқышты машинада мықтап бекіту қажет. • Тиеген жəне түсірген кезде тоңазытқышты соғылудан сақтау керек. Ылғал түзілуіне қарсы түтік: • Бұл жерлерде əсіресе орнатқаннан кейін дереу немесе қоршаған ортаның температурасы жоғары болғанда, тоңазытқыш тым қатты қызып кетуі мүмкін. Ылғал түзілуіне қарсы түтік КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ Алдым тоңазытқыштың ішіне ал-: • Суық уақыты жылды мұздатқыш азырақ 12 уақыттар тасымалынен жене құрылыстен кейің қосын жебереді жоқ. ҚАЗАҚША
50 Есіктерін ауыстырып ілу Тоңазытқыш сіздің ас үйіңіздің қалай жоспарланғанына қарай, есіктері кез келген жаққа, оңға немесе солға қарай ашыла алатын етіп жобаланған. Алайда, егер Сізге есіктерді ауыстырып ілу қажет болса, қызмет көрсетуші маманды шақырған жөн. Ескерту Есiк багытын өзгерту кепілдендірумен қамтылмайды. Тоңазытқыштың жұмысының ерекшеліктері Шамды ауыстыру 1. Қуат сымының ашасын розеткадан суырыңыз. 2. Шамның қақпағын артынан төмен қарай тарту арқылы шешіп алыңыз. 3. Шамды сағат тілінің бағытына қарсы бұрап алыңыз да, жаңасымен ауыстырыңыз. 4. Оны құрастыру кері реттілікпен жүзеге асырылады. Жаңа шамның сипаттамалары бұрынғы шамдікімен бірдей болуға тиіс. • Шамның ең үлкен қуаттылығы 30 Вт. • Егер есік ашық тұрса, шам 7 минут жанып тұрады, содан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сөнеді (есік келесі жолы ашылған кезде ол жанады). ЕСКЕРIМЭлектр ұшқындарының пайда болуына жол бермейтін резеңке тығыздағыш шығырды тексеру қажет. Егер шам ұзақ уақыт жанып тұрса, оны қолмен ұстамаңыз, себебі ол өте ыстық болуы мүмкін. Тоңазытқыштың құрамындағы құрылғыларда температураның əсерінен бөтен дыбыстар естілуі мүмкін. Осыған тəн термореттегішпен компрессор қосылғанда естілетін дыбыстар қалыпты болып есептеледі, ол электро құрылғылардың жұмысы кезінде пайда болады. Компрессор жұмыс істемегеннің өзінде, салқындату жұмысын реттейтін хладагент аздап шымырлауы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тоңазытқыштың жұмысы кезінде мынандай дыбыстар естілуі мүмкін: - реле температура құрылғысының сықыры; - тоңазытқыш түтікшелерінде реттеуші хлодогеннің шұрылдауы; - температураның өзгерісінен құрылғылардың сыңғырлауы. Бұл дыбыстардың өз ерекшеліктері бар, жəне олардың бұзылуға қатысы жоқ. САҚ БОЛЫҢЫЗ! САҚ БОЛЫҢЫЗ! САҚ БОЛЫҢЫЗ! КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ